Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiне жалға берiлген Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекен-жайдағы үйдегi алаңдарды пайдаланғаны үшiн берешектердi өтеуге Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан 20 млн. теңге бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық
сақтау министрлiгi үш күндiк мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының
Президентi Iс Басқармасының "Қазақстан Республикасының Президентi,
Үкiметi және Парламентi Әкiмшiлiгiнiң әкімшiлiк үйлерiне қызмет
көрсету жөнiндегi дирекция" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен
басқару аппаратын ұстауға 1998 жылға арналған бюджеттiк арналым
шегiнде 1 шаршы метр үшiн 0,51 АҚШ долларына баламды есеппен шарт
жасасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi