Әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу, біржолғы жәрдемақылар тағайындау және оны төлеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 129 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыcымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын   (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерге, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу, біржолғы жәрдемақылар тағайындау және оны төлеу ережесі бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыcымен.
      2. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолдануға енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
1998 жылғы 26 тамыздағы       
N 803 қаулысымен           
бекiтiлген              

 Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу, біржолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеу ережесі

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыcымен.

      Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 62-бабына сәйкес кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу тәртібін айқындайды. Сондай-ақ осы Ереже біржолғы жәрдемақы тағайындау мен төлеуді айқындайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыcымен.
      1. Зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарға:
      Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО-ның, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қарулы Күштеріндегі, ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы және осы Достастықтың Біріккен Қарулы Күштеріндегі міндетті және келісім-шарттық әскери қызмет. Егер халықаралық келісімдерде өзгеше көзделмесе, әскери қызметшілер мен прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары, аумағында қызмет атқарған тиісті мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептеледі;
      бұрынғы КСРО мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң қауiпсiздiк органдарындағы әскери қызметшiлер лауазымындағы, ал 1955 жылдың 1 қазанына дейiн - бұрынғы КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi бекiткен лауазымдардың тiзбесi бойынша жедел, басшы және бастықтар құрамындағы лауазымдағы, ал басқа лауазымдарда - әскери немесе арнайы атақ берiлген күннен бастап; 1955 жылдың 1 қазанынан бастап әскери қызметшiлер лауазымындағы қызмет;
      прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы, оның ішінде бұрынғы КСРО мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетіндегі офицерлік, сержанттық, басшы және қатардағы құрамының лауазымдарындағы (оның ішінде тағлымгерлік лауазымдарындағы) қызмет - лауазымға тағайындалған күнінен бастап;
      әскери-құрылыс отрядтарындағы (бөлiмдерiндегi) әскери құрылысшы ретiндегi қызмет;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі әскери қызметте немесе прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі және бұрынғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарында қалдыру арқылы жіберген жағдайда өкілді және атқарушы органдарда, ведомстволарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс істеген уақыт;
      Қазақстан Республикасының қорғанысқа жәрдемдесу қоғамының оқу ұйымдарында ұшу құрамының запастағы офицерлерiне оқып әскери қызметке шақырылған адамдардың нақты ұшу даярлығында болған уақыты - 1961 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      негiзсiз қылмыстық жауапқа тартылған, негiзсiз репрессияланған, күшпен жер аударылған және кейiннен ақталған әскери қызметшiлердiң iшкi iстер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдардың қамауда болған уақыты, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген және жер аударуда болған уақыты;
      олар прокурорлар, штаттағы анықтаушылар және тергеу қызметкерлері ретінде прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі ұлттық қауіпсіздік сондай-ақ бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарына қызметке ауысқан жағдайда сот органдарында жұмыс істеген уақыты;
      1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiн әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң құрамында Украинаның, Белоруссияның, Латвияның, Литваның және Эстонияның аумағында ұлтшылдық астыртын ұйымдарды жою жөнiндегi әскери операцияларға қатысқан уақыты;
      Ұлы Отан соғысы кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларындағы, халық жасақтары бөлiмдерiндегi қызмет;
      егер тұтқынға түсу ерiктi болмаса және әскери қызметшi тұтқында болған кезде Отанына қарсы қылмыс жасамаса, әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдардың тұтқында, қоршауда және арнайы тексеруде болған уақыты есептеледi;
      қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы) органдарындағы, оның iшiндегi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегi жұмыс стажы;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгілеген тәртiппен ұлттық қауіпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы есептейтiн әскери қызметке алынғанға дейiнгi еңбек қызметінің стажы.
      Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры есептейтін әскери қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметінің стажы.
      Кеден органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы, ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен азаматтық қызметшілер лауазымындағы, әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың қызметі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28 N 1755, 2004.03.05 N 277, 2005.06.30 N 662, 2010.07.21 N 748, 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      2. Әскери қызметтегі жағдайдың шекті жасына жеткенге дейін қызметтен негізсіз босатылған, ал кейін денсаулық жағдайы бойынша қызметке шектеу болмаған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі, Салық полициясы (милициясы) комитеті) төрағасының, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің, Әділет министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының және басқа да әскерлері мен әскери құралымдары лауазымды тұлғаларының, Бас прокурордың шешімі бойынша босату заңсыз деп табылуына байланысты қызметі қалпына келтірілген офицерлердің, прапорщиктердің, мичмандардың және мерзімінен тыс қызмет әскери қызметшілерінің, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басшы және қатардағы құрамындағы адамдардың еңбек сіңірген жылдарын айқындау кезінде зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына, олар жұмыс істемеген қызметтегі үзіліс уақыты есептелуі мүмкін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына жеңілдікті жағдайларда:

      1) майдандағы армияның айыптық бөлiмдерiнiң тұрақты құрамындағы бiр ай қызмет алты айға есептеледi;

      2) майдандағы армияның, құрамына кiретiн әскери бөлiмдерде, штабтарда және мекемелерде, партизан отрядтарында және халық жасағы құрамаларындағы әскери қимылдар кезеңiндегi;
      Ұлты Отан соғысы кезеңiнде батыр қалаларда: Одессада - 1941 жылғы 10 тамыздан 16 қазанға дейiн, Ленинградта - 1941 жылғы 8 қыркүйектен 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiн, Севастопольде - 1941 жылғы 5 қарашадан 1942 жылғы 4 шiлдеге дейiн, Сталинградта 1942 жылғы 12 шiлдеден 19 қарашаға дейiн майдандағы армияның құрамына кiрмейтiн әскери бөлiмдердегi, штабтардағы және мекемелердегi, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарындағы;
      майдандағы армияның құрамына кiретiн әскери бөлiмдерде, штабтарда және мекемелерде алған жараның, контузияның, зақымданудың және науқастанудың салдарынан емдеу мекемелерiнде емделуде үзiлiссiз болған уақыты;
      1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украина, Белоруссия, Латвия, Литва және Эстония аумағында ұлтшылдық астыртын ұйымдарды жою жөнiндегi жауынгерлiк операцияларындағы, ал осы операцияларда жарақат, контузия алып немесе мертiккен жағдайда емдеу мекемелерiнде үзiлiссiз жатқан уақыты;
      1950 жылғы қарашадан 1953 жылғы шiлдеге дейiн ұрыс қимылдарына қатысқан 64-шi истребительдiк авиация корпусының құрамында болуы;
      әскери қызметшiлер ұрыс қимылдарына қатысқан төмендегiдей басқа елдердiң аумағында болған әскери бөлiмдерде, штабтарда және мекемелерде: 1956 жылдың 24 қазанынан 10 қарашасына дейiн - Венгрияда, 1950 жылдың маусымынан 1953 жылдың шiлдесiне дейiн - Солтүстiк Кореяда (оның iшiнде аумағында Солтүстiк Кореядағы ұрыс қимылдарына қатысқан совет әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерi орналасқан ҚХР-да), 1962 жылдан 1964 жылға дейiн - Алжирде, 1962 жылдың 18 қазанынан 1963 жылдың 31 наурызына дейiн, 1967 жылдың маусымында, 1968 жылы, 1969 жылдың наурызынан 1972 жылдың шiлдесiне дейiн, 1973 жылдың 5 қазанынан 1974 жылдың 31 наурызына дейiн, 1974 маусымынан 1975 жылдың ақпанына дейiн - Бiрiккен Араб Республикасында (Египет), 1962 жылдың 18 қазанынан 1963 жылдың 31 желтоқсанына дейiн, 1967 жылдың қарашасынан 1969 жылдың желтоқсанына дейiн - Иемен Араб Республикасында, 1961 жылдың қаңтарынан 1974 жылдың желтоқсанына дейiн - Вьетнамда, 1967 жылдың маусымында, 1970 жылдың наурызынан шiлдесiне дейiн, 1972 жылдың қыркүйегiнен қарашасына дейiн, 1973 жылдың қазанында - Сирияда, 1967-1969 жылдары, 1975 жылдың қарашасынан 1979 жылдың қарашасына дейiн Мозамбикте, 1977 жылдың 9 желтоқсанынан 1979 жылдың 30 қарашасына дейiн - Эфиопияда, 1972-1973 жылдары - Бангладеш Халықтық Республикасында (ӘТФ кемелерi мен қосалқы кемелерiнiң жеке құрамы үшiн), 1970 жылдың сәуiрiнен жолтоқсанына дейiн - Комбоджада, 1924 жылдың тамызынан 1927 жылдың шiлдесiне дейiн, 1937 жылдың шiлдесiнен 1944 жылдың қыркүйегiне дейiн, 1945 жылдың шiлдесiнен қыркүйегiне дейiн, 1946 жылдың наурызынан 1949 жылдың сәуiрiне дейiн, 1950 жылдың наурызынан мамырына дейiн (ӘҚҚ әскерлерi тобы үшiн, Шанхай қаласы ауданы), 1950 жылдың маусымынан 1953 жылдың шiлдесiне дейiн - Қытайда, 1960 жылдың қаңтарынан 1963 жылдың желтоқсанына дейiн, 1964 жылдың тамызынан 1968 жылдың қарашасына дейiн, 1969 жылдың қарашасынан 1970 жылдың желтоқсанына дейiн - Лаоста, 1979 жылдың 22 сәуiрiнен 1989 жылдың 15 ақпанына дейiн - Ауғанстанда, 1975 жылдың қарашасынан 1979 жылдың қарашасына дейiн - Анголада, 1982 жылғы маусымда - Сирияда, 1982 жылғы маусымда - Ливанда болған, ал жараланған, контузия алған немесе мертiккен әскери қызметшiлерге емдеу мекемелерiнде үзiлiссiз емделуде болған уақыты;
      1993 жылғы 5 шiлдеден бастап ТМД елдерi сыртқы шекараларының Тәжiк-Ауған учаскесiн күшейту жөнiндегi мiндеттердi орындаушыларға;
      Даман аралындағы әскери қимылдар - 1969 жылғы наурыз;
      Жалаңашкөл ауданындағы әскери қимылдар - 1969 жылғы тамыз;
      әскерлерi ұрыс қимылдарын жүргiзген елдердегi немесе басқа мемлекеттерге әскери көмек көрсеткен елдердегi - осы елдерге 1961 жылдың 1 қаңтарынан 1982 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде iссапарына жiберiлген ұшқыштар құрамының әскери мамандарына, олардың ұрыс қимылдарына қатысқан-қатыспағанына қарамастан;
      1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шiлдесiне дейiнгi кезеңдегi Семей ядролық полигонына iргелес аудандарындағы қызметi;
      1986 жылдың 26 сәуiрiнен 1987 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Чернобыль АЭС-дегi аварияның зардаптарын жоюымен және адамдар көшiрiлген аймақтағы (1986 жылы тұрғындары көшiрiлген аумақта) айналадағы ортаның ластануын болғызбауға байланысты жұмыстардағы;
      негiзсiз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылып, негiзсiз репрессияланған, күштеп көшiрiлген және кейiннен ақталған әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамы адамдарының қамауда, бас бостандығынан айыру орындарында жазаларын өтеген және жер аударуда болған уақыты;
      3-тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген жеңiлдiктер жағдайында бұрынғы КСРО-ның Қарулы Күштерi Бас Штабының тiзбесiне сәйкес енген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде қызмет атқарған әскери қызметшiлердiң мына кезең аралығындағы қызметi зейнетақы тағайындау үшiн қызмет еткен жылдарына есептеледi:
      фашистiк Германиямен және оның одақтастарымен Ұлы Отан соғысында:
      1941 жылдың 22 маусымынан 1945 9 (11) мамырына;
      империалистiк Жапониямен - 1945 жылдың 9 тамызынан 3 қыркүйекке дейiнгi бiр ай қызмет үш айға есептеледi;

      3) төмендегi қызметтiң бiр айы екi айға есептеледi:
      Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандағы әскердiң құрамына енбеген әскери бөлiмдерiндегi, штабтар мен мекемелердегi, iшкi iстер және мемлекет қауiпсiздiгi органдарындағы (осы тармақтың бесiншi және жетiншi абзацтарында көрсетiлген жағдайлардан басқа);
      егер әскери қызметшi өз еркiмен тұтқынға түспесе және тұтқында жүрiп Отанына қарсы қылмыс жасамаса әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде тұтқында болған уақыты;
      тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Iшкi iстер министрi, Республикалық ұланның қолбасшысы және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі белгiлеген шарттармен реактивтiк және трубовинттiк авиациядағы ұшу жұмысындағы;
      армиялары ұрыс қимылдарын жүргiзген елдерде немесе басқа мемлекеттерге әскери көмек көрсеткен - осы елдерге 1961 жылғы 1 қаңтардан 1982 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге (ұшқыштар құрамынан басқа) iс сапарларына мамандар ретiнде жiберiлгендерге, олардың ұрыс қимылдарына қатысқан-қатыспағанына қарамастан;
      теңiз деңгейiнен 2500 метр және одан да биiк таулы жерлерде: әскери қызметшiлер үшiн - 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап; ал iшкi iстер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - 1985 жылдың 1 мамырынан бастап;
      су асты сүңгуiр қайықтарда - осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, Iшкi iстер министрi белгiлеген шарттармен 1986 жылғы 1 қаңтардан бастап қысымы жоғары су астында немесе барокамераларда ұзақ уақыт болу жағдайында жұмыс атқаратын сүңгiгiштер лауазымдағыларға;
      алапес және оба ауруларына қарсы мекемелерiндегi, иммунитет тапшылығы вирустарын жұқтырғандарды немесе СПИД-ке шалдыққандарды емдеу жөнiндегi жұқпалы аурулар мекемелерiндегi қызметтерде;

      4) төмендегi қызметтiң бiр айы бiр жарым айға есептеледi:
      мемлекеттiк органдардың шешiмдерiне сәйкес құрылған арнаулы әскери құрамалардағы қызметi;
      тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы және Республикалық ұланының қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, Iшкi iстер министрi белгiлеген шарттармен авиациядағы ұшу жұмысындағы;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi бекiткен мерзiмдерде су бетiндегi атом кемелерiндегi;
      сүңгуiр қайықтарында - олар сапта болған кезеңдегi;
      әскери миналарды сүзiп алу кезiнде мина сүзушi кемелердегi;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi белгiлеген шарттармен 1952 жылғы 22 қаңтардан бастап сапта болған сүңгуiр қайықтар құрамаларының басқармаларындағы және әскери минералды сүзу кезiнде мина сүзушi кемелер құрамындағы;
      барлық атаулар мен мамандардағы сүңгiгiштер лауазымдарындағы (осы тармақтың 3-тармақшасында көрсетiлген сүңгiгiштерден басқа);
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Iшкi iстер министрi, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы және Республикалық ұланының қолбасшысы белгiлеген жылдық нормаларды орындау кезiнде мiндеттерiн орындау жүйелi түрде парашютпен секiрумен байланысты лауазымдардағы;
     Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Iшкi iстер министрi және Әдiлет министрi белгiлеген шарттарда бөлiмшелердiң, лауазымдардың тiзбелерi бойынша 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлттық қауiпсiздiк органдарының, iшкi әскерлердiң, iшкi iстер және Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының арнайы мақсаттағы бөлiмшелерiнде; <*>
      Ресей Федерациясы мен Орта Азия Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер белгiлеген жекелеген жерлерiндегi;
      осы бөлiмде көрсетiлген мерзiмдер ескерiле отырып Қазақстанның осы Ережеге 1-қосымшада аталған ауа-райы жағдайы қиын жерлерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық апат аймақтарында;
      заставалардағы, постылардағы, комендатуралардағы, БЖП-i бөлiмшелерiндегi, ауысымдары бар маневрлiк топтардағы кемелер мен катерлердегi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi бекiткен тiзбе бойынша, 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап шекара әскерлерiнiң басқа да бөлiмшелерiндегi; ал аталған күнге дейiн - заставалардағы, комендатуралардағы және бұрынғы КСРО-ның мемлекеттiк шекарасында орналасқан шекаралық әскерлердiң оларға теңестiрiлген бөлiмшелерiндегi, егер еңбек сiңiрген жылдарына зейнетақы үшiн қызмет еткен жылдарын есептегенде осы жерлерде атқарған қызметiн есептеудiң бұдан да жеңiлдiктi жағдайы белгiленбесе, аталған жерлерде сапта болған және мемлекеттiк шекараны тiкелей қорғаған теңiздегi шекаралық кемелер мен катерлердегi;
      1968 жылғы 22 қарашадан бастап сапта болған, бұрынғы КСРО дизельдi-электр сүңгуiр қайықтардың екiншi экипаждарының құрамындағы;
      Мурманск облысында болған кезiнде корабльдер мен кемелердi Солтүстiк теңiз жолымен орнын ауыстыру жөнiндегi ерекше мақсаттағы экспедицияның құрамында болып, экспедиция аяқталғаннан кейiн баруға тиiстi портқа және тұрақты қызмет орындарына оралғанда - 1971 жылғы 22 қазаннан бастап;
      теңiз деңгейiнен 1500 метр және одан да жоғары биiк таулы жерлердегi (2500 метр және одан да жоғары биiк жерлердегi қызметтен басқасы): әскери қызметшiлер үшiн - 1973 жылғы 1 сәуiрден бастап, iшкi iстер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы адамдары үшiн - 1985 жылғы 1 мамырдан бастап;
      теңiз деңгейiнен 1000 метрден 1500 метрге дейiн биiк таулы аймақтарда, ал ерекше жағдайларда одан төмен жерлерде - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi, Салық полициясы (милициясы) комитетi), Әдiлет министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі бекiткен тiзбеге сәйкес, әскери бөлiмдер мен мекемелерде 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      1974 жылдың 8 шiдеден бастап Байкал-Амур темiр жол магистралi мен БАМ-Тында-Беркакит темiр жолы бағытындағы құрылыста және қызмет көрсетуде болған (құрылыс жүрген кезеңдегi) бұрынғы КСРО темiр жол және iшкi әскерлердiң әскери бөлiмдерiндегi, iшкi iстер органдарындағы;
      1975 жылғы 10 мамырынан бастап Байкал-Амур темiр жолы магистралiнiң Шимановская стансасындағы құрылыс индустрия кәсiпорындарының кешенi құрылысында болған бұрынғы КСРО темiр жол әскерлерiнiң әскери бөлiмдерiндегi;
      1975 жылғы 1 шiлдеден бастап бұрын Байкал-Амур темiр жолы магистралында, БАМ-Тында-Беркакит темiр жол желiсiнде құрылысқа қызмет көрсетумен шұғылданған бұрынғы КСРО қауiпсiздiк органдарындағы;
      бұрынғы КСРО Байланыс министрлiгiне берiлген және 1976 жылғы 29 шiлдеден бастап Байкал-Амур темiр жолы магистралi трассасының бойымен радиорелелiк байланыс желiлерiнiң құрылысында болған әскери бөлiмдер мен әскери-құрылыс отрядтарындағы;
      1977 жылғы 4 шiлдеден бастап Тюмень облысы Ханты-Мансы автономиялық округiнiң аумағындағы Сургут-Уренгой темiр жол желiсi учаскесiнiң құрылысында болған бұрынғы КСРО темiр жол әскерлерiнiң әскери бөлiмдерiндегi;
      1979 жылғы 23 тамыздан бастап Байкал-Амур темiр жолы құрылысында болған КСРО Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерiндегi, құрамаларындағы, кәсiпорындары мен ұйымдарындағы;
      1980 жылдың 28 ақпанынан бастап бұрынғы КСРО-ның бұрын Байкал-Амур темiржол магистралi жасанды құрылыстарының күзетiнде және бұрын көрсетiлген магистралдiң маңайындағы аудандардың мемлекеттiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде қызмет атқарған iшкi iстер әскерлерiнiң бөлiмшелерi мен әскери бөлiмдерiндегi;
      1980 жылғы 1 қаңтардан бастап қорғаныстық тұғырлар құрылыстарының, жауынгерлiк есептемелер құрамында, нығайтылған аудандарында жауынгерлiк кезекшiлiктерiн атқарып жүрген (атқарған) әскери қызметшiлерге;
      1988 жылғы 1 қаңтардан 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңде Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюмен және халқы көшiрiлген аймақтағы (1986 жылы халық көшiрiлген аумақта) айналадағы ортаның ластануын болғызбаумен байланысты жұмыстардағы;
      1963 жылғы 6 шiлдеден 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде Семей ядролық сынақ полигонына iргелес аудандардағы қызметi;
      1988 жылғы 1 сәуiрден бастап Ресей Федерациясының қара топырақты емес аймағында автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңарту жұмыстарында жол-құрылыс бөлiмдерiндегi және оларды қамтамасыз етушi бөлiмдерде болған;
      тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Iшкi iстер министрi, Әдiлет министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы белгiлеген, жаппай қоғамға қарсы, қылықтарға байланысты төтенше жағдайларда қоғамдық тәртiптi қорғау мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындау кезеңдерiндегi әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердегi, құрамаларындағы iшкi iстер қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы қызметi;
      әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiндегi, органдарындағы және кәсiпорындарындағы қызмет;
      ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен ұйымдарында, сондай-ақ қылмыстық топтарына тапсырмаларды орындау уақыты;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28 N 1755 , 2002.06.11 N 632 , 2004.03.05 N 277 , 2005.06.30 N 662 , 2008.09.12 N 850, 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулылармен.

       4. Майдандағы армияның әскери бөлiмдерiнiң, штабтары мен мекемелерiнiң әскери қызметшiлерiне, ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңдерiнде тұтқында болған әскери қызметшiлерге, Чернобыль АЭС-iндегi апат зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстарға қатысқан және Семей ядролық сынақ полигонына iргелес аудандарда қызмет атқарған немесе негiзсiз қылмыстық жауаптылыққа тартылған не қуғын-сүргiнге ұшыраған әскери қызметшiлерге көзделген еңбек сiңiрген жылдарына жеңiлдiктi жағдайда есептеуге жататын кезеңдерден басқа, мiндеттi қысқа мерзiмдi әскери қызметi күнтiзбелiк есептеу бойынша зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарына қосылады.

      5. Әскери қызметте келiсiм-шарт бойынша болған әскери қызметшiлерге, әскери қызметке солдаттар, матростар, сержанттар және старшиналар қатарына ерiктi түрде қабылданған әйелдерге осы Ереженiң 3-тармағының 4-тармақшасының үшiншi және төртiншi абзацында көрсетiлген қызмет кезеңдерi тиiстi жеңiлдiкпен зейнетақы тағайындау үшiн олардың еңбек сiңiрген жылдарына 1976 жылғы 5 тамызынан бастап қана қосылады.

      6. Әскери қарсы барлау бөлiмi офицерлерiнiң, прапорщиктерiнiң, мичмандарының және мерзiмiнен тыс қызмет әскери қызметшiлерiнiң қызмет көрсететiн әскери бөлiмдер мен құрамалардың жеке құрамымен бiрдей жағдайда қызмет атқарған қызметi зейнетақы тағайындау үшiн осы әскери бөлiмдер мен құрамалардың әскери қызметшiлерi секiлдi осындай жеңiлдiктi жағдайларда еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.

      7. Қызметтiң сол бiр кезеңiне жеңiлдiктi жағдайларда зейнетақыға еңбек сiңiрген жылдарына есептеу үшiн екi және одан көп негiздемелер болған кезде еңбек сiңiрген жылдары неғұрлым көбiрек жеңiлдiк беретiн бiр негiздеме бойынша есептеледi.

      8. Осы Ереже қолданысқа енгiзiлгенге дейiнгi, бұрынғы қолданылған заңдарға сәйкес есептелген зейнетақы тағайындауға арналған еңбек сiңiрген жылдар қайта қарауға жатпайды.

      9. Әскери қызметшілерге, ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарына олар запаста болған кезде, кезекті әскери және арнаулы атақ беру бұрынғы тағайындалған зейнетақыны қайта қарауға негіз болып саналмайды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      10. Қызметтен босайтын әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасы ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының қатардағы және басшы құрамы адамдарына, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға төмендегідей тәртіп пен көлемде біржолғы жәрдемақы төленеді;
      10 жылдан аспайтын еңбек сіңірген жылдары және ауруы бойынша, денсаулығының нашарлауына және штаттың қысқаруына байланысты босағандарға - ақша түріндегі 4 айлық жалақысы;
      қызмет еткен жылдары 10 жылдан астам еңбек сіңірген жылдары барларға - «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.
      Әскери қызметшінің немесе басшы және қатардағы құрамның абыройына нұқсан келтіретін қылық жасағаны не қылмыс жасағаны үшін сотталуына байланысты (оның ішінде шартты сотталуына байланысты) қызметінен босатылған әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне, басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға бір жолғы жәрдемақы төленбейді. Сондай-ақ, прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке ауысына байланысты міндетті әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының осы органдардан міндетті әскери қызметке не Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарына есепке алынған басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына міндетті әскери қызметке не прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке ауысуына байланысты есепке алынған Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, органдарының басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына бір жолғы жәрдемақы төленбейді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      11. Жасына, штаттың қысқаруына, науқастығына байланысты немесе денсаулық жағдайы зейнетақы алу құқығынсыз шектелуіне байланысты босаған (осы тармақтың екінші азатжолында көрсетілгеннен басқа) офицерлер мен ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамы адамдарына босаған кезде төленетін біржолғы жәрдемақымен қоса, қызметтен босаған күннен бастап бір жыл бойында әскери немесе арнаулы атағына, сыныптық шеніне берілетін жалақы сақталады. Бұл ретте, егер көрсетілген мерзімнің ішінде қызметтегі әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының басшы құрамы адамдарының әскери немесе арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша жалақысы өсірілсе, тиісінше қызметтен босағандарына бір жыл толғанша офицерлерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамның адамдарына төленетін осы жалақылардың көлемі өседі.
      Қызметтен босар алдында Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс істеген және босағаннан соң бұрынғы жұмысында қалған офицерлерге, және ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамының адамдарына, сондай-ақ міндетті әскери қызметке 2-3 жылға қызметке шақырылған офицерлерге қызметтен босаған күннен бастап бір жыл бойына әскери немесе арнаулы атақ, сыныптық шен бойынша жалақы төленбейді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. Осы Ереженің 10-тармағында көзделген біржолғы жәрдемақы:
      офицерлер мен ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамдарының адамдарына - соңғы штаттық лауазымы, қызметтен босаған күнгі әскери немесе арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша төленетін жалақыларынан;
      мерзімінен тыс қызметтегі, келісім-шарт бойынша қызметтегі прапорщиктерге, мичмандарға, әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының кіші басшы және қатардағы құрамындағы адамдарына - соңғы штаттық лауазымы, қызметтен босаған күнгі әскери немесе арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша төленген жалақысынан, ал әскери және арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша жалақы алмайтындарға - қызметтен босаған күнгі атқарған лауазымы бойынша төленген лауазымдық жалақысынан;
      әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға соңғы штаттық лауазымы бойынша төленетін лауазымдық жалақыдан қолданыстағы жалақы (қосымша ақы) мөлшеріне сәйкес келетін әскери немесе арнаулы атақ, сыныптық шен алуға құқықтары жойылғанға дейін берілген әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша жалақы (қосымша ақы) бойынша есептелсін.
      Кеден органдарын қоспағанда, біржолғы жәрдемақы төленіп және әскери (арнаулы атақ) немесе сыныптық шен беріліп қызметке жаңадан алынған әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға кейіннен қызметтен босатылғанда біржолғы жәрдемақының мөлшерін айқындау үшін біржолғы жәрдемақы төлемі жүргізілмеген қызмет кезеңі қабылданады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      13. Әскери қызметшілердің, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға, қатардағы және басшы құрамы адамдарының қатарынан қайтыс болған зейнеткерлердің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалатын жәрдемақыға қарамастан: әйеліне (күйеуіне) асыраушысының үш айлық зейнетақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне - оның қайтыс болған күніне дейінгі төленген асыраушының айлық зейнетақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
      Осы тармақта көзделген бір жолғы жәрдемақының мөлшерін белгілеу кезінде жәрдемақы алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына - жасы мен еңбекке қабілеттілігіне қарамастан әйелі (күйеуі); 18 жасқа толмаған немесе, егер олар 18 жасқа толғанға дейін асыраушысы қайтыс болған кезде мүгедек болған болса, немесе оқу орнында оқыса және 23 жасқа толмаса одан ересек балалары; қайтыс болған адамның асырауындағы, заңдарда белгіленген зейнетақылық жасқа жеткен не мүгедек болып табылатын ата-аналары кіреді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

N  1 қосымша    

 Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлерінің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың қызметі зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына есептелетін жерлердің тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       1. Қызметтiң бiр айы екi айға - жеңiлдiктi жағдайларда еңбек сiңiрген жылдарына есептелетiн жерлер:
      Куриль аралдарында және Беринг теңiзi аралдарында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен;
      Охот теңiзi аралдарында: әскери қызметшiлер үшiн - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Моржовец аралында: әскери қызметшiлер және iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдары басшы құрамындағы адамдар үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Солтүстiк Мұзды мұхит аралдарында әскери қызметшiлер үшiн 1954 жылғы 30 тамыздан, ал iшкi iстер ,қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет,  Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Архангельск облысында - Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарай Ненецк автономиялы округiнiң жерлерiнде: әскери қызметшiлер және iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдары басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Коми Республикасында - Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарайғы жерлерде: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер,қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Тюмень облысында - Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарай Ямал-ненецк автономиялы округiнiң жерлерiнде, халық депутаттары Салехард Кеңесiнiң әкiмшiлiк бағынысындағы аумақ пен Салехард қаласында: әскери қызметшiлер, iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Краснояр өлкесiнде - Таймыр (Долгано-Ненецк) автономиялы округiнде, Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарай Эвенк автономиялы округi және Турухан ауданының жерлерiнде: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Якутия Республикасында - Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарайғы жерлерде: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Магадан облысында - Чукот автономиялық округiнде және бұрын Камчатка облысының Краснояр автономиялы округiнiң құрамына кiрген Солтүстiк-Эвенк ауданының аумақтарында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен, Магадан облысының қалған аумақтарында: әскери қызметшiлер үшiн 1949 жылғы 25 маусымнан, ал iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн - 1953 жылғы 17 желтоқсаннан;
      Камчатка облысында - 1945 жылғы 14 қыркүйекте;
      Хабаров өлкесiнде - Охот, Аян-Майск және Тугур-Чумикан аудандарында: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755
қаулысымен .
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен .

        2. Қызметтiң бiр айы бiр жарым айға қызметтi жеңiлдiктi жағдайларда еңбек сiңiрген жылдарына есептелетiн жерлер:

                        Қазақстан Республикасы

      Ақмола облысында - Аршалы (бұрынғы Вишневка), Жарқайың (бұрынғы Державин), Есiл, Жақсы 1<*> аудандарында, Сiлетi селолық округiнде 2<*> және Степногор қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қорғалжын және Целиноград аудандарында (Астана қаласын қоспағанда) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      - Ақтөбе облысында - Байғанин және Мұғалжар 3 <*> аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан;
      __________________
      ЕСКЕРТУ.
      1<*> Державин, Есiл және Жақсы аудандары бұрынғы Торғай облысының құрамына кiрген
      2<*> Сiлетi селолық округi бұрынғы Сiлетi ауданының аумағына кiрген
      3<*> Мұғаджар ауданы Мұғаджар ауданы болып қайта аталады.

      Алматы облысында - Жамбыл, Iле (бұрынғы Күртi селолық округiн қоспағанда), Талғар, Ұйғыр, Еңбекшiқазақ (Шелек округiн қоспағанда), Райымбек 1<*>, Алакөл (Үйгентас селолық округiн қоспағанда) аудандарында, Кербұлақ ауданының Гвардейский қалалық үлгiдегi поселкесiнде, Көксу 2<*>, Сарқант 3<*>; Талдықорған (Талдықорған қаласын қоспағанда), Панфилов аудандарында, Текелi қаласында және Ақсу селосында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қапшағай, Қаскелең, Балқаш, Кербұлақ аудандарында, Iле ауданының Күртi селолық округiнде, Еңбекшiқазақ ауданының Шелек селолық округiнде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Атырау облысында - Махамбет ауданында 4 <*> - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Шығыс Қазақстан облысында - Қатонқарағай, Күршiм 5<*> аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Аягөз, Жарма 6<*>, Зайсан, Тарбағатай 7<*> аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, Абай, Бесқарағай, Жаңа Семей, Таскескен аудандарында, Үржар ауданының Мақаншы селолық округiнде, Семей қаласында және Курчатов қаласында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Жамбыл облысында - Қордай 8<*>. Мойынқұм аудандарында және Жаңатас қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал Талас, Байзақ 9<*> және Шу аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Батыс Қазақстан облысында - Жангелдин және Орда аудандарында, сондай-ақ Теректi 10<*> ауданының Тайпақ селолық округiнде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Қарағанды облысында 11<*> - Абай ауданында 12<*>, Шет ауданының Ағадыр селолық округiнде, Ұлытау ауданының Жездi селолық округiнде, қаражал қаласында және Жәйрем поселкесiнде - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Нұра 13<*>, Шет, Ұлытау аудандарында (бұрынғы Жезқазған облысының Балқаш, Жаңаарқа, Қаражал, Жезқазған аудандарында), Сәтпаев және Жезқазған қалаларында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қарқаралы 14<*> ауданында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап; ______________________________________________________
      ЕСКЕРТУ.
      1<*>. Райымбек ауданының құрамына Кеген және Нарынқол аудандарының аумағы кiредi.
      2<*>. Бұрынғы Талдықорған облысының Киров және Гвардейский аудандары тиiсiнше Алматы облысының Көксу және Кербұлақ аудандары болып қайта аталады.
      3<*> Сарқанд ауданының құрамына бұрынғы Бөрлiтөбе ауданы аумағының бiр бөлiгi кiредi.
      4<*>. Махамбет ауданының құрамына Балықшы ауданының аумағы кiредi.
      5<*>. Күршiм ауданының құрамына бұрынғы Марқакөл аумағының
аумағы кiредi.
      6<*> Жарма ауданының құрамына бұрынғы Шар ауданының аумағы кiредi.
      7<*>. Тарбағатай ауданының құрамына бұрынғы Ақсуат ауданының аумағы кiредi.
      8<*>. Қордай ауданының құрамына бұрынғы Красногор ауданының аумағы кiредi.
      9<*>. Свердлов ауданы Байзақ ауданы болып қайта аталған.
      10<*>. Теректi ауданының құрамына Ақжайық ауданының аумағы кiредi.
      11<*>. Қарағанды облысының құрамына бұрынғы Жезқазған облысы кiредi.
      12<*>. Мичурин ауданы Абай ауданы болып қайта аталды.
      13<*>. Нұра ауданының құрамына Ақмола облысының бұрынғы Қорғалжың және Теңiз аудандарының аумағы кiредi.
      14<*>. Қарқаралы ауданының құрамына бұрын Егiндiбұлақ ауданы Болып Қазыбек би ауданының аумағы кiредi.
      Қостанай облысында - Арқалық қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Қызылорда облысында - Шиелi ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Маңғыстау облысында - Ерәлиев ауданында, Жаңа өзен, Форт-Шевченко және Ақтау қалаларында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал Бейнеу мен Маңғыстау аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Павлодар облысында - Май және Лебяжi ауданында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Солтүстiк Қазақстан облысында - Айыртау ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Оңтүстiк Қазақстан облысында - Созақ, Сарыағаш (Келес селолық округiнен басқа) аудандарында және Түркiстан қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Сарыағаш қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Байқоңыр қаласында және "Байқоңыр" ғарыш айлағына iргелес аудандарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.

                        Ресей Федерациясы

       Мурманск облысында: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал Мурманск қаласында - 1951 жылғы 30 сәуiрден; милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Карелия Республикасында - Беломор, Калевала, Кемск, Костомуш 1<*>, Лоух, Медвежьегорск, Муеаерск, Сегеш, Суояр аудандарында және Костомуш қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Архангельск облысында - Виноградовск, Лешуконск, Мегенск, Новодвинск 2<*>, Пинежск, Онежк, Плесецк, Приморск, Соловецкий 2<*> және Холмогор аудандарында, халық депутаттары Северодвинск қалалық Кеңесiнiң әкiмшiлiк бағынысындағы аумақ пен Архангельск, Новодвинск және Онега, Северодвинск қалаларында, Поляр шеңберiнiң оңтүстiгiне қарай Ненец автономиялық округi жерлерiнде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап; Верхнетоемский және Ленский аудандарында - 1992 жылғы 1 шiлдеден бастап;
_______________________________________
      ЕСКЕРТУ.
      1<*>. Костомушский ауданы Калеваль ауданының құрамынан бөлiнген.
      2<*>. Новодвинский және Соловецкий аудандары Приморский ауданының құрамынан бөлiнiп шыққан.
      Қалмақ Республикасында - Октябрь ауданында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Коми Республикасында (осы тiзбенiң 1-шi бөлiмiнде көрсетiлген жерлерден басқа) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Тюмень облысында - Ямал-Ненецк автономиялық округiнде (осы тiзбенiң 1-шi бөлiмiнде көрсетiлген жерлерден басқа): әскери қызметшiлер үшiн - 1969 жылғы 7 тамыздан, ал iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан, Ханты-Мансийск автономиялық округiнде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Алтай өлкесiнде - Таулы-Алтай автономиялық облысының Оңгудай, Улағанск, Усть-Канск, Усть-Коксинск және Шебалинскi аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан;
      Томск облысында - Александровский, Бакчарский, Верхнекетский, Каргасокский, Колпашевский, Кривошейнский, Молчановский, Парабельский, Тегульдетский және Чайнский аудандарында, Колпашево және Стрежевой қалаларында, Томск ауданының Итатке поселкесiнде - 1988 жылғы 1 қаңтардан;
      Краснояр өлкесiнде - Поляр шеңберiнiң оңтүстiгiне Эвенк автономиялы округi мен Турухан ауданы жерлерiнде, Солтүстiк-Енисей ауданында: әскери қызметшiлер үшiн - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, Богучанский, Енисейский, Кежемский және Мотыгинский аудандарында, халық депутаттарының Лесосибирск қалалық Кеңесiнiң әкiмшiлiк бағынысындағы аумақ пен Енисей және Лесосибирск қалаларында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Тува Республикасында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Иркутск облысында - Катанг ауданында: әскери қызметшiлер үшiн 1969 жылғы 7 тамыздан, ал iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан, облыстың қалған аумағында: әскери қызметшiлер үшiн - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Якутия Республикасында (осы тiзбенiң 1-шi бөлiмiнде көрсетiлген жерлерден басқа): әскери қызметшiлер үшiн - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Бурятия Республикасында, Чита және Амур облыстарында: әскери қызметшiлер үшiн - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Приморск өлкесiнде - Самарги өзенiнен солтүстiкке қарай Тернейск ауданының аумағында: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап; өлкенiң қалған аумағында: әскери қызметшiлер үшiн - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Хабаровск өлкесiнде - Ванинск, Николаевск, Советско-Гаван және Ульчск аудандарында, Амурдағы Николаевск және Советско-Гаваны қалаларында: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, өлкенiң қалған аумағында: әскери қызметшiлер үшiн - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал iшкi iстер қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет
органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Сахалин облысында - Сахалин аралында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап, Монерон аралында - 1980 жылғы 1 қарашадан бастап.

                       Қырғызстан Республикасы

      Ыстықкөл облысының Ақсу, Атбашы және Жетiөгiз аудандарында, Ош облысының Алай және Кеңес аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал Ош облысының Тоғыз тарау ауданында, Москва және Панфилов аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.

                        Тәжiкстан Республикасы

      Таулы Бадахшан облысында, Куляб облысының Дангарин, Ленинград, Москва және Пархар аудандарында, Қорғантөбе облысының Жилiкөл, Кабоден, Құманғыр, Пяньан және Шаартуз аудандарында, Яван ауданының Яван поселкесiнде; Ленинабад облысы Чкалов халық депутаттары қалалық Кеңесiнiң Табошар поселкесiнде; халық депутаттары Нүрек қалалық Кеңесiнiң Пастакон поселкесiнде - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалған аумақтарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап (Душанбе қаласын қоспағанда).

                      Түркiменстан Республикасы

      Мары облысында, Чарджоу облысының Меркен және Шаршанғын аудандарында, Керч қаласында және халық депутаттарының Чарджоу қалалық Кеңесiнiң Нефтазаводск поселкесiнде, Ашғабат, Бахарден, Геок-Тепе, Гаур, Қаах, Серах және Теджен аудандарында, Ашғабат облысындағы Тедмен қаласында, Красноводск облысында, Байрам-Әли, Векиль-Базар, Ислотан, Қарақұм, Кушка, Мари, Мұғаб, Тахта-Базар аудандарында, Мары облысындағы Байрам-Әли және Мары қалаларында (Ашғабат қаласын қоспағанда) - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалған аумақтарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.

                        Өзбекстан Республикасы

      Бұхар облысы Қаған ауданының Қарауылбазар қаласында, Қашқадария облысындағы Мүбәракта, Самарқан облысының Қаттақорған және Советабад аудандарында, Зарафшан және Үшқұдық қалаларында, Бұхар облысының халық депутаттары Зарафшан қалалық Кеңесiнiң поселкелерiн және халық депутаттары Үшқұдық қалалық Кеңесiнiң Көкпетас поселкесiнде, Ангор, Гагарин, Жарқорған, Термез және Шерабад аудандарында, Сурхандария облысының Термез қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал республиканың қалған аумағында (Ташкент қаласын қоспағанда) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
      Қазақстан Республикасының, Түркiменстан Республикасының және Әзiрбайжан Республикасының әкiмшiлiк бағыныстарындағы Арал теңiзiнiң, сондай-ақ Каспий теңiзiнiң аралдарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755 қаулысымен .
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен .

N 2 қосымша

Кеден органдарын қоспағанда, қызметі зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына есептелетін офицерлер құрамындағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандар мен мерзімінен тыс қызметтің әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамы адамдарының, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 648 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Офицерлер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға және мерзiмiнен тыс қызметтiң әскери қызметшiлерiне зейнетақы тағайындау үшiн жеңiлдiктi жағдайларда еңбек сiңiрген жылдарына байланысты есептелсiн:
      бiр айы бiр жарым айға:
      Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тiкелей қосындық қызмет атқаратын жедел құрамына, сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөлiмшелерде қызмет атқаратындарға;
      барлаушы әйелдерге - Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы белгiлейтiн шарттар мен мерзiмдердегi бөлiмшелер мен лауазымдар тiзбесi бойынша.

      2. Осы Ереженiң 3-шi тармағында көрсетiлген қызмет кезеңдерiнен басқа, офицерлер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға және мерзiмiнен тыс әскери қызметшiлерге зейнетақы тағайындау үшiн қызмет еңбек сiңiрген жылдарына бiр айы екi айға, сондай-ақ мына қызметi:
      атом суасты қайықтарында, қосымша атом энергетикалық қондырғыларымен жабдықталған дизельдi суасты қайықтарында және арнайы энергетикалық қондырғылары бар суасты қайықтарында (оның iшiнде екiншi экипаждардың және жасалынып жатқан атом суасты крейсерлерiнiң және атом сүңгуiр қайықтары экипаждарының құрамында).
      Бұл ретте қосымша атом энергетикалық қондырғылармен жабдықталған атом крейсерлерiндегi, атом суасты қайықтарындағы және дизельдi суасты қайықтарындағы қызмет экипажды оқу орталығында оқытудан бастап жеңiлдiктi жағдайларда еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi, ал оқытылуға жатпаған әскери қызметшiлерге - суасты крейсерiнiң (қайықтың) 1<*> реактор жұмысының басталуынан есептеледi. Тұйық цикл бойынша жұмыс iстейтiн булы-газды турбиналық қондырғылар мен дизельдi суасты қайықтарындағы қызметi олардың сапта болған кезеңiнен жеңiлдiктi жағдайда еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi, ал аталған энергетикалық қондырғылармен жасалып жатқан қайықтарда - зауытта жүру сынағынан бастап есептеледi. Атом суасты крейсерлерiне (екiншi экипаждарын және жасалып жатқан крейсерлер экипаждарын қосқанда) қызмет көрсеткен Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң айрықша бөлiмдерi офицерлерiнiң қызметi 1977 жылғы 24 наурыздан нақ осындай ретпен жеңiлдiктi жағдайларда есептеледi; ________________________________________________
      ЕСКЕРТУ.
      1<*>. Егер әскери қызметшi оқу орталығында оқығаннан кейiн
            реакторды жүргiзiлмеген атом крейсерiнде немесе атом
            сүңгуiр қайығында қызмет етуге жiберген болса бұл
            корабльдердегi қызметтiң кезеңi реактор жұмыс iстеген
            күннен бастап жеңiлдiктi жағдайларда еңбек сiңiрген
            жылдарға есептеледi

      ауыр атомдық суасты крейсерлерiнiң техникалық экипаждары құрамында, атом крейсерлiк және үлкен атомдық суасты қайықтарының және атомдық терең су қабатындағы стансалардың (салынып жатқандарын қосқанда) аталған корабльдер мен стансаларда нақты қызмет атқарған уақыты үшiн - 1981 жылғы 13 қарашадан басталған кезеңге есептеледi. Бұл ретте салынып жатқан ауыр атомдық суасты крейсерлерiне, крейсерлiк атом және үлкен атомдық суасты қайықтарына және атомдық терең су қабатындағы стансаларға қызмет ететiн техникалық экипаждар құрамындағы қызмет еңбек сiңiрген жылдарына корабль (станса) реакторы жұмыс iстей бастаған күннен бұрын емес жеңiлдiктi жағдайда есептеледi, ал 705-шi жобадағы атом суасты қайықтарының техникалық экипаждары құрамындағы қызмет - 1970 жылғы 14 қыркүйектен бұрын емес ретте есептеледi.

      3. Осы Ереженiң 4-тармағында аталған қызмет кезеңдерiнен басқа, iшкi iстер, қаржы полициясы, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарына жеңiлдiк жағдайлар: <*>

      1) қызметiнiң бiр айы бiр жарым айға: iшкi iстер органдарының барлаушы әйелдерiне - Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi белгiлеген лауазымдар тiзбесi бойынша және шарттармен 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап: <*>

      2) қызметiнiң бiр айы 1,25 айға:
      iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi
органдарының барлаушы әйелдерiне - Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет  министрлiгi белгiлеген лауазымдар тiзбесi бойынша және шарттармен
1965 жылғы 1 қыркүйектен 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңде есептелiнедi. <*>
     Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755 қаулысымен .
     Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 277 қаулысымен .

     Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
1998 жылғы 26 тамыздағы    
N 803 қаулысына        
қосымша             

          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
                        кейбiр шешiмдерiнiң
                              ТIЗБЕСI

      1. "Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамның адамдары мен олардың отбасыларына қызмет өткерген жылдарын есептеу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 мамырдағы N 429 қаулысы .
      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 мамырдағы N 429 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 қарашадағы N 1258 қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 523 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 18, 153-бап).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-бап).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады