Қылмыстық-атқару жүйесiнiң кәсiпорындарында тас өңдеу өндiрiсiн дамыту мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 12 маусымдағы N 533a

      Түзеу мекемелерiнде жазасын өтеуге сотталғандардың еңбек етуге құқығын жүзеге асыру үшiн қажеттi жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң бiреуiмен үш жыл мерзiмге 2,5 млн. АҚШ долларына бара-бар сомаға несиелiк келiсiм жасау туралы шешiмi мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiне заемдық қаражатты Жамбыл және Алматы облыстарындағы түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарына тас өңдеу өндiрiсiн дамытуға бағыттау ұсынылсын.
      3. 1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi несиелiк шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда пайда болған берешектi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне қылмыстық-атқару жүйесiн ұстауға бөлiнген қаражаттың есебiнен өтеу;
      2) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдау тапсырылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады