"Ғылым және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 105-бабына K941000_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Заң шығару ғылыми-зерттеу институты таратылсын.
2. Заң институты мекемесi құрылып, ол Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп осы қаулыны iске асыру жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайтын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бұрын шығарылған үкiмет шешiмдерiн осы қаулымен сәйкес келтiру жөнiнде екi ай мерзiм iшiнде ұсыныстар енгiзетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi