1997 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, банктердiң және басқа да қаржы мекемелерiнiң және "Deutsche Morgan Grenfell & Co. Limited" компаниясының арасындағы несиелiк келiсiм бойынша ұсынылған несие бойынша сыйақы (мүдде) төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 23 маусымдағы N 590

      1997 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, банктердiң және басқа да қаржы мекемелерiнiң және "Deutsche Morgan Grenfell & Со. Limited" компаниясының арасындағы

;несиелiк келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау және дефолттар фактiсiне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақтан Республикасының Қаржы министрлiгi жоғарыда аталған келiсiмге сәйкес "Deutsche Morgan Grenfell & Со. Limited"

;компаниясы шоттарының негiзiнде 1998 жылдың 22 маусымында төленуге тиiстi несие бойынша сыйақыны (мүдденi) 1998 жылға арналған республикалық бюджетте "Өтеу шегерiлген несиелендiру" бөлiмi бойынша көзделген қаражаттан 1 175 000, 00 (бiр миллион бiр жүз жетпiс бес

 

мың) АҚШ доллары мөлшерiнде төлесiн.

     2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасымен алынған

қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнiнде

келiсiм жасассын.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады