Солтүстiк Қазақстан облысының жекелеген машина жасау акционерлiк қоғамдарын қаржылық сауықтыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 7 сәуiрдегi N 294

      "Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын нығайту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 наурыздағы N 183 P980183_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiне "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн берсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiне "Атқарушы тетiктер зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып, "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" акционерлiк қоғамында қайта ұйымдастыруды және оны одан әрi жекешелендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзудi;
      арнаулы мақсаттағы өнiм шығару жөнiндегi мамандандырылуын сақтауды есепке ала отырып, "Атқарушы тетiктер зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату бойынша тендер өткiзудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 P950656_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17,

 

194-құжат);

     аталған қаулының қосымшасында:

     "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ", Петропавл қаласы деген

жол алынып тасталсын;




     ЕСКЕРТУ. 4-тармағының бесінші-сегізінші абзацтарының күші жойылды - ҚР

              Үкіметінің 1999.09.10. N 1363 қаулысымен. 


P991363_



     5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады