Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттiгiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 16 қыркүйек N 907. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433 қаулысымен. ~P991433

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк басқаруды оңтайландыру жөнiндегi бұдан былайғы шаралар туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3986 U983986_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1-6.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1-6-тармақтардың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.03.30.
              N 325 қаулысымен.  

P990325_

 
     7. "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары
аппараттарының санын және оны ұстауға арналған шығындарды қысқарту"
туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 қарашадағы N
1425  

P961425_

  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     аталған қаулының "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң
шектi саны" деген 1-қосымшасында:
     "Қазақстан Республикасының Экономика және
     сауда министрлiгi Ұлттық статистика
     агенттiгiнiң статистика жөнiндегi органдары        383"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика
     агенттiгiнiң статистика жөнiндегi органдары        371".
     8. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi
комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1776 қаулысының (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы. 1997 жылғы 54, 494-құжат) күшi жойылған деп
танылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 16 қыркүйектегi
                                           N 907 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика
                          агенттiгi туралы
                               ЕРЕЖЕ



      Миссиясы: объективтi статистикалық ақпаратты жинау мен таратуды қамтамасыз ету, орталық атқарушы органдарының статистикалық қызмет саласындағы жұмысын үйлестiру.

                          1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттiк статистика саласында мемлекеттiк басқаруды, сондай-ақ заңдарға сәйкес арнайы функцияларды жүзеге асырады.
      Агенттiк елдегi мемлекеттiк статистиканы ұйымдастырады, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, статистика саласында мемлекеттiк саясат пен жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеп, iске асырады.
      Агенттiк республикалық, аумақтық және салалық деңгейде бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйенi бiрыңғай статистикалық стандарттар негiзiнде жасауға және оның сенiмдi жұмыс iстеуiне жауапты.
      Агенттiк статистикалық есеп әдiстемесi мен әдiстерi мәселелерiнде тәуелсiз, статистикалық деректердiң халықаралық деңгейдегi объективтiлiгi мен әдiстемелiк салыстырмалылығын қамтамасыз етедi.
      Агенттiктiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
      2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттiктiң аппараты мен оның аумақтық органдарын ұстауға

арналған шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жүзеге асырылады.
     4. Агенттiктiң құрылымы мен штат санын Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
     5. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз
атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.

                    2. Агенттiктiң басымдықтары

     6. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары мыналар болып табылады:
     1) мемлекеттiк статистика саласындағы жұмыстарды мемлекеттiк
басқару, үйлестiру;
     2) халықаралық талаптарды ескере отырып, статистикалық қызметтi
жүйелi реформалау;
     3) жаңа ақпараттық технологияларды енгiзу;
     4) статистикалық көрсеткiштердiң объективтiлiгi мен
транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету.

                     3. Агенттiктiң мiндеттерi

     7. Агенттiктiң мiндеттерi мыналар болып табылады:
     1) статистика саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу және оған
басшылық жасау;
     2) ғылыми әдiстер мен халықаралық стандарттардың негiзiнде
бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесiн жасау, iске қосу және
жетiлдiру;
     3) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, анықтығы мен
жеткiлiктiгiн қамтамасыз ету;


      4) елiмiзде болып жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестер мен олардың даму үрдiсiн жан-жақты әрi объективтi түрде зерделеу, қорыту және талдау.
                      4. Агенттiктiң функциялары

      8. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қызметiн статистикалық деректермен ақпараттық қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзедi және мемлекеттiк органдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiп бойынша статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етедi;
      статистикалық қызметпен айналысатын орталық атқарушы органдардың қызметiн үйлестiредi;
      елдiң және оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы деректердiң ақпараттық-статистикалық деректер базасының жинақталуын, жүргiзiлуi мен өзектiлiгiн қамтамасыз етедi;
      Мемлекеттiк статистикалық регистр, сондай-ақ Агенттiктiң құзыретiне жататын техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың жалпы жiктегiштерi мен кодтау жүйелерiн жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      әлеуметтiк-экономикалық және демографиялық процестердi бейнелейтiн мемлекеттiк және салалық статистикалық есептiлiк көрсеткiштерiнiң ең аз құрамын айқындайды, халық санағын жүргiзедi, ұйымдарда конъюнктуралық сұрауларды, халықтың өмiр сүру деңгейiн зерттеу жөнiндегi сұрауларды және басқа да арнайы тексерулердi ұйымдастырады;
      статистикалық есептiлiк нысандарын, байқаулар мен сұраулардың сауалнамаларын әзiрлеп, бекiтедi, оларды ұсынудың мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi;
      халықаралық ұйымдарға статистикалық ақпаратты қолданылып жүрген шарттардағы мiндеттемелерге сәйкес бередi, сондай-ақ шет елдермен статистикалық ақпараттар алмасады;
      статистикалық жинақтарды, бюллетеньдердi, экономикалық шолулар мен басқа да статистикалық материалдарды басып шығарады және таратады;
      мемлекеттiк және коммерциялық құпиялардың сақталуын, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялығын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қамтамасыз етедi;
      статистикалық ақпарат жүйесiн дамытудың және оның жұмыс iстеуiнiң, республиканың және халықаралық ұйымдардың басқа да ақпарат жүйелерiмен өзара iс-әрекетiнiң аса маңызды проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастырады;
      статистика органдарының қызметкерлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсiптiк бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

                       5. Агенттiктiң құқықтары

      9. Агенттiк өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және мiндеттердi орындау кезiнде мынадай құқықтарды иеленедi:
      Агенттiк белгiлеген мерзiмдерде мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдардан ақпаратты сұрату және алу;
      заңдарда белгiленген реттерде жеке тұлғалардан олардың экономикалық және әлеуметтiк-демографиялық жағдайы туралы, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметi туралы ақпаратты сұрату және алу;
      мемлекеттiк статистикалық байқаулар, талдау жүргiзу және статистиканы жетiлдiру үшiн мемлекеттiк басқарудың басқа да органдарының мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандардың белгiленген тәртiппен жұмысқа тарту;
      өз құзыретiнiң шегiнде шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен халықаралық ұйымдарымен және шет елдiң заңды ұйымдарымен мемлекеттiк статистиканың мiндеттерiмен байланысты халықаралық шарттар жасасу, келiссөздер жүргiзу және келiсiмдерге қол қою;
      мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудiң және қызметтi үйлестiрудiң аса маңызды проблемаларын шешу үшiн ведомствоаралық ғылыми-әдiстемелiк және сараптық кеңестер, сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, басқа да ұйымдардың, өкiлдерiнiң қатысуымен әрi келiсуiмен жұмыс топтарын құру;
      Агенттiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзу;
      заңдарда белгiленген реттерде мемлекеттiк статистика саласында бақылауды жүзеге асыру;
      қажет болған жағдайда бастапқы және жиынтық статистикалық деректердiң анықтығын тексеру;
      өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк статистика мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығару;
      мемлекеттiк органдар статистика саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға кедергi келтiретiн нормативтiк актiлер қабылдаған ретте оларды жою немесе өзгерту туралы оларға ұсыныс енгiзу;
      бейiндiк тақырыптама бойынша статистикалық және өзге де жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға статистикалық ақпаратты белгiленген тәртiппен сатуды жүзеге асыру;
      заңдарда белгiленген реттерде Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындар мен басқа да ұйымдардың құрылтайшысы болу, олардың жарғыларын бекiту, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыру;
      заңдарда белгiленген тәртiппен өз өкiлеттiктерi мен функцияларының бiр бөлiгiн ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға беру;
      заңдарда белгiленген тәртiппен Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерiн шешу;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
               6. Агенттiк пен оның лауазымды адамдарының
                            жауапкершiлiгi

      10. Агенттiк заңды тұлға ретiнде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарының нормаларына сәйкес өзiне жүктелген мiндеттердiң уақытылы әрi сапалы орындалуына жауап бередi.
      Агенттiктiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауына және өз функцияларын жүзеге асыруына Агенттiктiң Төрағасы жеке жауап бередi.
      Агенттiктiң құрамына кiретiн ұйымдар мен аумақтық органдардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына және өз функцияларын жүзеге асыруына олардың басшылары жеке жауап бередi.
      11. Агенттiктiң орталық аппаратының, оның аумақтық органдарының қызметкерлерi өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiстi түрде орындамағаны үшiн қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.

                 7. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

      12. Агенттiктi Төраға басқарады, оны Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттiк Төрағасының екi орынбасары болады, оларды Агенттiк Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Төраға Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырып, басқарады, аумақтық органдардың және өз құзыретiнiң шегiнде өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн бақылайды.
      13. Агенттiктiң Төрағасы:
      өз орынбасарларының, Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының және басқа да жауапты қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
      Агенттiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды, және қызметтен босатады;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Агенттiктi барлық мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдарда бiлдiредi;
      Агенттiктiң құрылымын және оның бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi, сондай-ақ өзiне ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың және заңдарда белгiленген реттерде басқа да ұйымдардың жарғыларын бекiтедi;
      өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      14. Агенттiкте құрамына Агенттiктiң Төрағасы, оның орынбасарлары, орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың өкiлдерi кiретiн алқа құрылады.
      Алқаның жеке құрамын Агенттiктiң Төрағасы бекiтедi.
      15. Агенттiктiң жүйесiне оның орталық аппараты, аумақтық органдары, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгінiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және Кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн

арттыру институты кiредi. Оларды Агенттiктiң Төрағасы қызметке
тағайындайтын және қызметтен босататын басшылар басқарады.
     Агенттiктiң аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады.
Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн аумақтық органдар мен
ұйымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                          1998 жылғы 16 қыркүйектегi
                                           N 907 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

       Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттiгiнiң
            қарауындағы аумақтық органдар мен ұйымдардың
                              ТIЗБЕСI

     Ақмола облыстық статистика басқармасы
     Ақтөбе облыстық статистика басқармасы
     Алматы облыстық статистика басқармасы
     Атырау облыстық статистика басқармасы
     Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы
     Жамбыл облыстық статистика басқармасы
     Батыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы
     Қарағанды облыстық статистика басқармасы
     Қызылорда облыстық статистика басқармасы
     Қостанай облыстық статистика басқармасы
     Маңғыстау облыстық статистика басқармасы
     Павлодар облыстық статистика басқармасы
     Солтүстiк Қазақстан облыстық статистика басқармасы
     Оңтүстiк Қазақстан облыстық статистика басқармасы
     Астана қалалық статистика басқармасы
     Алматы қаласының статистика басқармасы

     "Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттiгiнiң
Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
     Кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру
институты.

                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                          1998 жылғы 16 қыркүйектегi
                                           N 907 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

              Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика
                            агенттiгiнiң
                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Статистикалық әдiстер, жiктемелер және стандарттар басқармасы
     Талдау және коньюктуралық зерттеулер басқармасы
     Ұлттық шоттар басқармасы
     Сыртқы экономикалық қызмет статистика басқармасы
     Ауыл, орман және балық шаруашылықтары статистика басқармасы
     Өнеркәсiп статистикасы басқармасы
     Құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасы
     Қызмет көрсету, iшкi сауда, көлiк және байланыс статистикасы
     басқармасы
     Әлеуметтiк және демографиялық статистика басқармасы
     Баға және үй шаруашылығы статистикасы басқармасы
     Халықаралық статистикалық ынтымақтастық бөлiмi
     Кадр және арнайы жұмыс бөлiмi
     Статистикалық жұмыстарды жоспарлау және қаржыландыру бөлiмi
     Бухгалтерлiк есеп және есептiлiк бөлiмi
     Құжат айналымы бөлiмi
     Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттiгiнiң Астана
     қаласындағы өкiлдiгi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады