1. 1997 жылғы 17 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі келісім бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан
Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы Әзербайжан Республикасына, Армения Республикасына, Беларусь Республикасына, Грузияға, Қырғызстан Республикасына, Молдова Республикасына, Ресей Федерациясына, Тәжікстан Республикасына, Түркіменстанға, Украинаға хабарласын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 1997 жылдың 17 қаңтарынан ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі КЕЛІСІМ Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің Үкіметтері, 1993 жылдың 24 қыркүйегіндегі Экономикалық одақ құру жөніндегі Шартты басшылыққа ала отырып,
Экономикалық ынтымақтастықты дамыту ісінде және рынокты тауар және қызмет көрсетумен толтыруда шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын тани отырып, Әлеуметтік шиеленісті бәсеңдетуде рыноктық инфрақұрылым қалыптастыруында және жаңа жұмыс орнын құруда шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық ролін сезіне отырып,
Шағын және орта бизнес өкілдерінің мүдделерін қорғау қажеттілігін түсіне отырып шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мейлінше ықпал ету үшін қажетті құқықтық, экономикалық және ұйымдық жағдайлар жасау мақсатын көздей отырып,
төмендегі туралы келісті:
Бап 1
Тараптар, осы мақсаттағы Келісім бойынша шағын кәсіпкерліктің субъектілері деп, оларды тіркейтін мемлекеттің заңдар жинағына сәйкес осы статусты алған заңды және жеке тұлғаны мойындайды.
Бап 2
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытуда, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелерінде Тараптар толық өз бетінше өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады және келесі бағыттарда бірлесіп жұмыс жасайды:
ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
арасында іскерлік байланыстарды дамытуға және орнатуға ықпал ету; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін жандандыру үшін жағдайлар қалыптастыру; шағын кәсіпкерлікке қаржы-несие және инвестициялық қолдауға ықпал ету; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық қызметінің дамуына ықпал ету; шағын кәсіпкерліктің қызметін регламенттейтін, Тараптардың ереже белгілейтін құқықтық негізді жақындастыру; шағын кәсіпкерлікті ақпараттық және кеңестік қамтамасыз етуінің бірлескен ұлттық және жалпы мемлекетаралық жүйе ашу; шағын кәсіпкерлік жөнінде оң қоғамдық пікір қалыптастыру; шағын кәсіпкерлік үшін кадрларды даярлау. Бап 3 Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдауда керекті қызметін қамтамасыз ету мақсатында Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттер шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында Консультативтік Кеңес құрады (ары қарай Кеңес). Кеңестің мақсаты мен қызметі, құрамы мен жағдайы, осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қағидамен анықталады. Бап 4 Осы Келісімнің қағидалары Тараптардың басқа халықаралық шарттарға байланысты қабылданған міндеттемелерді қарастырмайды. Бап 5 Осы Келісім қол қойылған күннен бастап уақытша түрде қолданылады және барлық Тараптардың ішкі мемлекеттік мәмілелерді орындау жөнінде үшінші жазбаша хабарландырумен депозитарийге сақтауға берілген күннен бастап өз күшіне енеді. Керекті мәмілелерді кеш орындаған Тараптар үшін депозитарийге керекті құжаттарды өткізген күннен бастап күшіне енеді. Бап 6 Осы Келісімге Тараптардың жалпы келісуінен кейін өзгертулер мен қосымшалар енгізуге болады. Бап 7 Осы Келісімді қолданумен және түсінік берумен байланысқан талас сұрақтар қызықтырушы Тараптардың байланыссөзімен және консультация жолымен шешіледі. Бап 8 Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 5 жыл уақыт ішінде қолданылады. Осы мерзім біткен уақытта егер Тараптар басқа шешім қабылдамаса бұл мерзім дағдылы түрде 5 жыл мерзімге созылып отырады. Бап 9
Әрбір Тарап, шығуына 6 айдан кешіктірмей депозитарийге жазбаша түрде
хабарлап, Келісім бойынша қызмет ету кезінде пайда болған қаржылық және басқа жауапкершілігін реттеп, осы Келісімнен шыға алады. Бап 10 Осы Келісім, оның мақсаты мен принциптерін бөлісетін басқа мемлекеттердің қосылуына құжаттарын өткізу жолы арқылы ашық. 1997 жылдың 17 қаңтарында Москва қаласында орыс тілінде жалғыз түпнұсқа дана түрінде жасалған. Түпнұсқасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Орындаушы Секретариатында сақталады, осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның қол қойылған көшірмесі жіберіледі. Үкімет басшылары қол қойған Әзербайжан Республикасы (ерекше ойды ескере отырып) Армения Республикасы (ерекше ойды ескере отырып) Беларусь Республикасы Грузия Үкіметі үшін (ескертуді ескере отырып) Қазақстан Республикасы Қырғыз Республикасы Молдова Республикасы Ресей Федерациясы Тәжікстан Республикасы Украина (ескертпемен)