Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 19 наурыздағы N 235

      "Байланыс-Құрылысшы" және "Актурбо" акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк емес сыртқы заемдарына қызмет көрсету схемасын нақтылаудың қажеттiлiгiне байланысты, сондай-ақ әлеуметтiк-экономикалық маңызы зор жобаларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "АББ Крафтверке АГ" (Германия) фирмасының қатысуымен Ақтөбе жылу электр орталығын қайта жаңарту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 мамырдағы N 392 қаулысында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Несиеге қызмет көрсету (негiзгi борышты, несиелiк проценттердi өтеу, сондай-ақ жолай барлық шығыстарды төлеу):
      қайтарусыз негiзде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен - 21 700 мың (жиырма бiр миллион жетi жүз мың) АҚШ доллары сомасында, несие берiлген сәттен бастап, кредиторлардың алдындағы аталған соманың мөлшерiндегi мiндеттемелер орындалғанға дейiн;
      түпкiлiктi заемшының өз қаражаты есебiнен - кредитордың алдындағы мiндеттемелердi түпкiлiктi орындау үшiн қажеттi қалған соманың мөлшерiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн";
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1993 жылғы 3 маусымдағы N 225 өкiмiнде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Түрiк несие желiсi шеңберiнде ұсынылған несиеге қызмет көрсету (негiзгi борышты, несиелiк проценттердi өтеу, сондай-ақ барлық жолай шығыстарды төлеу):
      қайтарусыз негiздегi республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен - 3 165 мың (3 миллион жүз алпыс бес мың) АҚШ доллары сомасында, несие берiлген сәттен бастап, кредиторлардың алдындағы аталған соманың мөлшерiндегi мiндеттемелер орындалғанға дейiн;
      түпкiлiктi заемшының өз қаражаты есебiнен - кредитордың алдындағы мiндеттемелердi түпкiлiктi орындау үшiн қажеттi қалған соманың мөлшерiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн".
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi түпкiлiктi заемшылардың шетел несиелерiне қызмет көрсету жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету жөнiнде барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады