Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 9-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Май ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Май ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 ақпандағы "Май ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" № 49/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6269 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының атауы "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Май ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" болып жаңа редакцияда жазылсын;
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Т. Сарин |
Май ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "5" шілдедегі № 177/7 қаулысына қосымша |
|
Май ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "26" ақпанда № 49/2 қаулысына қосымша |