Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Темiржол көлiгi саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту жөнiнде

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 21 сәуiр N 366


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1997 жылғы 2 маусымда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң
арасындағы Темiржол көлiгi саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм
бекiтiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                  Қазақстан Республикасының Үкiметi
                                 мен
                  Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң
                    арасындағы темiр жол көлiгiнiң
                   саласындағы ынтымақтастық туралы
                               КЕЛIСIМ 
     
     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 4, 67-құжат)
       (1998 жылғы 7 мамырда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
           Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 72 бет) 
     
     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының
Үкiметi бұдан былай "Келiсушi Жақтар",


      екi мемлекет арасында және олардың аумағы арқылы үшiншi елдерге темiр жол көлiгiмен халықаралық жолаушылар мен жүктердi тасымалдаудың маңыздылығына көңiл аудара отырып,
      темiр жол көлiгi саласында тең құқылы және өзаралық пайда көру негiзiнде, жолаушылар мен жүк тасымалдау процестерiн қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты дамытуға ынталылықты бiлдiре отырып,

      төмендегiлер туралы келiстi:
                                1-бап




      1. Келiсушi Жақтар екi мемлекеттiң арасында және олардың аумағында транзитпен темiр жол көлiгi арқылы жолаушылар мен жүк тасымалын кедергiсiз жүзеге асыруға, жүктердi тиеп-түсiруге, қозғалыс қауiпсiздiгi мен жүк сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге және Келiсушi Жақтардың мемлекеттерiндегi заңдарға сай мемлекеттiк шекаралар мен кеден процедураларын өтуге жан-жақты көмектесуге мiндеттенедi.
      2. Келiсушi Жақтар екiншi Келiсушi Жақтың экспорт-импортты транзиттiк операциялары үшiн өзiнiң шекаралық стансаларын кедергiсiз ұсынуға келiседi.
                                2-бап




      Келiсушi Жақтар темiр жол көлiгiнiң қызметiне байланысты мәселелердi үйлестiру үшiн құзырлы органдарды тағайындайды:
      Қазақстан Республикасында "Қазақстан темiр жолы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны немесе онымен өкiлеттенген басқа орган, Өзбекстан Республикасында - "Өзбекстан темiр йуллари" Мемлекеттiк-акционерлiк темiр жол компаниясы немесе онымен өкiлеттенген басқа орган.
                                3-бап




      1. Келiсушi Жақтар мемлекеттерiнiң аумағы бойынша, сондай-ақ үшiншi елдерден немесе үшiншi елдерге транзитпен темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүк тасымалын ұйымдастыру кезiнде Келiсушi Жақтар өздерi мүше болып табылатын халықаралық келiсiмдердi, екi мемлекеттiң ұлттық заңдарын ескере отырып, ал қажет болған жағдайда дербес келiсiмдер жасай отырып, өз әрекеттерiн үйлестiредi.
      2. Келiсушi Жақтар темiр жол көлiгi саласында екiншi Келiсушi Жақтың мүддесiн қозғайтын басқа мемлекеттермен келiсiм жасасқан жағдайда, оны бұл жөнiнде хабардар етедi.
                                4-бап




      1. Қазақстан Республикасының аумағынан Өзбекстан Республикасына және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына темiр жолы транзитiмен тасымалдау тәртiбi қатысушылары Келiсушi Жақтар болып табылатын халықаралық келiсiмдермен анықталады.
      2. Халықаралық жолаушы және жүктердi тасымалдау және қызмет көрсету есептеу тәртiбi Келiсушi Жақтардың құзырлы органдарының арасында жасалған келiсiмдермен анықталады.
      3. Тасымалдауға байланысты мәселелердi жедел шешу үшiн Келiсушi Жақтардың құзырлы органдары екiншi Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағында өзiнiң өкiлдерiн ашуы мүмкiн.
                                5-бап




      Келiсушi Жақтар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының темiр жолдарының арасында қалыптасқан ақпараттық өзара әрекеттесудi сақтайды және бұдан әрi дамытуға ықпал ететiн болады. Қажет болған жағдайда өзгерiстер құзырлы органдардың өзара уағдаласуы бойынша жүргiзiлетiн болады.
                                6-бап




      Келiсушi Жақтар екiншi мемлекеттiң аумағында темiр жол персоналдарының өз қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде, ал кенет сырқаттанған немесе жарақат алған кезде жедел дәрiгерлiк көмек көрсетуге мiндеттенедi.
                                7-бап




      Бiр Келiсушi Жақтың құзырлы органдары өз айыбынан екiншi Келiсушi Жақтың темiр жол көлiгiне келтiрген материалдық шығыны үшiн қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге және Келiсушi Жақтардың мемлекеттерiндегi заңдарға сай материалдық жауапкершiлiкке тартылады.
                                8-бап




      Келiсушi Жақтар жолаушы және жүк тасымалдарын ұйымдастыруға екiжақты келiсiм жасауға, қозғалмалы құрамның өзара тапсырыстарын, техниканы, жабдықтарды, олардың қосалқы бөлшектерiн, темiр жол көлiгiнiң қажетi үшiн материалдық ресурстарды, қозғалмалы құрамды

жөндеуге, темiр жол көлiгiнiң қызметiн үйлестiретiн жабдықтар мен
техниканы өзiнiң құзырлы органдарына тапсырады.
                                9-бап
     Келiсушi Жақтар экономикалық бағалау мен өзара мүдденi есептеуге,
әзiрлiк тәртiбiн анықтау мен тасымал жұмысы параметрлерiнiң
технологиясын бекiтуге құзырлы органдарына құқық бередi.
                                10-бап
     Келiсушi Жақтар темiр жол көлiгiнде ғылыми-техникалық саясат
саласында дайындалған немесе қабылданған шешiмдердi бiр-бiрiне
хабарлайтын болады.
                                11-бап


      Келiсушi Жақтар темiр жол көлiгi мамандарын дайындау мәселесi мен екi мемлекеттiң аумағында тең құқылы және ресмилендiрудi талап етпейтiн әрбiр Келiсушi Жақпен берiлетiн бiлiктi құжаттарды тануда ынтымақтасатын болады.
                                12-бап




      1. Осы Келiсiмдi түсiндiру мен қолдануда туындаған даулы

мәселелер Келiсушi Жақтардың тiкелей келiссөздер және кеңесулер
жүргiзу жолымен шешiлетiн болады.
     2. Осы Келiсiмнiң өзгерiстер мен толықтырулар Келiсушi Жақтардың
өзара қабылданған келiсiмдерi бойынша және Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi
болып табылатын арнайы хаттамасымен ресiмделедi.
                                13-бап
     Осы Келiсiм осыған қатысты мемлекет iшiнiң процедуралары
орындалғаны туралы Келiсушi Жақтардың соңғы мәлiмделген күнiнен бастап
күшiне енедi және оның күшiн тоқтату жөнiнде Келiсушi Жақтардың
бiрiнiң жазбаша мәлiмдемесiнен бастап алты ай өткенге дейiн әсер
ететiн болады.
     1997 жылғы 2 маусымда Алматы қаласында екi данада, қазақ, өзбек
және орыс тiлдерiнде, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей болып жасалды.
     Мәтiн әрқалай түсiндiрiлген жағдайда, негiз ретiнде орыс
тiлiндегi мәтiн қабылданады.
     Қазақстан Республикасының           Өзбекстан Республикасының
           Үкiметi үшiн                         Үкiметi үшiн 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады