Қазақстан Республикасында сатып алу үшiн орнын толтыру төлемiне жататын Заем туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша келiссөздер жүргiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 31 наурыз N 276. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.10. N 1359 қаулысымен. ~P991359

      Ақша қаражаттарының республикалық бюджет кiрiсiне түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп "Теңiзмұнайгаз" және "Қазақойл" акционерлiк қоғамдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң атынан мемлекетке кредит берушiлердiң талап ету құқықтарының көшуiн қамтамасыз ететiн 1993 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасында сатып алу үшiн орнын толтыру төлемiне жататын Заем туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы "Теңiзшевройл" жауапкершiлiгi шектеулi әрiптестiгiмен және "Трансошен Шеврон Компани" компаниясымен республикалық бюджетке көрсетiлген заем бойынша қаражаттардың (оның iшiнде проценттердiң) түсуiн қамтамасыз ету мақсатында келiссөздер

 

жүргiзсiн.

     2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi осы

қаулының 1-тармағына сәйкес тараптар тиiстi толықтырулар мен

өзгерiстерге қол қойылғаннан кейiн көрсетiлген заем бойынша

қаражаттардың бюджетке толық және уақтылы түсуiне бақылау жасауды

қамтамасыз етсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады