"Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 21 мамырдағы N 3958
Жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi туралы ереже:
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1783 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 55, 501-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 16 қыркүйектегi
N 903 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi
департаментi туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу.
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментiнiң (бұдан әрi - Департамент) құқықтық негiздерiн, қызметiн ұйымдастыру принциптерiн, жүйесiн және өкiлеттiктерiн айқындайды.
2. Департамент өз қызметiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары есебiнен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды салааралық үйлестiру мақсатында жүзеге асыратын, мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.
3. Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ереженi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Департамент заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi мен бланкiлерi болады.
5. Департаменттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
7. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi атқарушы органдар және бюджеттен тыс қорлар жүргiзетiн мемлекеттiк сатып алу процестерiн үйлестiру және оларға бақылау жасау;
мемлекеттiк сатып алу процестерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру.
8. Алға қойған мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Департамент мынадай функцияларды жүзеге асырады:
бекiтiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттер және бюджеттен тыс қорлар сметалары көрсеткiштерiнiң негiзiнде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң номенклатуралары мен көлемдерiн қалыптастыруға қатысу;
номенклатурасын Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын бекiтiп отыратын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алу жөнiнде конкурстар ұйымдастыру;
тiзбесiн Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын бекiтiп отыратын тапсырыс берушiлерге арналған конкурстарды ұйымдастыру;
министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдары, ұйымдар, бюджеттен тыс қорлар өткiзетiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары есебiнен тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған конкурстарға қатысу;
мемлекеттiк сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаттарына тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алу бойынша конкурстар (тендерлер) өткiзуге қатысу;
мемлекеттiк сатып алуды үйлестiредi және оған бақылау жасайды;
мемлекеттiк сатып алу процестерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және әдiстемелiк материалдарды әзiрлеу мен бекiту;
тапсырыс берушiлерге мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу мәселелерi бойынша әдiстемелiк және ұйымдастырушылық көмек көрсету;
Департаменттiң қарамағанда қалған конкурстық өтiнiмдердi қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңының 14-бабына сәйкес жұмсайды.
9. Алға қойған мiндеттердi шешу және функцияларды жүзеге асыру үшiн департамент:
мемлекеттiк сатып алуды, оның iшiнде мемлекеттiк сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаттары есебiнен жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан заңдарда белгiленген тәртiппен ақпарат сұратуға және алуға;
өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзу мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi шешiмдердi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қабылдауға;
тапсырысшылардың мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi конкурстық комиссияларының жұмысына қатысуға;
мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырылуы мен жүргiзiлуiне бақылау жасауға;
сараптамалар мен консультациялар өткiзу, конкурстық комиссияларға қатысу үшiн мемлекеттiк басқарудың орталық және жергiлiктi органдарының мамандарын ақысыз негiзде, ал мемлекеттiк қызметшiлер болып саналмайтын мамандарды ақылы негiзде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тартуға;
өз құзыретiнiң шегiнде шет мемлекеттердiң ұйымдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болуға құқылы.
10. Өзiнiң қызметiнде Департамент мынадай мiндеттердi орындайды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу саласындағы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi;
мемлекеттiк сатып алудың жүзеге асырылуына талдау жасайды;
мемлекеттiк сатып алуды жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргiзудi жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және iске асырады.
11. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру кезiнде Департамент:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк сатып алу саласындағы стратегиялық жоспарының iске асырылуына:
мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң жай-күйi туралы ақпараттардың сенiмдiлiгi үшiн;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу саласындағы заңдарының орындалуына жауап бередi.
8. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру
12. Департаменттi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.
Директордың оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Департамент директорының орынбасары Департамент директоры болмаған жағдайда оның мiндетiн атқарады.
13. Департамент директоры Департамент жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi.
Осы мақсатта Департамент директоры:
Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;
Департаменттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ оларға тәртiптiк жаза қолданады;
өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
өз құзыретiнiң шегiнде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Департаменттi бiлдiредi;
өз құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
14. Департаменттiң штат санын Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi белгiлейдi.
15. Департаменттiң қызметiн оның бөлiмшелерi және Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң жалпы мақсаттағы қызметтерi қамтамасыз етедi.