Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 28 сәуiрдегi N 390. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.05.05. N 671
               қаулысымен. P000671_
      2. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 P960553_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1996 ж., N 19, 164-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақтағы "мен оның дербес құрамы" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы туралы ережеде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi

 

комитетiнiң төрағасы комиссияның төрағасы болып табылады (лауазымы

бойынша)";

     6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар

жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан

Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     7-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Төтенше

жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" деген сөздер "Қазақстан

Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi" деген сөздермен

ауыстырылсын.


       Қазақстан Республикасы

        Премьер-Министрiнiң

         мiндетiн атқарушы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады