Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 1150 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 сәуiрдегi N 279 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 шілдедегi N 667 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Жолаушылар мен жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдауды және Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызметтердi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 1150  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 34, 110-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жолаушылар мен жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдауды және Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызметтердi лицензиялау туралы ережеде: 
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4. Әуе тасымалының құрамына лицензиялауға жататын жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң мынадай түрлерi кiредi: 
      а) тұрақты емес негiзде чартерлiк рейстермен орындалатын жолаушылардың және/немесе жүктердiң iшкi (Қазақстан Республикасының аумағымен шектелген) әуе тасымалы; 
      б) тұрақты негiзде орындалатын жолаушылар мен олардың багажының, почтаның және/немесе жүктердiң iшкi (Қазақстан Республикасының аумағымен шектелген) әуе тасымалы; 
      в) тұрақты емес негiзде чартерлiк рейстермен орындалатын жолаушылар мен олардың багажының, почтаның және/немесе жүктердiң халықаралық әуе тасымалы; 
      г) тұрақты негiзде орындалатын жолаушылар мен олардың багажының, почтаның және/немесе жүктердiң халықаралық тасымалы"; 
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "5. Әуежай қызметтерiнiң құрамына жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң лицензиялауға жататын мынадай түрлерi кiредi: 
      а) аэродромды, күту, жинақталу және жолаушылар мен багажға қызмет көрсету залдары бар аэровокзалдарды, багаж және жүк терминалдарын және олардың құрылғыларын ұстау, пайдалану; 
      б) жүктердi тексерудi, жеткiзудi және тиеудi (түсiрудi), жолаушыларды әуе кемесiне жеткiзудi және отырғызуды, сондай-ақ жолаушылар мен жүктердi қарсы алуды және аэровокзал үйiне және жүктердi қоймаға жеткiзудi қамтамасыз ету; 
      в) әуежайда болған кезеңде әуе кемелерiне жедел сервистiк қызмет көрсету; 
      г) әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтармен қамтамасыз ету; 
      д) әуежайдың аумағында әуе кемелерiне арнаулы автомобиль және электр көлiгi құралдарымен, траптармен, қызмет көрсету, әуе кемелерi мен олардың жолаушылар салондарын тазалау және жабдықтау"; 
      9-тармақта: 
      "а" тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      а) әуе кемелерiн пайдаланушы болуы және жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң мәлiмделген түрлерiн орындай алатынын растайтын арнаулы ережемен бiрге Қазақстан Республикасы берген немесе таныған пайдаланушы куәлiгiнiң (сертификаты) болуы"; 
      мынадай мазмұндағы "з" және "и" тармақшалармен толықтырылсын: 
      "з) жолаушыларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру үшiн кемiнде екi жұмыс iстейтiн әуе кемесiнiң болуы; 
      и) тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшiн, тұлға бұған қоса: 
      - Қазақстан Республикасының резидентi болуы; 
      - авиакомпанияның Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ICAO) тiркелгендiгi туралы куәлiктi иеленуi; 
      - екi әрiптiк желiлiк коды мен үш цифрлы Қатаң Есептiлiк Бланкiлерiнiң (ҚЕБ) коды бар тасымалдау құжаттамасын иеленуi тиiс". 
      10-тармақта "а" және "е" тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: 
      "а) әуежайдың (аэродромның) пайдаланушысы немесе олардың жұмыстың және қызмет көрсетулердiң мәлiмделген түрлерiн орындай алатынын растайтын тиiстi сертификаты (куәлiгi немесе басқа да құжаттары) бар басқа тұлға болуы; 
      е) аэродромның, әуежайдың жабдықтары мен әуе кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты технологиялық процестерiнiң сертификаттардың (куәлiктердiң) нормалары мен талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз етуi"; 
      11-тармақта: 
      "в" тармақшадағы "заңды тұлға" деген сөздерден кейiн "жедел ақпарат жөнiндегi кодтардың кәртiшкелерi" деген сөздермен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы "ж" және "з" тармақшаларымен толықтырылсын; 
      "ж) мәлiмдеушi олардың сертификаттары мен ұшуға жарамдылығы куәлiгiнiң көшiрмелерiн қоса беру арқылы, әуе тасымалының мәлiмделген түрi мен көлемiн орындау үшiн мәлiмдеушi пайдаланбақ әуе кемелерi паркiндегi меншiк құқығы немесе басқа да заңды негiздемелер (үлгiлерi, саны, борттық тiркеу нөмiрлерi, ресурстары), орналасқан жерi және т.с.с. туралы құжаттар; 
      з) тасымалдау құжаттамаларының көшiрмелерi"; 
      12-тармақтағы "б" тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "б) жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң мәлiмделген түрлерiн орындай алатынын растайтын сертификаттардың (куәлiктердiң) және басқа да құжаттардың көшiрмелерi"; 
      мынадай мазмұндағы "д" тармақшамен толықтырылсын: 
      "д) құрылтай құжаттары мен мәлiмдеушiнiң жұмыстардың мәлiмделген түрлерiне пайдаланбақ мүлiкке құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi"; 
      28-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: 
      "Лицензиялар мемлекеттiк және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) таныған халықаралық, орыс және ағылшын тiлдерiнде, бекiтiлген нысан бойынша ресiмделедi". 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады