Қазақстан Республикасының фосфор саласын қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 1372

      Фосфор саласын қолдау және оның одан әрі дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Бокс Плант" компаниясының "Жаңа Жамбыл фосфор зауыты" өндірістік кооперативінің белгілі бір мүлкін сатып алу туралы шарт жасасу туралы ұсынысы мен "Қаратау" КБК" мен "Тексуна Кимеклз Инк" МКК еңбек ұжымының "Жаңатас" КБК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен кәсіпорнын құру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.01.12. N 21 қаулысымен. P990021_
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп 1999 жылдың 10 қаңтарына дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мен "Тексуна Кимеклз Инк." МКК-ның арасында жасалған 1998 жылғы 24 наурыздағы мемлекеттік мүлікті сатып алу-сату шартының, "Тексуна Кимеклз Инк." МКК сатып алған фосфор саласы ұйымдарының мүлкін басқа заңды тұлғалардың меншігіне беру жөніндегі мәмілелердің сәйкес келуі тұрғысына қорытынды ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңдарда белгіленген тәртіппен 1999 жылдың 15 қаңтарына дейін мерзімде:
      1) "Бокс Плант" компаниясына "Жаңа Жамбыл фосфор зауыты" өндірістік кооперативінің белгілі бір мүлкін беруге жәрдем көрсетсін;
      2) "Тексуна Кимеклз Инк." МКК-мен бірлесіп, осы қаулыны іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мен "Тексуна Кимеклз Инк." МКК-ның арасында жасалған 1998 жылғы 24 наурыздағы мемлекеттік мүлікті сатып алу-сату шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс дайындасын және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен 1999 жылдың 15 қаңтарына дейін мерзімде:
      1) "Шымкент ЖЭҰ-3" акционерлік қоғамына 1999 жылдың 1 қазанына дейін мерзімге салық пен республикалық бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді кейінге қалдыруға рұқсат берсін;
      2) "Жаңа Жамбыл фосфор зауыты" өндірістік кооперативі мен "Бокс Плант" компаниясына экспорттық операцияларды жүзеге асырудың немесе басқа заңды тұлғалармен ҚҚС бойынша өзара есептесуді жүргізудің нәтижесінде пайда болған ҚҚС сомаларын қайтаруды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) "Бокс Плант" компаниясы мен "Жаңатас" КБК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне фосфор саласы ұйымдарына ұсынылған жеңілдіктер мен преференцияларды берудің мүмкіндігін қарасын;
      2) 1999 жылдың 1 ақпанына дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия министрлігімен және Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп "Тексуна Кимеклз Инк." МКК-ның, "Қазфосфор" ашық акционерлік қоғамының қажетті лицензиялары мен рұқсат ету құжаттамаларын "Жаңа Жамбыл фосфор зауыты" өндірістік кооперативіне, "Бокс Плант" компаниясына және "Жаңатас" КБК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта ресімдеуді қамтамасыз етсін.
      6.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.31.
               N 485 қаулысымен. P000485_
      7. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстардың әкімдері заңдарда белгіленген тәртіппен 1999 жылдың 1 ақпанына дейін мерзімде "Тексуна Кимеклз Инк." МКК-ға, "Қазфосфор" ашық акционерлік қоғамына және "Қаратау" акционерлік қоғамына бекітілген жер учаскелерінің бір бөлігіне құқықтарды

 

"Жаңатас" КБК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта ресімдеуді

қамтамасыз етсін.

     8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының

Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

     9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:    

  Қобдалиева Н.

  Икебаева А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады