Солтүстік Қазақстан облысының отын-энергетика кешенінің ұйымдарын қаржы-экономикалық сауықтыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 19 тамыз N 788

      Республиканың экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өмірі мен денсаулығына әсер етуге қабілетті Солтүстік Қазақстан облысының отын-энергетикалық кешенін қаржылық- экономикалық сауықтыру мақсатында "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 2-бабының 4-тармағының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облысының әкімімен келісім бойынша заңда белгіленген тәртіппен:
      1) бюджет алдында дәрменсіз борышкер ретінде "Петропавл 2-ЖЭО" акционерлік қоғамына қатысты сот тәртібімен банкроттық рәсімін жүргізсін;
      2) "Солтүстік Қазақстан электр бөлу желісі компаниясы" акционерлік қоғамын сауықтыру орынсыз деп танылсын және сотқа тиісті өтініш жасап, аталған акционерлік қоғамға тарату рәсімін қолдансын;
      3) үш айдан аспайтын мерзімде өндіріс процесін тоқтатпастан "Петропавл 2-ЖЭО" мен "Солтүстік Қазақстан электр бөлу желісі компаниясы" акционерлік қоғамдарына (бұдан әрі - акционерлік қоғамдар) таратулар жүргізсін.
      2. Акционерлік қоғамдарға банкроттық рәсімдерін жүргізу кезінде конкурстық массаны сатудың мынадай ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін:
      1) банкроттық рәсімдерін жүргізу кезеңінде акционерлік қоғамдардың тұрақты жұмысын, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, айналым қаражатын толықтыру және қатты отынның қажетті запасын жасау үшін инвестор тартылсын;
      2) тартылған инвестордың банкроттық рәсімдерін жүргізу кезеңінде акционерлік қоғамдардың ағымдағы шығыстары мен айналым қаражатын толықтыруға инвесторға аталған кәсіпорындардың өнімдері мен қызмет көрсетулерін сатудан алынған кірістердің есебінен өтеледі;
      3) тартылған инвестордың банкроттық рәсімдерін жүргізу кезеңінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына, айналым қаражатын толықтыруға және қатты отынның қажетті запасын жұмсауға бағытталған инвестициясы мен өтелмеген шығындары банкроттық рәсімдерін жүргізуге және оған тартылатын ұйымдардың қызмет көрсетулеріне ақы төлеуге байланысты әкімшілік шығындар деп саналсын;
      4) тартылған инвестордың инвестициясы мен өтелмеген шығындарын қоса алғандағы, әкімшілік шығыстары конкурстық массаны сату кезінде бірінші кезекті тәртіпте саудаластықтар өткізілген күннен бастап 15 банктік күн мерзімінен кешіктірілмей ақшалай қаржымен қайтарылуға жатады;
      5) конкурстық массаны сату аукциондық саудаластықтарда жүзеге асырылсын, бұл ретте сатудың ең төменгі бағасы инвестиция мен тартылған инвестордың өтелмеген шығындарын қоса алғандағы, әкімшілік шығыстарының сомасынан кем болмауы тиіс;
      6) акционерлік қоғамдардың конкурстық массаларын сату бірыңғай лотпен өткізілсін.
      3. Акционерлік қоғамдардың конкурстық массаларын сатып алушыларға мынадай талаптар көзделсін:
      1) саудаластыққа жылу-энергетика кешендерінде жұмыс тәжірибесі бар заңды тұлғалар жіберіледі;
      2) саудаластыққа қатысуға арналған кепілдік жарна инвестиция мен тартылған инвестордың өтелмеген шығындарын қоса алғанда, әкімшілік шығыстар сомасының кемінде 100 процентін құрауы тиіс;
      3) акционерлік қоғамдардың конкурстық массаларын сатып алғандары үшін есеп айырысудың түпкілікті мерзімі саудаластық өткізілген күннен бастап 15 банктік күннен кешіктірілмей белгіленсін;
      4) акционерлік қоғамдарды инвестициялауға қатысқан, тартылған

 

инвесторға банкроттық рәсімдерін жүргізу кезеңінде конкурстық массаны

сатып алуда басымдық құқығы берілсін, бұл ретте инвестиция мен тартылған

инвестордың өтелмеген шығындарының сомасы кепілдік жарна және конкурстық

массаны сатып алу төлемдері есебіне есептелсін.

     4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Энергетика, индустрия және сауда министрі М.К.Әблязовқа жүктелсін.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады