Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтік қорынан қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 6 тамаздағы N 751

 

      Шағын және орта қалаларды жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі жағдайды тұрақтандыру және оларды 1998/99 жылдың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының резервтік қорынан отын сатып алуға, кіші жылу қазандығын алу мен орнатуға және жылумен жабдықтау объектілерінде жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға 664 (алты жүз алпыс төрт) миллион теңге, оның ішінде:
      Шығыс Қазақстан облысының әкіміне Курчатов қаласы үшін - 30 млн. теңге;
      Жамбыл облысының әкіміне Жаңатас қаласы үшін - 95 млн.теңге;
      Қаратау қаласы үшін - 92 млн. теңге;
      Қарағанды облысының әкіміне Приозер қаласы үшін - 40 млн. теңге,

 

Шахтинск қаласы үшін - 90 млн.теңге, Шахан поселкесі үшін - 20 млн.теңге;

     Қостанай облысының әкіміне Арқалық қаласы үшін - 117 млн.теңге;

     Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне Кентау қаласы үшін - 180 млн.

теңге, оның ішінде Мырғалымсай кен орнының суды ағызуға электр энергиясы

бойынша берешегін төлеуге - 100 млн. теңге бөлінсін.

     2. Аталған облыстардың әкімдеріне отынды қазақстандық тауар

өндірушілерден сатып алу ұсынылсын.

     3. Бөлінетін қаржының мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады