Республикалық ұланға Қазақстан Республикасының аумағына оқ-дәрі әкелуге рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 1 желтоқсан N 1210

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстар мен қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық ұланға Қазақстан Республикасына "Бішкек машина жасау зауыты" акционерлік қоғамымен 1998 жылғы 8 маусымда жасалған N 17 беру шарты бойынша Қырғыз Республикасынан тапаншаларға 76800 дана мөлшерінде 9 мм калибрлі (СЭҚ ТН коды 930630100) патрондар әкелуге рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

 

министрлігі республикалық ұланға заңда белгіленген тәртіппен аталған

өнімді импорттауға лицензия беретін болсын.

     3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

комитеті өнімнің әкелінуіне бақылау жасауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады