"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 Жарлығын орындау жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 30 желтоқсан N 1368

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 U984176_ Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп (келісім бойынша) 1999 жылдың 20 қаңтарына дейін

 

мерзімде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы

отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені

әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:    

  Орынбекова Д.К.

  Кобдалиева Н.М.   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады