Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Қазақалтын" акционерлік қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 тамыздағы N 727 P980727_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1)тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) конкурстық басқарушыға конкурстық массаны өндірісте
тауарлық-материалдық құндылықтар, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер
және негізгі қорлар бөлігінде пайдалану құқығын беру";
7)-тармақша "сатып алушының" деген сөздердің алдынан "конкурстық
массаның құрамына кірмейтін мүлікті пайдаланған кезде" деген сөздермен
толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8)тармақшамен толықтырылсын:
"8) конкурстық басқарушы конкурстық массаның құрамына кіретін мүлікті
тауарлық-материалдық құндылықтар, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер
және негізгі қорлар бөлігінде пайдаланғанда, олардың құны сатып алу құнына
енгізіледі".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі