Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 ақпандағы N 110 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 19 наурыз N 234. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.03. N 1176 қаулысымен. ~P001176

      Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң дене тәрбиесi институттарында жалпы курстық мылтық ату спорты бойынша жоғары бiлiктi жаттықтырушылар мен биатлон және бессайыс бойынша спортшы - жаттықтырушылар даярлау жөнiнде оқу процесiн ұйымдастыру және жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау
туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2
ақпандағы N 110 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулыға "Қазақстан Республикасындағы жекелеген қару
түрiнiң айналымының ережелерi" деген 1-қосымша мынадай мазмұндағы 19-к
қосымшамен толықтырылсын:
     "                                  19-к қосымша
        Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық
        сақтау министрлiгiнiң дене тәрбиесi институттары үшiн
           оқпен атылатын қарулар мен оқ-дәрiлердiң тиесiлiк

                                ТАБЕЛI

     1. Оқ атудан 1-курста есеп алынатын жалпы курс:
     (шұғылданатындардың саны - 200 адам):
     а) 5,6 мм калибрлi 6 мылтық (ТОЗ - 12);
     б) 5,6 мм калибрлi 4 мылтық (ТОЗ - 8);
     Бiр шұғылданушыға бiр жылға арналған оқ-дәрi - 550 дана;
     2. Биатлоншылардың мамандануы, спорттық шеберлiгiн арттыруы,
түрлi масштабтағы спорттық жиындар мен жарыстарға қатысуы:
     5,6 мм калибрлi 11 винтовка (БИ 7-2);
     Бiр шұғылданушыға бiр оқу жылына арналған оқ-дәрiлер:
     1-шi жылы - 4,5 мың дана;
     2-шi жылы - 6 мың дана;
     3-шi жылы - 13,5 мың дана;
     4-шi жылы - 15 мың дана.
     3. Бессайысшылардың мамандануы, спорттық шеберлiгiн арттыруы,
түрлi масштабтағы спорттық жиындар мен жарыстарға қатысуы:
     а) 5,6 мм калибрлi 4 спорттық тапанша (Марголин жүйесi);
     б) 5,6 мм калибрлi 4 спорттық тапанша (МЦУ жүйесi);
     в) 5,6 мм калибрлi бiр спорттық винтовка (БИ 7-2).
     Бiр шұғылданушыға бiр оқу жылына арналған оқ-дәрiлер:
     1-шi жылы - 5 мың дана;
     2-шi жылы - 6 мың дана;
     3-шi жылы - 10 мың дана;
     4-шi жылы - 10мың дана.

    Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады