Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың Тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 29 қыркүйек N 969. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.13. N 383 қаулысымен. ~P000383

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат) сәйкес және қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын ұрлау, халық шаруашылығы салаларында жабдықтарды бөлшектеп алу фактiлерiн болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың қоса берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Мемлекеттік кіріс министрлiгiнiң Салық полициясы комитетiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен және прокуратура органдарымен келiсе отырып, жабдықтарды бөлшектеп алу, қара және түстi металдарды ұрлау фактiлерiн ашу жөнiнде шаралар қабылдасын және кiнәлiлердi заңдарда белгiленген жауапқа тартатын болсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.05. N 924
               қаулысымен. P990924_
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесе отырып бiр ай мерзiм iшiнде "Электр энергиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2725 U952725_ Заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 166-құжат) 20-бабына сәйкес ұлттық және мемлекетаралық мақсаттағы электр беру желiлерiн әскерилендiрiлген күзеттiң арнайы қызметiн құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып екi апта мерзiм
iшiнде Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес
келтiру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
     5. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 29 қыркүйектегi
                                           N 969 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

       Түстi және металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау
       (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi
                       лицензиялаудың тәртiбi

                         1. Жалпы ережелер



      1. Осы Ереже заңды тұлғаларға әскери және ғарыштық тұрғыдағы сынықтар мен қалдықтарды қоспағанда, түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметке лицензиялар (бұдан әрi - Лицензия) берудiң тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату саласындағы заңды тұлғалардың қызметiн лицензиялау жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - Лицензиар) болып табылады.

               2. Лицензия берудiң тәртiбi мен шарттары

      3. Лицензия заңды тұлғаларға (бұдан әрi - Лицензиат) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес берiледi.
      4. Лицензия бiр данада ресiмделедi.
      5. Лицензия қатаң есеп беру құжаты болып табылады және Лицензиатта сақталады.
      6. Лицензия алу үшiн өтініш беруші Лицензиарға Жарлықтың 16-бабында көзделген құжаттарды ұсынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.05. N 924
               қаулысымен. P990924_

      7. Өтініш берушінің Лицензия алу үшiн беретiн өтiнiшiн Лицензиар барлық қажеттi құжаттар болғанда ол берiлген сәтте Лицензиар мiндеттi түрде тiркеуi тиiс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.05. N 924
               қаулысымен. P990924_

      8. Өтiнiш берушi Лицензия алу үшiн Лицензиарға ұсынылатын құжаттардағы мәлiметтердiң сенiмдiлiгi мен толықтығы үшiн жауап бередi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.05. N 924
               қаулысымен. P990924_

      9. Лицензиат табыс еткен құжаттарды қосымша тексеру қажет болғанда, Лицензия беру туралы шешiм оны тексеру жүргiзiлгеннен кейiн, бiрақ Лицензиар өтiнiштi тiркеген күннен бастап 30 күннен, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн 10 күннен кешiктiрмей шығарылады.
      10. Лицензияны беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтату, керi қайтарып алу мен күшiн тоқтата тұру Жарлыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензия бiлiктiлiк деңгейi қызметтiң осы түрлерi үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келетiн Лицензиатқа берiледi.
      12. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу алымның мөлшерi, оны төлеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленедi.
      13. Заңды тұлға қайта тiркелгенде, сондай-ақ мекен-жайын, банктiк және басқа да деректемелерiн өзгерткенде, Лицензиат бұл туралы Лицензиарға он күн мерзiм iшiнде хабарлауы тиiс.
      14. Лицензиялық тәртiп белгiленген қызметтi лицензиясыз жүзеге асырудан түскен кiрiс заңдарда белгiленген жағдайларда тиiстi бюджетке алынуға жатады.

               3. Лицензиаттың құқықтары мен мiндеттерi

      15. Лицензиат:
      1) лицензияда көзделген қызметтi жүзеге асыруға;
      2) алынған кiрiстердi өз қалауы бойынша пайдалануға;
      3) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату немесе керi қайтарып алу мәселесi жөнiндегi барлық материалдармен танысуға құқылы.
      16. Лицензиат:
      1) белгiленген тәртiппен бекiтiлген стандарттарды (ережелер мен нормаларды) сақтауды; түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары қозғалысының есебін Лицензиар бекіткен Тәртіпке сәйкес жүргізуді; <*>
      2) түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау

(дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi Лицензиармен
бекiтiлген талаптардың қатаң орындалуын;
<*>

     3) жұмыстардың қызметкерлер мен тұрғындар үшiн қауiпсiз
жүргiзiлуiн;
     4) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы
үшiн алымның уақытылы және дұрыс енгiзiлуiн қамтамасыз етуге
мiндеттi.
     ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.05. N 924 
              қаулысымен.  

P990924_

 
     ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.01.06. N 23 
              қаулысымен.  

P000023_

 

         4. Лицензияда көзделген жұмыстар мен қызметтердiң
                              тiзбесi

     17. Лицензияда көзделген жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiне
мыналар кiредi:


      1) түстi және (немесе) қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау - металл сынықтарын жинауды ұйымдастыру;
      лицензиаттарға жеке тұлғалардан түсті металдардың қорғасын аккумуляторларының сынықтары мен қалдықтарынан басқа, сынықтары мен қалдықтарын қабылдауға тыйым салу. <*>
      2) түстi және (немесе) қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын дайындау - заңды және жеке тұлғалардан металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдау үшiн дайындау пункттерiн ұйымдастыру;
      3) түстi және (немесе) қара металдардың сынықтары мен

қалдықтарын сақтау;
     4) түстi және (немесе) қара металдардың сынықтары мен
қалдықтарын өңдеу - бөлу, сұрыптау, брикеттерге айналдыру,
пакеттерге салу, технологиялық ұқсатулар және тағы басқалар;
     5) түстi және (немесе) қара металдардың сынықтары мен
қалдықтарын сату;
     6) жеке тұлғалардың қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын 
дайындау.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 17-тармақтың 1)-тармақшасы жаңа абзацпен толықтырылды -
              ҚРҮ-нің 1999.02.05. N 98 қаулысымен.  

P990098_

   
     ЕСКЕРТУ. 17-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.06. N 23 
              қаулысымен.  

P000023_

 
     
     18. Қызметтiң аталған түрлерiнiң әрқайсысы бойынша жеке
лицензия берiлуi мүмкiн.

                      5. Бiлiктiлiк талаптары



      19. Лицензиаттың құрылтай құжаттарында түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сатумен байланысты қызметтi жүзеге асыруға шектеулер болмауға тиiс.
      20. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға талап бiлдiретiн заңды тұлғаларда мыналар болуға тиiс:
      1) 1639-93 ГОСТ "Түстi металдар мен қорытпалардың сынықтары мен қалдықтары", 2787-75 ГОСТ "Қайталама қара металдар" талаптарына сәйкес жабдықталған, түстi және қара металдарды жинауға арналған арнайы алаң және меншік құқығындағы тиесілі өндірістік база (мемлекеттен ұзақ мерзімдік жалға алу құқығында жер учаскесіне иелік етуге рұқсат етіледі). Алаң қоршалуы, күзетiлуi тиiс және мөлшерлерi мынадай болуы қажет: <*>
      түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн кемiнде 400 шаршы метр;
      қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн кемiнде 2500 шаршы метр.
      Түстi металдардың қалдықтары мен сынықтарын жинайтын және өңдейтiн орын асфальтталуы, ал қара металдар үшiн - қатты төсенiшпен (қиыршық тас, тығыздалған топырақ және т.б.) жабылуы тиiс.
      Алаң автокөлiк үшiн кiрiс жолдарымен, ал қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау мен сақтау үшiн - кiрiс темiр жолдарымен (тұйық) қамтамасыз етiлуi тиiс; <*>
      2) тиiстi жабдықпен жарақтандырылған өлшеу шаруашылығы;
      3) металл сынықтары мен қалдықтарын жинау дайындау, сақтау, өңдеу және сату мәселелерiне қатысты ГОСТ-тар мен нұсқаулықтардың талаптарын орындауға қабілеттi оқытылған қызметкерлер;
      4) контейнерлер, қақпақтары, бөлек орындары және т.с.с. бар металл жинағыштар, алаңды түстi металдар мен қорытпалардың сынықтары мен қалдықтарының топтары, түрлерi, маркалары мен сорттары бойынша жеке сақтау үшiн 1639-93 ГОСТ-қа сәйкес жарақтандыру; <*>
      5) түстi металл сынықтары мен қалдықтарын сақтауға арналған, жауын-шашын мен ылғалдың тиюiне жол бермейтiн жабық қора жайлар, немесе шатырлар, сондай-ақ радиацияны өлшеуге арналған жабдық;
      6) сынықтар мен қалдықтарды металдардың атаулары, сыныптары, топтары, маркалары мен сорттары бойынша сұрыптау және буып-түю үшiн жабдықтары мен аспаптары бар арнайы алаң;
      7) қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын сақтауға арналған өрт қауiпсiздiгi талаптарына (ГОСТ 12.1.004-76) жауап беретiн және өрт сөндiру мен дабыл беру құралдарымен жарақтандырылған қора-жайлар мен қоймалар;
      түсті металдардың жарылу қаупі бар сынықтарын сақтауға арналған, жарылу қауіпсіздігінің талаптарына (12.1.010-76 ГОСТ) жауап беретін және өрт сөндіру мен дабыл беру құралдарымен жарақтандырылған қоймалар мен үй-жайлар. <*>
      8) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бекiтiлген түстi және қара металдарды жинау (дайындау), сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi нұсқаулықтар; <*>
      9) лицензия алу үшiн санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы сақтауға және/немесе өңдеуге;
      ЖШТ (245-71-СН) жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы, ұқсатылған металдарды қайта өңдеу жөніндегі цехтың жұмыс жобасы, балқыту пешіне арналған техникалық құжаттама, мемстандарттың тексеру актісі, шығарылатын өнімге арналған тауарлық белгі. <*>
      10) облыстардың Алматы және Астана қалаларының - лицензиат қызметiн жүзеге асыратын аймақтың әкiмшiлiктерiнiң лицензия беру туралы өтiнiшi және бюджет алдында берешегiнiң жоқ екенi туралы ақпараты бар лицензиар бекіткен нысан бойынша өтiнiм. <*>
      ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.05. N 924
               қаулысымен. P990924_
      ЕСКЕРТУ. 20-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.06. N 23
               қаулысымен. P000023_

      21. Түстi және қара металдардың сынықтары (тұтынуда болған рельстер, темір жол төсенішінің және жылжымалы құрамның элементтері) мен қалдықтарын сату құқығына рұқсат алу үшiн Лицензиат осы Тәртiптiң 20-тармағында көрсетiлген талаптарды сақтауға қоса Лицензиарға: <*>
      1) дайындалған металл сынықтарының шығу тегiн растайтын құжаттаманы;
      Түсті (электротехникалық тектегі), қара сынықтарды (тұтынуда болған рельстерді, темір жол төсеніштерін, жылжымалы құрамның элементтерін) тапсыруға, тізбесін тиісті министрліктер бекітетін, көрсетілген салалардағы мамандандырылған ұйымдардың құқығы бар.
      2) металл сынықтарының жиналғаны (дайындалғаны), өңделгенi

туралы Лицензиар бекiткен нысанда есептi ұсынады.
<*>

     3) рұқсат беру Лицензиар бекіткен Регламент бойынша жүзеге 
асырылады; рұқсатты алуға берілген өтінішті қарау мерзімі 30 күннен 
аспайды; түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын 
республикадан тысқары сатуға арналған лицензияның қолданылу мерзімі алты 
айдан аспайды.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 
              1999.07.05. N 924 қаулысымен.  

P990924_

 
     ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің          
              2000.01.06. N 23 қаулысымен.  

P000023_

 

             6. Лицензияны керi қайтарып алу және оның
                      қолданылуын тоқтату тұру

     22. Лицензия Жарлықтың 22-бабында көзделген жағдайлар мен
тәртiпте керi қайтарылуы мүмкiн.
     23. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып,
лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы.

                7. Лицензияда белгiленген шарттардың
                       орындалуына бақылау жасау

     24. Лицензиялық шарттардың орындалуына бақылауды Лицензиар
жүзеге асырады.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады