Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы және қоса атқаруы бойынша Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінің жанынан әскери атташе аппаратын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 18 қыркүйек N 920

      Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы және қоса атқаруы бойынша Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінің жанынан әскери атташе лауазымының енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің штат санына әскери атташе және оның көмекшісі лауазымдары қосымша енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бір ай мерзім

 

ішінде Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігіндегі

әскери атташе мен оның көмекшісінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі

шығыстар сметасын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне

ұсынсын.

     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс

министрлігі ведомстволық актілері мен нұсқаулықтарына осы қаулыға сәйкес

өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады