Қазақстан Республикасының резервтiк қорынан қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 26 мамырдағы N 480

      Ақтөбе облысындағы табиғат апатының салдарын жою және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайларды және шараларды қаржыландыруға көзделген қаржының есебiнен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан 1998 жылғы наурызда болған табиғат апатының салдарын жою және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшiн Ақтөбе облысының әкiмiне 40 (қырық) млн. теңге бөлiнсiн.
      2. Ақтөбе облысының әкiмi 1998 жылғы 2 тоқсанның қорытындысы бойынша орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiне баяндасын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады