Қазақстан Республикасының фосфор iшкi саласының бiрқатар акционерлiк қоғамдарының қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 5 наурыздағы N 167

      Қазақстанның фосфор iшкi саласын қаржы-экономикалық сауықтыру, одан әрi дамыту, фосфор iшкi саласының бiрқатар акционерлiк қоғамдары қызметкерлерiнiң әлеуметтiк проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi мен "Қазфосфор" акционерлiк қоғамының заңдарда белгiленген тәртiппен "Қазфосфор" акционерлiк қоғамы мүлкiнiң бiр бөлiгiн "Қаратау" (Жаңатас қаласы), "Нодфос" (Тараз қаласы), "Суперфосфат заводы" (Тараз қаласы) және "Промтранс" (Тараз қаласы) акционерлiк қоғамдарының қызметкерлерiнiң алдындағы берешектерiн өтеуге ауыстырып мемлекетке беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мүлiктi сату жөнiнде ашық инвестициялық тендер өткiзсiн.
      3. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады