Алматы қаласының қала маңы аймағы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 17 наурыздағы N 228 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1097 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.22 № 1097 Қаулысымен.

     "Алматы қаласының мәртебесi және оны одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Алматы қаласының қала маңы аймағы 1-қосымшаға сәйкес шекарада;
      Алматы қаласының қала құрылысы тұрғысынан айрықша реттелетiн аймағы 2-қосымшаға сәйкес шекарада белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 17 наурыздағы
                                            N 228 Қаулысына
                                               1-қосымша

                 Алматы қаласының қала маңы аймағы

                           Шығыс шекарасы

      Қала маңы аймағының шекарасы Қаскелең өзенiнiң Iле Алатау мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң солтүстiк шекарасымен қиылысқан жерiнен өзен арнасының шығыс жағын бойлай отырып, солтүстiк бағытта Қаскелең қаласының шекарасымен қиылысқан жерден басталады, одан әрi күншығыс бағытта Қаскелең қаласы шекарасының бойымен Қаскелең қаласына апаратын жолмен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, күншығыс бағытта, осы жолдың оңтүстiк жағының бойымен Алматы-Бiшкек трассасымен қиылысқан жерге дейiн Алматы-Бiшкек трассасының бойымен Қаскелең өзенiнiң арнасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, солтүстiк бағытта, Қаскелең өзенi арнасының шығыс жағымен Суханово-Шамалған жолымен қиылысқан жерге дейiн, солтүстiк бағытта, Суханова-Шамалған жолының батыс жағымен Шамалған селосының шекарасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, солтүстiк бағытта, Суханово-Шамалған жолының батыс жағымен Шамалған поселкесiнiң шекарасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, солтүстiк бағытта, Шамалған селосы шекарасының бойымен Шамалған-Междуреченск жолымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, солтүстiк бағытта, Шамалған-Междуреченск жолының батыс жағымен Қараой селосының шекарасына дейiн.

                         Солтүстiк шекарасы
 
      Күншығыс бағытта, Қараой селосы шекарасының бойымен, Қараой-Байсерке жолымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, күншығыс бағытта, Қараой-Байсерке жолының солтүстiк жағымен Байсерке селосының шекарасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, күншығыс бағытта, Байсерке селосының оңтүстiк шекарасының бойымен Байсерке-Төңкерiс жолымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, күншығыс бағытта Байсерке-Төңкерiс жолының солтүстiк жағымен Төңкерiс селосының шекарасымен қиылысқан жерге дейiн.
 
                           Батыс шекарасы 
 
      Оңтүстiк бағытта, Төңкерiс селосының солтүстiк шекарасының бойымен Төңкерiс-Ключи жолымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, оңтүстiк бағытта, Төңкерiс-Ключи жолының шығыс жағымен бойлай Құлжа трассасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, күншығыс бағытта, Құлжа трассасының бойымен Новоалексеевка-Талғар жолымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, оңтүстiк бағытта, Новоалексеевка-Талғар жолының бойымен Талғар қаласының шекарасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, батыс бағытта, Талғар қаласы шекарасының бойымен (Қызыл Қайрат селосын қоса алғанда) Талғар өзенiмен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, оңтүстiк бағытта, Талғар өзенi арнасының бойымен Iле Алатауымемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң солтүстiк шекарасымен қиылысқанжерге дейiн.

                         Оңтүстiк шекарасы

     Батыс бағытта, Iле Алатауы мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң солтүстiк шекарасының бойымен Қаскелең өзенiнiң арнасымен қиылысқан жерге дейiн.

                                         Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 17 наурыздағы
                                            N 228 Қаулысына
                                               2-қосымша

       Алматы қаласының айрықша қала құрылысын реттеу аймағы

                           Шығыс шекарасы

      Қатаң қала құрылысын реттеу аймағының шекарасы Ақсай өзенiнiң Iле Алатауы мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң солтүстiк шекарасымен қиылысқан жерден басталады, одан әрi өзен арнасының күншығыс жағын солтүстiк бағытта бойлай отырып, Путь Ильича селосының солтүстiк шекарасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, күншығыс бағытта, поселке шекарасын бойлай отырып, өзен арнасымен қиылысқан жерiне дейiн, солтүстiк бағытта, трассаның Үлкен Алматы каналымен қиылысқан жерiне дейiн, одан әрi, күншығыс бағытта, каналдың бойымен Емалөзек саймен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, солтүстiк бағытта Емалөзек сайының бойымен газ толтыру станциясының оңтүстiк шекарасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, газ толтыру станциясы шекарасының бойымен Ащылысай өзенiнiң арнасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, солтүстiк бағытта Ащылысай өзен арнасының бойымен сарқынды су каналымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, күншығыс бағытта, сарқынды су каналының бойымен Боралдай өзенiнiң арнасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, Боралдай өзенi арнасының саймен қиылысқан жерiне дейiн.
 
                          Солтүстiк шекарасы 
 
      Күншығыс бағытта, сайдың бойымен Көкқайнар (Iле ауданы) селосы бөлiмшесiнiң солтүстiк-батыс шекарасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, күншығыс бағытта, Көкқайнар селосы бөлiмшесiнiң солтүстiк-батыс шекарасының бойымен Көкқайнар бөлiмшесiн негiзгi Көкқайнар поселкесiмен қосатын сүрлеу жолымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, сүрлеу жолдың бойымен, күншығыс бағытта, Тереңқара өзенiнiң арнасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, солтүстiк бағытта Есентай өзенiнiң арнасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, күншығыс бағытта, Есентай өзенi арнасының бойымен Кiшi Алматы өзенiнiң арнасымен қиылысқан жерге дейiн.
 
                            Батыс шекарасы 
 
      Оңтүстiк бағытта, Кiшi Алматы өзенi арнасының бойымен тоғанның шығыс жағалауымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, оңтүстiк бағытта, тоғанның шығыс жағалауымен Дмитриевкаға баратын темiр және автомобиль жолдарымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, күншығыс бағытта, Қарасу селосына баратын жолдың бойымен Қарасу өзенiнiң арнасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, оңтүстiк бағытта, Қарасу өзенi арнасының бойымен Құлжа трактiсiмен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, оңтүстiк-батыс бағытта, Құлжа трактiсiнiң бойымен Әуежай-Калинино трассасымен қиылысқан жерге дейiн, одан әрi, Әуежай-Калинино трассасының бойымен, оңтүстiк-шығыс бағыттан Қотырбұлақ өзенi арнасына дейiн, одан әрi, оңтүстiк бағытта Қотырбұлақ өзенi арнасының бойымен Iле Алатауы мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң солтүстiк шекарасымен қиылысқан жерге дейiн.
 
                          Оңтүстiк шекарасы 
 
      Батыс бағытта, Iле Алатауы мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң солтүстiк шекарасының бойымен Ақсай өзенiнiң арнасымен қиылысқан жерге дейiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады