Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қорынан қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 6 қазан N 1000

      Солтүстік Қазақстан облысының Заозерный және Саумалкөл поселкелерін 1998-1999 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау және жылумен қамтамасыз ету жөніндегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қорынан табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға көзделген қаражаттың есебінен Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне 35 545000 (отыз бес миллион бес жүз қырық бес мың) теңге, оның ішінде:
      Заозерный поселкесінің N 3 кен басқармасы қазандығын жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін 5500000 (бес миллион бес жүз мың) теңге және Саумалкөл поселкесінің көп қабатты тұрғын үй қоры үшін отандық өндірістің жеке жылыту қондырғыларын монтаждауға 23522000 (жиырма үш миллион бес жүз жиырма екі мың) теңге;
      Заозерный поселкесінің N 3 кен басқармасының қазандығы үшін екібастұз көмірін сатып алуға 6445000 (алты миллион төрт жүз қырық бес мың) теңге бөлінсін.
      2. Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне көмірді қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алуды жүзеге асыру ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады