Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде әскери кафедра құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 26 тамыздағы N 802. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N 449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жүйесi үшiн Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi студенттерi - Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. 1999 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде оқу орнының шығыстары мен штат санының шегiнде әскери кафедра құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп: 
      1) әскери кафедраның құрылымы мен штат санын әзiрлесiн және бекiтсiн; 
      2) әскери кафедраны командалық-оқытушылық құраммен және оқыту-қосалқы қызметкерлермен жасақтасын; 
      3) әскери даярлықтың бейiнiн ескере отырып оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi оқу процесiн жүргiзу үшiн әскери кафедраны әскери даярлықтың бейiнi мен оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiкпен қамтамасыз етсiн. 
      4. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы ережеде: 
      7-тармақтың үшiншi азатжолы мынадай сөздермен толықтырылсын: 
      "Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң әскери кафедрасынан басқасы"; 
      17-тармақ мынадай азатжолмен толықтырылсын: 
      "Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң әскери кафедрасында қызмет өткеретiн офицерлер мен прапорщиктер заттық мүлiкпен, арнайы техникалық керек-жарақпен, тұрғын үймен, санаторийлiк-курорттық емдеумен, сондай-ақ жоғарыда аталған университеттiң есебiнен әскери қызметте тұратын офицерлер мен прапорщиктер және олардың отбасы мүшелерi үшiн қолданылып жүрген нормалар бойынша натуральды үлестiң басқа да түрлерiмен қамтамасыз етiледi";
     Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Запастағы офицерлердiң бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленетiн жоғары оқу орындарының тiзбесiне:
     "Университеттер" деген тарау мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi". 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады