Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 қыркүйектегі
Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын тапсырмасына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мына құрамда Үкіметтік нысаналы топ құрылсын:
Павлов Александр - Қазақстан Республикасы
Сергеевич Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Әблязов Мұхтар - Қазақстан Республикасының
Қабылұлы Энергетика, индустрия және сауда
министрі, төрағаның орынбасары
Бүркітбаев Серік - Қазақстан Республикасының
Мінабарұлы Көлік және коммуникациялар
министрі
Радостовец Николай - Қазақстан Республикасының
Владимирович Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі комитетінің төрағасы
Әбітаев Есберген - Қазақстан Республикасының
Әбітайұлы Энергетика, индустрия және
сауда бірінші вице-министрі
Әбілғазин Дәнияр - Қазақстан Республикасының
Рүстемұлы Қаржы вице-министрі
Сәрсембеков Төлеген - Қазақстан Республикасының Ауыл
Тәжібайұлы шаруашылығы министрлігі Су
ресурстары жөніндегі комитетінің
төрағасы
Тиесов Сүйіншілік - Қазақстан Республикасының
Әмірхамзаұлы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі департаментінің
директоры
Нупов Вячеслав - Қазақстан Республикасының
Шамахович Энергетика, индустрия және
сауда министрлігі департаменті
директорының орынбасары
Мырзахметов Абылай - "Қазақстан темір жолы"
Исабекұлы республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының бас директоры
Наурызбаев Әсет - "KEGOC" АҚ президенті
Қабдошұлы
2. Үкіметтік нысаналы топ:
бір апта мерзім ішінде төтенше шаралардың, оның ішінде халықты қысқы уақытта жылумен және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жоспарын әзірлеп, бекітуге ұсынсын;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың республиканың өндірістік және әлеуметтік кешендерінің қысқы кезеңде жұмыс істеу мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіретін болсын. Қажет болған жағдайда жауапты қызметкерлерді лауазымдарынан босатуға дейін заңдарда белгіленген тәртіппен шаралар қолдансын;
апта сайын жүргізіліп отырған жұмыс туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне хабарлап отырсын;
Мемлекет Басшысы тапсырмаларының және аталған мәселе бойынша қабылданған Үкімет актілерінің орындалуын үйлестірсін және оның барысына бақылау жасасын.
3. Барлық деңгейдегі әкімдерге жылу көздерінің, жылу энергиясы мен
газды тасымалдау және тұтыну, сондай-ақ қысқы кезеңге жылу мен электр
энергиясын тұрақты қамтамасыз ету жүйелерінің уақтылы дайындалуына жеке
жауапкершілік жүктелсін.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
осындай мәселелерді шешу үшін аймақтарда нысаналы топтар құрсын;
қысқа дайындық барысын және аймақтық нысаналы топтардың қызметін
бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуді ұйымдастырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі