Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, аса көрнектi ақын Хамит Ерғалиевтың есiмiн еске қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Алматы қаласының әкiмi:
ақын тұрған Алматы қаласының Абылай хан даңғылындағы 122 үйдiң маңдайшасына ескерткiш тақта орнатсын;
Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiм бойынша белгiленген тәртiппен Алматы қаласының орталық көшелерiнiң бiрiне Хамит Ерғалиевтың есiмiн берсiн;
Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп Хамит Ерғалиевтың қоғамдық қорын құруға жәрдем көрсетсiн.
2. Алматы облысының әкiмi Алматы қаласының "Кеңсай" зиратындағы Хамит Ерғалиевтың қабiрiне ескерткiш орнатсын.
3. Атырау облысының әкiмi:
Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiм бойынша Атырау облысының Исатай ауданындағы Новобогат селосын Хамит-қала деп қайта атасын;
ақынның туған жерiнде Мұражай үйiн ашсын.
4. Атырау қаласының әкiмi Атырау қаласының орталық көшелерiнiң бiрiне Хамит Ерғалиевтың есiмiн берсiн.
5. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi:
Хамит Ерғалиевтың өмiрi мен шығармашылығы туралы деректi фильм шығарсын.
6. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi "Хамит Ерғалиев: замандастарының естелiктерiнде" деген
кiтап басып шығаруды жүзеге асырсын.
7. Министрлiктер мен ведомстволар 1999 жылға арналған
шаралардың жоспары мен басылымдардың тiзбесiн бекiткен кезде 1999
жылға арналған республикалық бюджетте 08 "Демалысты ұйымдастыру және
мәдениет саласындағы қызмет" функционалдық тобы бойынша көзделген
қаражаттың есебiнен және оның шегiнде осы қаулының 5,6-тармақтарында
көзделген шараларды жүргiзудi ескерсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi