Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының қызметiн жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 14 мамырдағы N 438

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының қызметiн жетiлдiру және телекоммуникацияларды дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет 100 процент қатысатын жабық акционерлiк қоғамы етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi бiр айлық мерзiм iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен:
      қажеттi қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзсiн;
      1998 жылғы 1 қаңтардағы бағаны ескере отырып, тәуелсiз аудиторлық ұйымдардың қорытындысының негiзiнде қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мүлкiн бағалап, құрылатын "Хабар" агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамы активтерiнiң тiзбесiн, құрылымын және жарғылық капиталының көлемiн белгiлесiн;
      "Хабар" агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамының жарғысын бекiтсiн және оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзсiн.
      3. "Хабар" агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 23 қазандағы N 1382 P951382_ қаулысының 3-тармағымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына берiлген құқықтар бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Хабар" агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамы тiркелген күннен бастап екi апта мерзiм iшiнде оған хабар тарату құқығына және теледидар мен радио саласында байланысты жүзеге асыру жөнiндегi қызметке берiлген тиiстi лицензияларды заңдарда белгiленген тәртiппен қайта ресiмдесiн.
      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi:
      "Хабар" агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамы бағдарламаларының мемлекеттiк тапсырыстың көлемi мен мемлекеттiк бағалар бойынша хабар таратудың қолданылып жүрген шарттарын сақтай отырып, бiрiншi жиiлiк арнасы бойынша, сондай-ақ спутниктiк теледидар жүйесi бойынша үзiлiссiз берiлуiн қамтамасыз етсiн;
      "Хабар" агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамының хабарларын жалпы республикалық және жергiлiктi теледидар және радио бағдарламаларының санкциясыз үзуiн болдырмау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады