"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және темiр жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 9 сәуiрдегi N 313

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және темiр жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
 
      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                            Қазақстан Республикасы
                                           Парламентiнiң Мәжiлiсiне
 
          "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан
           Республикасы Үкiметiнiң арасындағы жолаушыларды,
       жүктердi және багаждарды транзиттiк тасымалдау, Қазақстан
              Республикасы мен Өзбекстан Республикасының
           автомобиль және темiр жол магистральдары арқылы
          жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн
            қамтамасыз ету туралы келiсiмдi бекiту туралы"
               Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
                           ТҮСIНДIРМЕ ЖАЗБА
 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы жолаушыларды, жүктердi және багаждарды транзиттiк тасымалдау, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының автомобиль және темiр жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) 1998 жылғы 27 наурызда Ташкентте қол қойылды.
      Келiсiмге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Н.Ө.Балғымбаев, Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрi У.Т.Сұлтанов қол қойды.
      Аталған келiсiмнiң мақсаты Тараптар мемлекеттерiнiң аумағы арқылы жол жүретiн Тараптар автокөлiк құралдарының жүруi үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз ету және Тараптар мемлекеттерiнiң транзиттiк жүктерiн реттеу кезiнде неғұрлым қолайлы режим ұсыну жөнiнде темiржол және автомобиль қатынасын дамытуға сондай-ақ жолаушылар мен багажға қатысты өзара жәрдемдесу болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы 1995 жылғы 12 шiлдеде Ташкентте қол қойылған Келiсiмге сай өзбек тасымалдаушылары тегiн транзиттi пайдаланады. Рұқсатсыз жол жүру салдарынан Қазақстан Республикасының жылма-жылғы шығыны 3 млн. АҚШ долларын құрайды.
      1997 жылы Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының транзиттiк көлемi 33214 жүк автомобилiнен, 22994 автобустардан, 37594 жеңiл автомобильдерден құралады. Күнделiктi орта транзитпен Қазақстан Республикасынан Өзбекстанға жататын 257 автокөлiк құралдары, соның iшiнде 91 жүк автомашинасы, 63 автобустар, 103 жеңiл автомобильдерi басып өтедi.
      Тәулiк сайын 120 қазақстандық автокөлiк құралдары Өзбекстан аумағын (37 шақырым) басып өтедi, олар Пахтаарал ауданында iшкi тасымалдарды (Қазақстан-Өзбекстан-Қазақстан) жүзеге асырады. Осыны болдырмау үшiн 1999-2000 жж. Қызыләскер-Киров автожолдарының құрылысын салу жоспарлануда. Сонымен қатар осы Келiсiмнiң 1-бабындағы Қазақстан-Өзбекстан-Қазақстан маршруты бойынша жүзеге асырылатын транзит тасымалдары транзиттiк болып есептелмейдi.
      1-баптың 2 және 3 азат жолдары Қазақстан Республикасының заңдарынан өзгеше қағидаларды қарастыратын болғандықтан "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бекiту, орындау және жою тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығының 11-бабының 1-тармағына сай қол қойылған Келiсiм бекiтуге жатады.
      Осы айтылғандарға сай, Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы жолаушыларды, жүктердi және багажды транзиттiк тасымалдау, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының

 

автомобиль және темiржол магистральдарымен жүру барысында олардың

сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы келiсiмдi бекiту

туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгiзiлсiн.

     Осы Келiсiмдi бекiту қосымша бюджеттiк қаржы бөлуге апармайды.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi


                                                      Жоба


                   Қазақстан Республикасының Заңы


         "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан

          Республикасы Үкiметiнiң арасындағы жолаушыларды,

         жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, Өзбекстан

             Республикасы мен Қазақстан Республикасының

          автомобиль және темiр жол магистральдары арқылы

         жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн

           қамтамасыз ету туралы келiсiмдi бекiту туралы


     1998 жылғы 27 наурызда Ташкентте қол қойылған  Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң

арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау,

Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және

темiр жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен

қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Президентi


         "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан

          Республикасы Үкiметiнiң арасындағы жолаушыларды,

     жүктердi және багаждарды транзиттiк тасымалдау, Қазақстан

             Республикасы мен Өзбекстан Республикасының

          автомобиль және темiр жол магистральдары арқылы

         жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн

                       қамтамасыз ету туралы

                              КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi - "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының

Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi,


 
       1992 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы шарттың, 1994 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы шарттың қағидаларын, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының негiзгi құжаттарын басшылыққа ала отырып,
      автомобиль және темiр жол магистралдарының технологиялық бiртұтастығын қамтамасыз ету орынды деп есептей отырып, тең құқықты және өзара тиiмдi екiжақты сауда-экономикалық қатынастарды қамтамасыз етудiң айрықша маңыздылығын мойындай отырып,
      Тараптардың халықаралық автомобиль және темiр жол көлiгiн дамыту, сондай-ақ кеден iсi саласында бiрыңғай және келiсiлген саясат жүргiзуге мән бере отырып,
      экономикалық егенмендiктi қорғауға көңiл аудара отырып,
      транзиттiң еркiндiгi принциптерiне өз ұмтылушылықтарын бiлдiре отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                                1-бап
 
      ТМД елдерiн қоспағанда, екi Тарап мемлекеттерiнiң аумағы арқылы жүктердi үшiншi мемлекетке транзиттiк тасымалдау тасымалдаушыларда Карнет - ТIR-лер немесе CMR болуы кезiнде, Тараптардың құзыреттi органдары беретiн рұқсаттың негiзiнде Тараптардың автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылады.
      Тараптардың автокөлiк құралдарымен ТМД елдерiне транзиттiк тасымалдаулар рұқсатсыз негiзде және транзит үшiн төлем алынбастан жүзеге асырылады.
      Қазақстан-Өзбекстан-Қазақстан немесе Өзбекстан-Қазақстан-Өзбекстан

 

бағыттары бойынша жүзеге асырылатын тасымалдар транзиттiк тасымалдар

болып табылмайды.

     Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң аумағы бойынша екiншi

тараптың автокөлiк құралдарының, оның iшiнде транзитпен үшiншi

елдерге бара жатқан, жүруi үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз етедi.


                               2-бап


     Бiр Тарап мемлекетiнiң аумағынан екiншi Тарап мемлекетiнiң

аумағы бойынша транзитпен үшiншi елге шығарылатын жүктер тиiсiнше

осы жүктердi жөнелтетiн мемлекетте кедендiк ресiмдеуге жатады.


                               3-бап



 
       Әрбiр Тарап бiр-бiрiнiң мөртаңбаларын, кедендiк қамтамасыз етуiн, кедендiк құжаттарын және жүктермен бiрге жүретiн өзге де құжаттарын (банктiк, қаржылық және т.б.) мойындайды және олардың үлгiлерiн алмасады.
 
                                4-бап
 
      Тараптар мемлекеттерiнiң аумағы арқылы транзитпен

 

тасымалданатын жүктер кедендiк ресiмдеу үшiн алымдарды қоспағанда,

кедендiк баждар мен алымдардан босатылады.

     Оларға қатысты кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi

қамтамасыз ету сомаларын енгiзу туралы тараптар қолданылатын

тауарлардың тiзбесi Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк қызметтерiмен

келiсiледi.


                               5-бап


     Тараптар мемлекеттерiнiң үшiншi мемлекеттерге шығарылатын және

жөнелткен мемлекеттiң кеден органдары ресiмдемеген жүктерiн бiр

Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы үшiншi мемлекетке өткiзу транзитiне

жол берiлмейдi.


                               6-бап



 
       Тараптар халықаралық нормаларға және тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес бiр-бiрiне әкелуге, әкетуге және олардың мемлекетiнiң аумағы арқылы транзитке тыйым салынған жүктердiң тiзбесiн ұсынады.
      Жол бағыты өтетiн мемлекеттiң аумағы бойынша қауiптi жүктердi тасымалдау, егер жеке Келiсiмде өзгеше көзделмесе, тиiстi құзыреттi орган берген арнауы рұқсаттың негiзiнде халықаралық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
 
                                7-бап
 
      Тараптар өзара мүдделерiн негiзге ала отырып, бiр-бiрiне Тараптар мемлекеттерiнiң транзиттiк жүктерiн реттеу кезiнде неғұрлым қолайлы режим ұсыну жөнiнде темiр жол және автомобиль қатынастарын дамытуға, сондай-ақ жолаушылар мен багаждарды тасымалдауға қатысты жәрдем көрсету жөнiндегi барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
 
                                8-бап
 
      Тараптар тиiстi құзыреттi органдарға жүктердi темiр жол көлiгiмен транзиттiк тасымалдау кезiнде жеңiлдiктi тарифтер немесе арнаулы ставкалар белгiлеудiң мүмкiндiгiн қарауды тапсырады.
 
                                9-бап
 
      Тараптардың заңдарында қабылданған мерзiмдер автокөлiк құралдарының Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына келуiнiң белгiленген мерзiмдерi болып саналсын. Рұқсат беру бланкiсi автокөлiк құралының Тараптар мемлекетiнiң аумағында iс жүзiнде болған мерзiмiне жарамды және тiкелей және керi жүруге қолданылады.
 
                                10-бап
 
      Тараптар ұлттық заңдарға және қолданылып жүрген ережелерге сәйкес Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға келiстi.
 
                                11-бап
 
      Тараптар ол мемлекеттердiң автомобиль және темiр жол магистральдары бойынша жол жүруi кезiнде жолаушылардың, қызмет көрсетушi қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн және автомобиль құралдарының, темiр жол вагондарының, контейнерлердiң, сондай-ақ жүктер мен багаждың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттенедi.
      Тараптар келесi Тарап мемлекетiнiң аумағы бойынша, оның iшiнде үшiншi мемлекетке транзитпен бара жатқан көлiк құралдарының өтуi үшiн қауiпсiздiк пен қолайлы жағдайды қамтамасыз етедi.
 
                                12-бап
 
      Тараптар мемлекеттерi азаматтарының жүктерiн, багажын, қол жүгiн, валюталарын, құнды заттарын, сондай-ақ жеке мүлкiн кеден шекарасы арқылы өткiзу әкелуге, әкетуге және транзитiне тыйым салынатын заттар бар деп ұйғаруға жеткiлiктi негiз болған жағдайларды қоспағанда, кеден шекаралары арқылы кедендiк тексерусiз жүзеге асырылады.
 
                                13-бап
 
      Тараптар осы келiсiмнiң ережелерiн iске асыруға ықпал ететiн, сондай-ақ ол бойынша мiндеттемелердiң орындалуына бақылау жасайтын және оны үйлестiретiн Тараптардың құзыреттi органдары өкiлдерiнiң қатарынан автомобиль және темiр жол транзитi тасымалдары жөнiндегi Бiрлескен ведомствоаралық комиссия құруға уағдаласты.
      Келiсiмдi атқару мәселелерiн қарау үшiн Бiрлескен ведомствоаралық комиссия Тараптардың ұсынысы бойынша кезекпе-кезек Ақмолада және Ташкентте бас қосатын болады.
      Осы Келiсiмдi қолдану немесе түсiндiру жөнiндегi кез-келген дау консультациялар және келiссөздер жолымен Бiрлескен ведомствоаралық комиссияның шеңберiнде шешiлетiн болады.
      Дауларды бiрлескен ведомствоаралық комиссияның шеңберiнде шешу мүмкiн болмаған жағдайда даулы мәселелер екiжақты ынтымақтастығы бойынша Бiрлескен үкiметаралық комиссияда қаралады.
 
                                14-бап
 
      Осы Келiсiмде реттемелмеген мәселелерге қатысты Тараптар мемлекеттерiнiң халықаралық автомобиль және темiр жол транзитiнiң тасымалдары мәселелерiн реттейтiн ұлттық заңдары, халықаралық нормалар, сондай-ақ Тараптардың арасында бұрын жасалған келiсiмдер қолданылады.
 
                                15-бап
 
      Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмге хаттамалар түрiнде ресiмделген, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiле алады.
      Тараптар осы Келiсiмде белгiленген жолаушыларды, жүктердi және багажды транзиттiк тасымалдаудың режимiн нашарлатпауға мiндеттенедi.
 
                                16-бап
 
      Тараптардың осы Келiсiмнiң тиiстi ережелерiн орындау үшiн жауапты құзыреттi органдар:
      Қазақстан Республикасынан - Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Кеден комитетi, "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, Iшкi iстер министрлiгi, Мемлекеттiк тергеу комитетi;
       Өзбекстан Республикасынан "Өзбекстан темiр жолдары"

 

мемлекеттiк-акционерлiк темiр жол компаниясы, "Өзавтокөлiк"

корпорациясы, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi,

Мемлекеттiк кеден комитетi және Iшкi iстер министрлiгi болып

табылады.

     Тараптар бұл тiзбелердегi өзгерiстер туралы бiр-бiрiне уақытылы

хабарлап отыратын болады.


                               17-бап


     Осы Келiсiм Тараптардың өзге халықаралық шарттар мен келiсiмдер

бойынша мiндеттерiн қозғамайды.


                               18-бап



 
       Осы Келiсiм Тараптардың осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы хабарлауы күнiнен бастап күшiне енедi.
      Тараптар осы Келiсiмде көзделген мiндеттемелердi бұзған жағдайда ол белгiленген тәртiппен өзiнiң күшiн жоғалтады.
      Осы Келiсiм бес жыл бойы қолданылады, одан кейiн, егер Тараптардың бiреуi осы Келiсiмнiң қолданылуының тиiстi кезеңi аяқталғанға дейiнгi алты айдан кешiктiрмей келесi Тарапқа оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша нысанда хабарламаса келесi

 

бес жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.

     1998 жылғы 27 наурызда әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс

тiлдерiндегi екi данада Ташкент қаласында жасалды, әрi барлық

мәтiндердiң бiрдей күшi бар.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсаты үшiн орыс тiлiндегi

мәтiн пайдаланылады.


     Қазақстан Республикасының         Өзбекстан Республикасының

         Үкiметi үшiн                        Үкiметi үшiн



         "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан

          Республикасы Үкiметiнiң арасындағы жолаушыларды,

      жүктердi және багаждарды транзиттiк тасымалдау,Қазақстан

             Республикасы мен Өзбекстан Республикасының

          автомобиль және темiр жол магистральдары арқылы

         жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн

           қамтамасыз ету туралы келiсiмдi бекiту туралы"

              Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

                           АНЫҚТАМА ПАРАҚ


     1. Заң жобасының бастамашысы        Қазақстан Республикасының

        (органның толық атауы)           Үкiметi

     2. Заң жобасын әзiрлеу жөнiндегi    құрылған жоқ

        жұмыс тобының құрамы

     3. Заң жобасы жөнiндегi бас         Халықаралық Iстер, қорғаныс

        комитет                          және қауiпсiздiк жөнiндегi

                                         комитет

     4. Заң жобасының Қазақстан          16.04.1998ж.

        Республикасының Парламентiнде

        тiркелген күнi

     5. Заң жобасы бойынша Қазақстан

        Республикасы Парламентi тұрақты

        комитеттерiнiң қорытындысы

     6. Заң жобасы бойынша Қазақстан     ескертпелер болған жоқ

        Республикасы Үкiметiнiң,

        министрлiктердiң,

        ведомстволардың, басқа да

        мемлекеттiк органдар мен

        қоғамдық бiрлестiктердiң

        қорытындысы

     7. Заң жобасының ғылыми             жүргiзiлген жоқ

        сараптамасы

     8. Заң жобасы жөнiнде баяндама      Қазақстан Республикасы

        жасау кiмге тапсырылды           Көлiк және коммуникациялар

                                         министрi Е.Ж.Қалиевке

     9. Балама жобалардың болуы          жоқ

    10. Заң жобасының Қазақстан

        Республикасының Парламентiне

        тапсырылған күнi

    11. Парламенттiң заң жобасын

        бiрiншi оқылымда қараған

        күнi және оның нәтижелерi

    12. Жобаны пысықтау және оны

        екiншi оқылымға әзiрлеу

        тапсырылған бас комитет

        (комиссия), басқа орган

    13. Заң жобасын халықтық            ұсынылған жоқ

        талқылауға ұсыну және оның

        мерзiмi

    14. Комитеттiң заң жобасы

        жөнiндегi қорытындысы (екiншi

        оқылымның алдында)

    15. Заң жобасын Парламенттiң

        екiншi оқылымда қарауы және

        оның нәтижесi

    16. Заңның күшiне ену уақыты

    17. Басқа да белгiлер





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады