Қазақстан Республикасының "Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1999 жылдың ішінде "Құмтөр Оперейтинг Компани" компаниясы (Қырғыз Республикасы) мына ұйымдармен жасасқан:
1) "Дю Понт Немурз Интл.С.А." (АҚШ) 1998 жылғы 20 қазандағы N 20726 - көлемі 1920 тонна және 1998 жылғы 23 қазандағы N 20192 - көлемі 960 тонна;
2) "Ай Си Ай Акриликс Интернэшнл Метакрилы және Рек Бизнес" (Ұлыбритания) 1997 жылғы 20 тамыздағы N 15308 - көлемі 120 тонна;
3) "СНИЕК Ксинянг Корпорациясы" (ҚХР) 1998 жылғы 20 қазандағы N 19108 - көлемі 2000 тонна;
4) "Нитро-Взрыв" акционерлік қоғамы (Ресей Федерациясы) 1998 жылғы 1 қазандағы N 40787, көлемі 275 тонна сатып алу тапсырмаларына сәйкес Америка Құрама Штаттарынан, Ұлыбританиядан, Қытай Халық Республикасынан "цианды натрий" улы затының және Ресей Федерациясынан "Гранипор-ФМ" жарылғыш затының Қырғыз Республикасына транзитіне рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Достастыққа мүше елдердің 1996 жылғы 5 сәуірдегі Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің он бесінші отырысында бекітілген Темір жол бойынша қауіпті жүктерді тасымалдаудың тәртібіне сәйкес жүктің Қазақстанның аумағы бойынша жүруінің айрықша қауіпсіздік шаралары мен оған бақылау жасауды қамтамасыз ете отырып тасымалдауды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен транзиттік тасымалдауларға бақылау
жасауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.