Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 15 мамырдағы N 439

      Атырау облысында су тасқынының алдын алу және оның зардаптарын жою жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар қабылдау және су басуға қарсы шараларды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға көзделген қаражаттың есебiнен Атырау облысының әкiмiне 1998 жылдың сәуiрiндегi су тасқынының алдын алуға және оның зардаптарын жоюға байланысты шығындарды өтеуге 50 (елу) млн. теңге бөлiнсiн.
      2. Атырау облысының әкiмi 1998 жылдың II тоқсанының

 

қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар

жөнiндегi комитетiне орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы

баяндасын.

     3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау

комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды

қамтамасыз етсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады