"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамы мемлекеттiк тiркеу орны бойынша, қызметiн бiрыңғай өндiрiстiк кешенде 1997 жылдың есебi бойынша жүзеге асыратын кәсiпорындар ретiндегi "Мұнаймаш", "Нефтестрой", "Ақтау құрылыс басқармасы", "Химремонтскважин", "Арай", "Бозашы технологиялық көлiк", "Маңғыстауэнергомұнай", "Бұрғышы", "Маңғыстау мұнара", "Маңғыстау технологиялық көлiк", "Ремқазтракт", "Маңғыстау мұнай жолдары", "Шегендеу", "Жетiбай мұнай құрылыс", "Жетiбай технологиялық көлiк", "Мұнайшы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерiнiң бiрыңғай салық төлеушiсi деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi