Қазақстан Республикасының Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкінің жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған жазылымға төлем жасау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 18 желтоқсан N 1297

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкіндегі мүшелері туралы" 1993 жылғы 15 желтоқсандағы N 1212 U931212_ Жарлығына және Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкі Басқарушылар Кеңесінің N 59 қарарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) 1998 жылдың 30 желтоқсанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтік қорынан Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкінің (бұдан әрі - ЕКДБ) жарғылық капиталын ұлғайтуға 427 642.67 (төрт жүз жиырма жеті мың алты жүз қырық екі доллар және алпыс жеті цент) АҚШ доллары сомасында Қазақстан Республикасының 1998 жылға арналған төлемін жүзеге асырсын;
      2) ЕКДБ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған 6 151 475.33 (алты миллион жүз елу бір мың төрт жүз жетпіс бес доллар және отыз үш цент) АҚШ доллары сомасындағы қалған төлемдерді төлеу үшін 1999 жылдан 2005 жылға дейін республикалық бюджеттің жобаларын әзірлеу кезінде жыл сайын

 

шығындарда көздесін.

     2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігіне жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады