Қазақстан Республикасының шетел несие берушiлерi алдындағы мiндеттемелерiн орындау, дефолт фактiлерiне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар бұрын берiлген мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1993 жылғы 4 мамырдағы N 26-14/110, 1994 жылғы 39 маусымдағы N Ф 22-3/42, 1995 жылғы 3 сәуiрдегi N Ф 22-3/5, 1993 жылғы 18 қарашадағы N 22-1-6/38 берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiне, сондай-ақ N 11987 Кепiлдiктi хатына сәйкес шетел банктерi шоттарының негiзiнде дәрменсiз заемшылар үшiн алдағы және мерзiмi өткен төлемдердi (1, 2-қосымшалар), сондай-ақ есептелген айыппұл сомаларын төлем жасалатын күнгi бағам айырмасының өзгеруiн есепке ала отырып, 1998 жылға арналған республикалық бюджетте "Өтеу шегерiлген несиелендiру" бөлiмi бойынша көзделген қаражат шегiнде төлейтiн болсын;
заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды пайдалану жөнiндегi қызметiне қаржылық тексерiс жүргiзсiн және оларды пайдалану тәртiбiн бұзушылық фактiлерi анықталған жағдайда кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тарту мақсатында материалдарды құқық қорғау органдарына, соттарға берсiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi
алынған қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз
етсiн.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 5 наурыздағы
N 168 қаулысына
1-қосымша
Шетелдiк несиелердi өтеу жөнiндегi мерзiмi
өткен төлемдердiң
СОМАСЫ
___________________________________________________________________
Заемшы |Төлем |Төлем |Негiзгi | Проценттер|Басқалары|
ұйым |валютасы|сомасы |борыш | | |
________________|________|__________|________|___________|_________|
Түрiк несие желiсi |
"Жеңiл USD 82 701,26 0,00 80 841,37 1 859,89|
өнеркәсiп" АҚ |
АҚШ несие желiсi |
"Тағам" АҚ USD 11 989,71 0 0 11 989,71|
Жапон несие желiсi |
Қарметкомбинат JPY 247 137,00 0 0 247 137,00|
___________________________________________________________________|
Барлығы | USD | 94 690,97 | 0,00 |80 841,37 | 13 849,60|
________________|_______|___________|________|__________|__________|
| JPY |247 137,00 | 0 | 0 |247 137,00|
________________|_______|___________|________|__________|__________|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 5 наурыздағы
N 168 Қаулысына
2-қосымша
Шетелдiк несиелердi өтеу жөнiндегi
алдағы төлемдердiң
СОМАСЫ
___________________________________________________________________
Заемшы ұйым| Төлем | Төлем |Негiзгi борыш|Проценттер|Басқалары
|валютасы | сомасы | | |
___________________________________________________________________
Канада несие желiсi
"Армавир" USD 250 938,19 217 262,50 33 675,69 0
совхозы
"Аквест" БК USD 949 529,89 757 351,86 192 178,03 0
___________________________________________________________________
Барлығы | USD 1 200 468,08 974 614,36 225 853,72 0
___________________________________________________________________