Қазақстан Республикасының Үкiметi салық заңдарының сақталуына бақылау жасау саласында халықаралық келiсiмдер жасасу мәселелерiн жедел шешу мақсатында және Минск қаласында 1996 жылғы 29 наурыздағы Шартқа қатысушы мемлекеттер салық қызметтерiнiң басшылары кеңесiнiң отырысы өткiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң төрағасы Бисенғали Шамғалиұлы Тәжияқовқа Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Салық заңдарының сақталуы мәселелерi жөнiнде ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету туралы келiсiмге қол қою өкiлеттiгiн беруге қаулы етедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi