"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн пайдалану жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 9 сәуiрдегi N 314

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы

Үкiметiнiң арасындағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн

пайдалану жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына

енгiзiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi


           "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан

       Республикасы Үкiметiнiң арасындағы автомобиль жолдарының

         жекелеген учаскелерiн пайдалану жөнiндегi келiсiмдi

        бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына


                           ТҮСIНДIРМЕ ЖАЗБА



 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасында автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн пайдалану жөнiндегi келiсiм (бұдан әрi - Келiсiм) 1998 жылғы 27 наурызда Ташкент қаласында қол қойылды.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Келiсiмге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Н.Балғымбаев қол қойды, ал Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі У.Т.Сұлтанов Келiсiмге қол қойды.
      Тәулiк сайын 120 қазақстандық автокөлiк құралдары Өзбекстан аумағын (37 шақырым) басып өтедi, олар Пахтаарал ауданында iшкi тасымалдарды (Қазақстан-Өзбекстан-Қазақстан) жүзеге асырады. Осыны болдырмау үшiн 1999-2000 жж. Қызыләскер-Киров автожолдарының құрылысын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 1998 жылғы 27 наурызда Ташкент қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының автомобиль және темiр жол магистралдары бойынша жол жүруi кезiнде сақталуы мен қауiпсiздiгi туралы Келiсiмнiң 1-бабындағы Қазақстан-Өзбекстан-Қазақстан маршруты бойынша жүзеге асырылатын транзит тасымалдары транзиттiк болып танылмайды.
      Тараптар мемлекетiнiң аумағы бойынша он жыл мерзiмге тегiн берiлген учаскелерде:
      - Қазақстан Республикасына тапсырылатын ұзындығы 24,5 шақырым Жетiсай-Шардара автомобиль жолдары;
      - Өзбекстан Республикасына тапсырылатын ұзындығы 24,3 шақырым Сырдария-Жизақ,
      транзитпен өтетiн Тараптар автокөлiк құралдарының жол жүруi үшiн қолайлы жағдай жасау және Тараптар мемлекетiнiң транзит жүктерiн өңдеу кезiнде, сондай-ақ жолаушылар мен багажды тасымалдауға қатысты қолайлы жағдай жасау тәртiбiн ұсыну жөнiнде автомобиль қатынастарын дамытуға өзара жәрдем жасау осы Келiсiмнiң мақсаты болып табылады.
      1, 2 баптарда Қазақстан Республикасының заңдарынан өзгеше қағидалар қарастырылатын болғандықтан "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бекiту, орындау және жою тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 11-бабының 1 тармағына сай қол қойылған Келiсiм бекiтуге жатады.
      Осы айтылғандарға сай, Қазақстан Республикасының Үкiметi

 

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына "Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң

арасындағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн пайдалану

жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

жобасы енгiзiлсiн.

     Осы Келiсiмдi бекiту қосымша бюджеттiк қаржы бөлуге апармайды.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi


                                                Жоба


                      Қазақстан Республикасының


                                 ЗАҢЫ


     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы

Үкiметiнiң арасындағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн

пайдалану жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы


     1998 жылғы 27 наурызда Ташкент қаласында қол қойылған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң

арасындағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн пайдалану

жөнiндегi келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Президентi


                Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

             Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы

             автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн

                           пайдалану туралы


                               КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi

мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi:


 
       Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы 1994 жылғы 30 сәуiрдегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы шартты, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы 1997 жылғы 10 қаңтардағы Мәңгiлiк достық шартты басшылыққа ала отырып;
      елдер арасындағы экономикалық өзара iс-қимылдың қол жеткiзiлген деңгейiне сүйене отырып;
      көлiк коммуникацияларын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етудi және автомобиль жолдарын бiрлесiп және келiсiп пайдаланудың маңыздылығы мен қажеттiлiгiн мойындай отырып;
      көлiк жүйелерiнiң технологиялық бiрлiгiн сақтау мен көлiк шығындарын азайтудың қажеттiлiгiн негiзге ала отырып;
      жолаушылар мен жүктердiң еркiн жылжуы үшiн жағдай жасау мақсатында,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 

                                1-бап



 
 
       Өзбекстан Республикасының аумағы бойынша өтетiн ұзындығы 24,5 шақырым Жетiсай - Шардара автомобиль жолының учаскесi жолдың жүру бөлiгiнiң екi жақ шетiндегi 30 метрлiк санитарлық - қорғау аймағымен бiрге он жыл мерзiмге уақытша пайдалануға Қазақстан Республикасына ақысыз негiзбен (ақы төлеусiз) берiледi.
      Автомобиль жолының аталған бұл учаскесi Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттiк шекарасынан Шардара су қоймасының батыс жағалауымен, Мақталы селосынан батысырақ ауданда Арнасай селосы ағызу бөгетiнен солтүстiк - батысқа Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттiк шекарасына дейiн өтедi.
 

                                2-бап



 
 
       Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өтетiн ұзындығы 24,3 шақырым Сырдария - Жизақ автомобиль жолының учаскесi жолдың жүру бөлiгiнiң екi жақ шетiндегi 30 метрлiк санитарлық-қорғау аймағымен бiрге он жыл мерзiмге уақытша пайдалануға Өзбекстан Республикасына ақысыз негiзбен (ақы төлеусiз) берiледi.
      М - 39 Алматы-Бiшкек-Ташкент-Термез магистральдi автомобиль жолының аталған учаскесi Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттiк шекарасынан Мақтажан селосынан солтүстiк - шығысырақ ауданда Целинное селосы арқылы оңтүстiк-батыс жалпы бағытында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттiк шекарасына дейiн өтедi.
 

                                3-бап



 
 
       Тараптар осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген автомобиль жолдарының санитарлық-қорғау аймақтарында кез-келген мақсаттағы объектiлердiң құрылысын жүргiзбеуге мiндеттенедi.
      Тараптар бiр-бiрiне осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында айтылған автомобиль учаскелерiнде жолаушылар мен жүктердi еркiн тасымалдауға ықпал ететiн жағдайлар жасайды.
      Тараптар осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында айтылған автомобиль жолдарының учаскелерiнде көлiк құралдары келетiн - кететiн кедендiк бекеттер мен пункттердi орналастыруды реттейдi.
 

                                4-бап



 
 
       Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша хаттамамен ресiмделетiн және Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
 

                                5-бап



 
 
       Осы Келiсiм Тараптар оның күшiн енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк

 

рәсiмдеудiң орындалғаны туралы бiр-бiрiне хабарлаған күннен бастап

күшiне енедi.

     Осы Келiсiм он жылға дейiн қолданылады, сонан кейiн тараптардың

бiреуi қолданудың тиiстi кезеңi аяқталғанға дейiн алты айдан

кешiктiрмей оның қолданылуын тоқтату туралы ниетiн бiлдiргенге дейiн

одан кейiнгi кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.

     1998 жылғы 27 наурызда Ташкент қаласында қазақ, өзбек және орыс

тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндерiнiң бiрдей күшi

бар.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру үшiн орыс тiлiндегi мәтiн

пайдаланылады.


     Қазақстан Республикасының          Өзбекстан Республикасының

          Үкiметi үшiн                         Үкiметi үшiн


                Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

             Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы

             автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн

             пайдалану жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы"

               Қазақстан Республикасы Заңының жобасына


                           АНЫҚТАМА ПАРАҚ


     1. Заң жобасының бастамашысы       Қазақстан Республикасының

     (органның толық атауы)             Үкiметi


     2. Заң жобасын әзiрлеу жөнiндегi   құрылған жоқ

     жұмыс тобының құрамы


     3. Заң жобасы жөнiндегi бас        Халықаралық iстер, қорғаныс

     комитет                            және қауiпсiздiк жөнiндегi

                                        комитет


     4. Заң жобасының Қазақстан         16.04.1998 ж.

     Республикасының Парламентiнде

     тiркелген күнi


     5. Заң жобасы бойынша

     Қазақстан Республикасы

     Парламентi тұрақты

     комитеттерiнiң қорытындысы


     6. Заң жобасы бойынша              ескертпелер болған жоқ

     Қазақстан Республикасы

     Үкiметiнiң, министрлiктердiң,

     ведомстволардың, басқа да

     мемлекеттiк органдар мен

     қоғамдық бiрлестiктердiң

     қорытындысы


     7. Заң жобасының ғылыми            жүргiзiлген жоқ

     сараптамасы


     8. Заң жобасы жөнiнде              Қазақстан Республикасының

     баяндама жасау кiмге               Көлiк және коммуникациялар

     тапсырылды                         министрi Е.Ж.Қалиевке


     9. Балама жобалардың болуы         жоқ


     10. Заң жобасының Қазақстан

     Республикасының Парламентiне

     тапсырылған күнi


     11. Парламенттiң заң жобасын

     бiрiншi оқылымда қараған

     күнi және оның нәтижелерi


     12. Жобаны пысықтау және оны

     екiншi оқылымға әзiрлеу

     тапсырылған бас комитет

     (комиссия), басқа орган


     13. Заң жобасын халықтық           ұсынылған жоқ

     талқылауға ұсыну және

     оның мерзiмi


     14. Комитеттiң заң жобасы

     жөнiндегi қорытындысы

     (екiншi оқылымның

     алдында)


     15. Заң жобасын Парламенттiң

     екiншi оқылымда қарауы

     және оның нәтижесi


     16. Заңның күшiне ену уақыты


     17. Басқа да белгiлер





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады