Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi бастапқы әскери лауазымдардың жасақталмауына байланысты, "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1998 жылы әскери-есеп немесе азаматтық, тектес тиiстi
әскери мамандықтар бойынша әскери қызметiн өткермеген запастағы
офицерлер үш жыл мерзiмге әскери қызметке шақырылсын.
2. 1998 жылы запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды
жүргiзуге арналған әскери-есеп мамандықтарының қоса берiлiп отырған
тiзбесi және осы мамандықтар бойынша шақырылатын азаматтардың саны
бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 3 маусымдағы
N 511 Қаулысымен
бекiтiлген
Запастағы офицерлердi 1998 жылы әскери қызметке
шақыруға арналған әскери-есеп мамандықтарының және
осы мамандықтар бойынша шақырылатын азаматтар санының
ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
Мамандық |Адам саны
___________________________________________________________________
Офицер: |
мотоатқыштар әскерi | 60
танк әскерлерi | 20
ракета әскерi мен артиллерия | 30
әуе қорғанысы әскерi | 45
құрлықтағы әскерлердiң әуе қорғанысы | 20
әскери-әуе күштерi | 10
инженерлiк әскер | 20
химиялық әскер | 25
байланыс | 25
бронетанк қызметi | 20
ракета-артиллерия қару-жарағы қызметi | 25
медицина қызметi | 20
заттай-мүлiк қызметi | 10
азық-түлiк қызметi | 10
жанар-жағар май материалдары қызметi | 10
қаржы қызметi | 10
тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстар |
бойынша | 100
әскери прокуратураға арналған заңгерлер | 20
Республика Ұланы үшiн | 15
___________________________________________________________________
Барлығы 495
___________________________________________________________________