Қызылорда облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргiзуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 29 сәуiрдегi N 392

      Сырдария өзенiнде 1998 жылғы қатты су тасқынының зардаптарын жоюға және елдi мекендердi, шаруашылық объектiлерiн бұдан әрi мүмкiн болатын су басуын болдырмауға байланысты шараларды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыру үшiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан Сырдария өзенiнiң арнасы бойындағы су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргiзуге Қызылорда облысының әкiмiне 20 млн. теңге бөлiнсiн.
      2. Қызылорда облысының әкiмi 1998 жылғы тасқынға қарсы жұмыстардың орындалу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiне хабарласын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады