Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді пайдалануға беруді жеделдету жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 28 қазан N 1098. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді пайдалануға беруді жеделдету және азаматтардың қорғалмаған бөлігін қолдауға арналған мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын қосымша қалыптастыру үшін инвесторлар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне:
      1) Қайта ұйымдастырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы банкінің жарғылық капиталы болып табылмайтын құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді алып отырған жер учаскелерімен қоса, мемлекет қаражаты есебінен төленген құрылысқа кеткен шығыстарды алмай, берешектің қалған бөлігін өтеу, құрылысты аяқтау және халықтың қорғалмаған бөлігін қолдау үшін пәтерлердің бір бөлігін мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына бөлу шартымен, инвесторларға конкурстық негізде беруді заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асыру; 2) құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді белгіленген тәртіппен инвесторларға беру жөніндегі конкурстарды өткізу тәртібін реттейтін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.13. N 565 қаулысымен. P000565_ 2. ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.04.13. N 565 қаулысымен. P000565_ 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады