Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 ақпандағы N 88 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Жарлығының 114-бабына сәйкес, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қосымшаға сәйкес, шыққан елі Қырғыз Республикасы болып табылатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арнаулы кедендік баждың ставкасы 200 процент мөлшерінде бекітілсін. 
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының Интеграциялық комитетіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық кеңесінің Атқарушы комитетіне Қазақстан тарапынан қабылданатын қорғаныштық шаралар туралы хабарласын.
      3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді және 6 ай бойы қолданылады.
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.07. N 1111 қаулысымен.  P991111_  

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             1999 жылғы 5 ақпандағы
                                                 N 88 қаулысына
                                                     қосымша

      ЕСКЕРТУ. ҚОСЫМША өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.07. N 1111 қаулысымен.  P991111_  

             Қырғыз Республикасының аумағынан Қазақстан
            Республикасының аумағына әкелу кезінде оларға
               қатысты арнаулы кеден баж қолданылатын
                         тауарлардың тізбесі

___________________________________________________________________
          Тауардың атауы                           | СЭҚ ТН коды
___________________________________________________|_______________
Сары май мен сүт майлары, басқалары,               |      0405
сүт пасталары                                      |
___________________________________________________|_______________

Алкогольді және алкогольсіз сусындар               |       22
___________________________________________________|_______________
Бiшкек - Кока-Кола" өнiмінен басқасы               |
-------------------------------------------------------------------

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады