"Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 11 ақпан N 114

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы

азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек және құқықтық қатынастар

туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                   Қазақстан Республикасының Заңы


           Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы

          арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек

          және құқықтық қатынастар туралы шартты бекіту туралы


     1997 жылғы 10 маусымда Алматы қаласында жасалған Қазақстан

Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы азаматтық істер

жөніндегі құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарт бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Президенті


            Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы

           арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек

                    және құқықтық қатынастар туралы

                                Шарт


     Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан

Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы,

     халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қалыптарды басшылыққа ала

отырып,

     Уағдаласушы екі Тарап азаматтарының жеке және мүліктік

құқықтарының тең құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге ұмтылуға сүйене

отырып,

     азаматтық істер жөніндегі құқықтық ынтымақтастықты дамытуға зор маңыз

бере отырып,

     төмендегілер туралы уағдаласты:


                           1-тарау

                         Жалпы ережелер


                           1-бөлім

                       Құқықтық қорғау


                            1-бап

                  Құқықтық қорғауды ұсыну



 
       1. Уағдаласушы бір Тараптың азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұрақты басқа адамдар басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында өздерінің жеке және мүліктік құқықтарына қатысты аталған Уағдаласушы Тарап азаматтары пайдаланатын құқықтық қорғауды пайдаланады.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тараптың азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұратын басқа адамдар басқа Уағдаласушы Тараптың соттарына, прокуратурасына, ішкі істер, әділет органдарына және құзыретіне азаматтық істер жататын (бұдан әрі "әділет мекемелері" деп аталатын) өзге мекемелеріне кедергісіз бара алады, онда аталған Уағдаласушы Тарап азаматтарына қолданылатын шарттарды сөз сөйлей, құзаухаттар қозғай, талаптар ұсына және басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыра алады.
      3. Осы Шарт ережелері олардың заңдарына сәйкес Уағдаласушы Тараптар аумақтарында құрылған заңды тұлғаларға қолданылады.
 
                              2-бап
 
      Баждарды төлеуден босату және шығындардың орнын толтыру
      1. Әрбір Уағдаласушы Тараптың азаматтары, оның аумағында тұратын өзге адамдар басқа Уағдаласушы Тарап аумағында сот және нотариалдық баждар мен шығындарды төлеуден және олардың орнын толтырудан босатылады, сондай-ақ аталған Уағдаласушы Тарап азаматтарына ұсынылатын шарттар мен көлемде ақысыз заңгерлік көмекті пайдаланады.
      2. Осы баптың 1-тармағына көзделген жеңілдіктер, шешімнің орындалуын қосқанда, нақты іс бойынша жүзеге асырылатын барлық іс жүргізу әрекеттеріне қолданылады.
 
                           3-бап
            Жеке, отбасылық және мүліктің жағдай туралы
                      құжаттар ұсыну
 
      1. Осы Шарттың 2-бабында көзделген жеңілдіктер туралы құзаухаттарды қозғаған адамның жеке отбасы және мүліктік жағдайы туралы құжаттар негізінде ұсынылады. Бұл құжаттарды аумағында аталған адамның тұратын жері немесе орналасқан жері бар Уағдаласушы Тараптың құзыретті мекемелері береді.
      2. Егер құзаухат қозғаған адамның Уағдаласушы Тарап аумағында

 

тұратын жері немесе орналасқан жері болмаса, онда осы баптың

1-тармағында көзделген құжаттарды ол азаматы болып табылатын

Уағдаласушы Тараптың тиісті дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық

мекемесі бере алады.


                            ІІ бөлім

                        Құқықтық көмек


                           4-бап

                      Құқықтық көмек көлемі


     Уағдаласушы Тараптардың әділет мекемелері сұрау салынған

Уағдаласушы Тараптың заңдарында көзделген іс жүргізу және басқа

әрекеттерді орындау жолымен бір-біріне құқықтық көмек көрсетеді. Соның

ішінде:

     а) банк, қаржылық, заң және іскерлік құжаттарды қосқанда,

құжаттарды құру және жолдау тиісті құжаттар мен материалдардың

түпнұсқаларын немесе куәландырылған көшірмелерін ұсыну;

     б) қарау және куәландыру өткізу;

     в) сарап жүргізу;

     г) тараптардан, куәлардан, сарапшылардан жауап алу;

     д) сот құжаттарын ұсыну;


 
       е) азаматтық және отбасылық істер бойынша сот шешімдерін, азаматтық талап бөлігінде қылмыстық істер бойынша үкімдерді, атқару жазуларын мойындау және орындау.
 
                            5-бап
                       Қатынастар тәртібі
 
      Егер осы Шартта қатынас жасаудың басқа тәртібі белгіленбесе, құқықтық көмек көрсету кезінде Уағдаласушы Тараптардың әділет мекемелері бір-бірімен өздерінің орталық органдары арқылы қатынасады.
      Орталық органдар болып Қазақстан Республикасы үшін - Әділет министрлігі. Әзірбайжан Республикасы үшін - Әділет министрлігі табылады.
 
                           6-бап
          Құқықтық көмек көрсету туралы өтініш мазмұны
      1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтініште мыналар болуға тиіс:
      а) сұрау салушы әділет мекемесінің атауы және сұрау салынған әділет мекемесінің атауы;
      б) құқықтық көмек сұралып отырған істің атауы, өтініш мақсатын баяндау және сұралып отырған көмекті сипаттау;
      в) тараптардың, куәлардың аттары және фамилиялары, олардың тұратын жері немесе орналасқан жері, азаматтығы, кәсібі туралы мағлұматтар, заңды тұлғалар үшін - олардың атауы және орналасқан жері;
      г) "в" тармақшасында аталған адамдардың өкілдері болған жағдайда - олардың аттары, фамилиялары және мекен-жайлары;
      д) орындалуы талап етіліп отырған нақты процедураны қолдану себептері және егжей-тегжейлі сипаттамасы;
      е) қылмыстық істер бойынша, егер қылмыс нәтижесінде зиян келтірілген болса, материалдық зиянның мөлшері туралы мағлұматтар:
      ж) қажет болған кезде, өтініш орындалуға тиіс мерзімді көрсету;
      2. Қажет болған жағдайда, өтінішке өтініштің орындалуын жеңілдететін немесе прокурорлар санкциялайтын іс жүргізу әрекеттері үшін қажетті құжаттардың тиісті түрде куәландырылған көшірмелері немесе олардан алынған үзінділер қоса беріледі.
      3. Құжаттарды беру туралы өтінішке алушының нақты мекен-жайы және құжаттар атауы көрсетілуге тиіс.
      4. Өтініш тиісті лауазымды адаммен жазылу керек және сауал қойылған әділет мекемесінің елтаңба мөрімен бекітілу керек.
 
                           7-бап
                      Орындау тәртібі
 
      1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті орындау кезінде сұрау салынған әділет мекемесі өз мемлекетінің заңдарын қолданады.
      2. Егер сұрау салынған әділет мекемесі құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті орындауға құзыретті емес болса, ол өтінішті құзыретті мекемеге жолдайды және бұл туралы сұрау салған әділет мекемесіне хабарлайды.
      3. Егер бұған сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдары жол берсе, сұрау салған әділет мекемесінің өтініші бойынша сұрау салынған әділет мекемесі оның және мүдделі тараптардың өтініштің орындалуына қатысуы үшін, құқықтық көмек туралы өтініштің орындалуы уақыты мен орны туралы оған және мүдделі тараптарға хабарлайды.
      4. Уағдаласушы Тараптардың әділет мекемелері құқықтық көмек туралы өтініштердің өз уақытында және толық орындалуы үшін тиісті шаралар қабылдайды. Өтініш орындалған соң әділет мекемесі қажет болған жағдайда құқықтық көмек көрсету туралы өтінішке қоса берілген құжаттарды сұрау салған әділет мекемесіне қайтарады.
      5. Осы шарттың 19-бабына сәйкес құқықтық көмек көрсетіле алмайтын жағдайда сұрау салынған әділет мекемесі сұрау салушы мекемеге құқықтық көмек туралы өтінішті және қоса берілген құжаттарды қайтарады.
 
                           8-бап
            Куәларды, талапкерлерді, жауапкерлерді,
            олардың өкілдерін, сарапшыларды шақырту
 
      1. Қажет болған жағдайда, істі Уағдаласушы бір Тараптың аумағындағы сотта қарауға қатысу үшін басқа Уағдаласушы Тарап аумағында жүрген куәлар, талапкерлер, жауапкерлер, олардың өкілдері, сарапшылар шақырылады.
      2. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әділет мекемесі берген шақыру бойынша сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың әділет мекемесіне келген куә, талапкер, жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ сарапшы, өз елдерінің азаматтығына қарамастан, аталған Уағдаласушы Тарап аумағында оның мемлекеттік шекарасынан өткенге дейін жасалған қандай да бір қылмысқа байланысты қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, қамауға алынбайды немесе жазаланбайды. Бұл адамдар тергеу мәні болып табылатын іс бойынша олардың берген көрсетулері немесе сарапшы ретінде берген қорытындыларына байланысты қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, қамауға алынбайды немесе жазаланбайды.
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдар, егер олардан жауап алушы әділет мекемесі олардың қатысуы одан әрі қажет емес деп хабарлаған күннен бастап 15 тәулік өткен соң олар, бұл үшін мүмкіндігі бола тұра, сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан кетпесе, осы тармақта көзделген кепілдіктерінен айрылады. Бұл мерзімге бұл адамдардың басқалардың кінәсінен сұрау салушы Уағдаласушы тарап аумағынан кете алмаған уақыты қосылмайды.
      4. Уағдаласушы Тараптың куәсына, сарапшысына жұмыстан қол үзген күндер үшін төленбеген еңбекақыны қосқанда, жол жүруге және сұрау салушы мемлекет аумағында болуға байланысты шығындардың орны толтырылады. Сарапшының, сондай-ақ сарап жүргізгені үшін ақы алуға құқығы бар. Шақыруда шақырылған адамдардың қандай төлемдер алуға құқылы екендігі де көрсетілуге тиіс. Бұндай адамдардың өтініші бойынша сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың әділет мекемелері тиісті шығындардың орнын толтыруға аванс төлейді.
      5. Бір Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын жауапкерді немесе талапкерді, куәні немесе сарапшыны басқа Уағдаласушы Тараптың әділет мекемесіне шақыруда келмеген жағдайда күштеу шараларын қолдану қаупі болмауға тиіс.
 
                            9-бап
                    Құжаттарды беру тәртібі
 
      1. Егер беріліп отырған құжаттар осы мемлекеттің тілінде жасалған болса және тиісті түрде куәландырылған аудармасы болса, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әділет мекемелері құжаттарды беруді өтінішке және аталған Уағдаласушы Тарап аумағында қолданылатын ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
      2. Егер құжаттар өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша беріле алмайтын болса, сұрау салынған әділет мекемесі өз мемлекетінің заңдарына сәйкес мекен-жайды анықтау үшін қажетті шаралар қабылдайды. Мекен-жайды анықтау мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салынған әділет мекемесі бұл жөнінде сұрау салушы әділет мекемесіне хабарлайды және

 

берілуге тиіс құжаттарды оған қайтарады.


                       10-бап

              Құжаттардың берілуін растау


     Құжаттардың берілуін растау сұрау салынған Уағдаласушы Тарап

аумағында қолданылатын ережелерге сәйкес ресімделеді. Растауда беру

әдісі, орны және уақыты, сондай-ақ құжаттар берілген адам көрсетілуге

тиіс. Құжаттардың берілгендігін растау сұрау салушы әділет мекемесіне

жолданады.


                             11-бап

        Дипломатиялық өкілдіктердің жеке консулдық мекемелердің

                           өкілеттіктері


     Уағдаласушы Тараптар өздерінің дипломатиялық өкілдіктері немесе

консулдық мекемелері арқылы құжаттары беруге және басқа Уағдаласушы

Тарап аумағында орналасқан өз азаматтарынан жауап алуға құқылы. Бұл

жағдайда күштеу сипатындағы шаралар немесе оларды қолдану қаупі қолданыла

алмайды.


                             12-бап

                    Құжаттардың жарамдылығы



 
       1. Уағдаласушы бір Тараптың аумағында мекеме немесе осыған арнайы

 

өкілеттенген адам олардың құзыреттері шегінде және белгіленген нысанда

дайындаған немесе куәландырған және елтаңбалық мөрмен бекіткен

құжаттар басқа Уағдаласушы Тарап аумағында қандай да бір арнайы

куәландырусыз қабылданады.

     2. Уағдаласушы Тараптың бірінің аумағында ресми құжаттар ретінде

қаралатын құжаттар басқа Уағдаласушы Тарап аумағында ресми құжаттың

дәлелді күшін пайдаланады.


                        13-бап

           Азаматтық хал туралы құжаттарды және

                 басқа құжаттарды жолдау



 
       1. Уағдаласушы Тараптардың әділет мекемелері өтініш бойынша бір- біріне тікелей аудармасыз және ақысыз азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді, білімі, еңбек стажы туралы құжаттарды және өз мемлекеттері азаматтарының және Уағдаласушы Тараптар аумағында тұрақты тұратын адамдардың жеке немесе мүліктік құқықтарына және мүдделеріне қатысты басқа да құжаттарды жолдайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған құжаттарды Уағдаласушы Тараптардың әділет мекемелері басқа Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын мүдделі адамдарға олардың өтініштері бойынша аудармасыз және тікелей жолдай алады.
 
                      14-бап
       Мекен-жайларды және басқа мағлұматтарды анықтау
 
      1. Уағдаласушы Тараптардың әділет мекемелері өтініш бойынша бір-біріне, егер бұл азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру үшін қажет болса, өз мемлекеттерінің заңдарына сәйкес, Уағдаласушы Тараптар аумағында тұратын адамдардың мекен-жайларын анықтауда көмек көрсетеді. Бұл жағдайда сұрау салушы әділет мекемесі өтініште көрсетілген, адамның мекен-жайын анықтауға көмектесе алатын онда бар мағлұматтарды хабарлайды.
      2. Уағдаласушы Тараптардың әділет мекемелері сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың әділет мекемелері азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша мүліктік талаптар қойған, сұрау салушы Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын адамдардың азаматтық халын, жұмыс орнын немесе кәсібін және табысын анықтауда бір-біріне көмек көрсетеді.
      3. Осы бапқа сәйкес құқықтық көмек көрсету кезінде Уағдаласушы

 

Тараптың әділет мекемелері бір-бірімен өздерінің орталық органдары

арқылы да, тікелей де қатынас жасайды.


                         15-бап

              Құқықтық мәселелер жөніндегі ақпарат


     Уағдаласушы Тараптардың әділет мекемелерінің орталық органдары

өтініш бойынша бір-біріне олардың мемлекеттерінде қолданылып жүрген

немесе қолданылған заңдар туралы және оларды әділет мекемелерінің

қолдану практикасы туралы, сондай-ақ құқықтық мәселелер жөніндегі

басқа да ақпараттарды ұсынады.


                         16-бап

                         Тілдер



 
       1. Уағдаласушы Тараптардың әділет мекемелері осы Шартты орындау кезінде бір-бірімен қатынас жасауда, қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерін пайдаланады.
      2. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың тілінде жолданатын құжаттарға сұрау салушы Уағдаласушы Тарап тіліне немесе орыс тіліне жасалған аударма қоса беріледі.
      3. Құжаттардың жазбаша аудармасының дұрыстығын растау Уағдаласушы Тарап заңдарына және осы Шарт ережелеріне сәйкес жасалады.
 
                           17-бап
           Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығындар
      Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап құқықтық көмек көрсету жөніндегі шығындардың орнын толтыруды талап етпейді. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, Уағдаласушы Тараптар олардың аумақтарында құқықтық көмек көрсету кезінде пайда болған барлық шығындарды өздері көтереді.
 
                            18-бап
              Құқықтық көмек көрсетуден бас тарту
 
      1. Егер құқықтық жәрдем туралы өтінішті орындау адам құқықтарының

 

бұзылуына әкеліп соғатын, мемлекеттің егемендігіне немесе

қауіпсіздігіне залал келтіретін, не сұрау салынған Уағдаласушы

Тараптың заңдарына қайшы келетін болса, оның қанағаттандырудан толық

немесе ішінара бас тартылуы мүмкін.

     2. Өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімді қабылдаған

жағдайда, сұрау салушы Уағдаласушы Тарап бас тарту себептерін көрсете

отырып, ол жайлы жазбаша түрде хабарлайды.


                             ІІ Тарау

                 Азаматтық істер жөніндегі құқықтық қатынастар


                       І бөлім

                       Құзырет


                         19-бап

                      Жалпы ережелер



 
       1. Егер осы тараудың ІІ-V-бөлімдерінде өзгеше белгіленбесе, Уағдаласушы Тараптың біреуінің аумағында тұрғылықты жері бар адамдарға қойылатын талаптар олардың азаматтығына қарамастан, соның аумағында заңды тұлғаны басқару органы, оның өкілдігі не филиалы орналасқан осы Уағдаласушы Тараптың соттарына қойылады.
      2. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы және де өзге заттық құқықтар туралы талаптар бойынша тек мүлік орналасқан жердегі соттар ғана құзыретті. Жүктерді, жолаушылар мен багажды тасымалдау шартынан туындайтын тасымалдаушыларға қойылатын талаптар оған белгіленген тәртіпте наразылық қойылған көлік ұйымы басқармасының орналасқан жерінде қойылады.
 
                              20-бап
                     Шарттық сотқа жататындық
 
      Егер тараптардың дауды осы соттарға беру туралы жазбаша келісімі болса, Уағдаласушы Тараптардың соттары істерді басқа жағдайларда да қарай алады. Мұнда 19-баптың 2-тармағынан және осы тараудың II-V-бөлімдерімен белгіленген басқа нормалардан, сондай-ақ тиісті Уағдаласушы Тараптың заңдарынан туындайтын ерекше құзыреттің Тараптардың келісімімен өзгертілуі мүмкін емес.
 
                             21-бап

 

                  Сот процестерінің өзара байланысы


     1. Уағдаласушы екі Тараптың да соттарында сол тараптар арасында,

сол мән туралы және сол негіздер жөніндегі іс бойынша іс қозғалған

жағдайда, істі кейінірек қозғаған сот іс  жүргізуді тоқтатады.

     2. Негізгі талаптағы құқық қатынасынан туындайтын қарсы талап

және есепке алу туралы талаптар негізгі талапты қарап жатқан сотта

қаралуға жатады.


                           ІІ бөлім

                        Жеке мәртебе


                             22-бап

                 Құқық қабілеті және әрекет қабілеті


     1. Жеке адамның әрекет қабілетін осы адам азаматы болып табылатын

Уағдаласушы Тараптың заңдары айқындайды.

     2. Азаматтығы жоқ адамның әрекет қабілеті оның тұрақты тұратын

жері бар елдің құқығы бойынша айқындалады.

     3. Заңды тұлғаның құқық қабілеті ол аумағында құрылған Уағдаласушы

Тараптың заңдарымен айқындалады.


                            23-бап

               Әрекет қабілеті шектеулі немесе

                әрекет қабілеті жоқ деп тану.

              Әрекет қабілетін қалпына келтіру



 
       1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекет қабілеті жоқ деп тану туралы істер бойынша осы адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың соты құзыретті.
      2. Егер бір Уағдаласушы Тараптың сотына оның аумағында тұрақты тұратын, басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын адамның әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекет қабілеті жоқ деп тану негіздері мәлім болса, ол бұл адам соның азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың сотына ол жайлы хабарлайды.
      3. Егер әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекет қабілеті жоқ деп тануға негіздер туралы хабардар етілген Уағдаласушы Тараптың соты үш ай аралығында істі бастамаса немесе өз пікірін хабарламаса, әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекет қабілеті жоқ деп тану туралы істі оның аумағында бұл азаматтың тұрақты тұратын жері бар Уағдаласушы Тараптың соты қарайтын болады. Адамды әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекет қабілеті жоқ деп тану туралы шешім бұл адам оның азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың құзыретті сотына жіберіледі.
      4. Осы баптың 1-3-тармақтарының ережесі әрекет қабілетін қалпына келтіруге де қолданылады.
      5. Осы баптың 2 және 3-тармақтарымен көзделген және кідіртуге болмайтын жағдайларда адамды не оның мүлкін қорғауға қажетті шараларды осы адам тұратын Уағдаласушы Тараптың соты өз бетінше қабылдай алады. Осы шараларға байланысты қабылданған шешімдер осы адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың сотына жіберіледі.
 
                         24-бап
       Хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану және қаза болған
          деп жариялау. Қайтыс болу фактісін анықтау
 
      1. Адамды хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану немесе қаза болған деп жариялау туралы істер бойынша, соңғы мағлұматтар бойынша адам тірі болған кезде азаматы болған Уағдаласушы Тараптың соттары, ал басқа адамдарға қатысты-адамның соңғы тұратын жері бойынша әділет мекемелері құзыретті.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тараптың соттары басқа Уағдаласушы тараптың

 

азаматын және оның аумағында тұратын өзге адамды, оның аумағында

тұратын, құқықтары мен мүдделері осы Уағдаласушы Тараптың заңдарына

негізделген мүдделі адамдардың өтініші бойынша хабар-ошарсыз жоқ болып

кеткен немесе қаза болған деп тануы, сондай-ақ оның қайтыс болу фактісін

анықтауы мүмкін.

     3. Хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану немесе қаза болған деп

жариялау туралы істерді және қайтыс болу фактісін анықтау туралы

істерді қарау кезінде Уағдаласушы Тараптардың соттары өз мемлекетінің

заңдарын қолданады.


                        ІІІ Бөлім

                       Отбасы істері


                          25-бап

                         Неке қию


     Неке қию шарттары некелесуші адамдардың әрқайсысы үшін, азаматы

болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен, ал азаматтығы жоқ

адамдар үшін олардың тұрақты тұратын жері болып табылатын Уағдаласушы

Тараптың заңдарымен белгіленеді. Осыған қоса, неке қиюға кедергілерге

қатысты неке аумағында қиылатын Уағдаласушы Тарап заңдарының талаптары

сақталуға тиіс.


                              26-бап

                Ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастары



 
       1. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтық қатынастары оның аумағында ортақ тұрғылықты жері бар Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгіленеді.
      2. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі бір Уағдаласушы Тараптың аумағында, ал екіншісі - басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын болса және мұнда ерлі-зайыптылардың екеуінде бір азаматтық болса, олардың жеке және мүліктік құқықтық қатынастары олар азаматтары болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгіленеді.
      3. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі бір Уағдаласушы Тараптың азаматы, ал екіншісі - басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса және олардың біреуі бір Уағдаласушы Тараптың аумағында, ал екіншісі- басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын болса, онда олардың жеке және мүліктік қатынастары, аумағында олардың соңғы ортақ тұрғылықты жері болған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгіленеді.
      4. Егер осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың Уағдаласушы Тараптардың аумағында ортақ тұрғылықты жері болмаса, істі мекемесі қарайтын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
      5. Ерлі-зайыптылардың жылжымайтын мүлкіне қатысты олардың құқықтық қатынастары осы мүлік аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгіленеді.
      6. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтық қатынастары туралы істер бойынша, заңдары осы баптың 1-3, 5-тармақтарына сәйкес қолдануға жататын Уағдаласушы Тараптың мекемелері құзыретті.
 
                       27-бап
                      Неке бұзу
 
      1. Неке бұзу туралы істер бойынша, арыз беру сәтінде ерлі-зайыптылар соның азаматтары болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
      2. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі бір Уағдаласушы Тараптың азаматы, ал екіншісі- басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса, мекемесі неке бұзу туралы істі қарайтын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
 
                       28-бап
            Уағдаласушы Тараптар әділет мекемелерінің құзыреттігі
      1. 28-баптың 1-тармағымен көзделген жағдайда неке бұзу туралы істер бойынша, арыз беру сәтінде ерлі-зайыптылар азаматтары болып табылатын Уағдаласушы Тараптың әділет мекемелері құзыретті. Егер арыз беру сәтінде ерлі-зайыптылардың екеуі де басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында өмір сүрсе, онда осы Уағдаласушы Тараптың мекемелері де құзыретті.
      2. 27-баптың 2-тармағымен көзделген жағдайда неке бұзу туралы істер бойынша, ерлі-зайыптылардың екеуі де аумағында тұратын Уағдаласушы Тараптың мекемелері құзыретті. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі бір Уағдаласушы тараптың аумағында, ал екіншісі-басқа

 

Уағдаласушы Тараптың аумағында тұрса, неке бұзу туралы істер бойынша,

ерлі-зайыптылар аумақтарында тұратын екі Уағдаласушы Тараптың да

мекемелері құзыретті.


                       29-бап

                 Некені жарамсыз деп тану


     1. Некені жарамсыз деп тану туралы істер бойынша, неке қию

кезінде 25-бапқа сәйкес қолданылған Уағдаласушы Тараптың заңдары

қолданылады.

     2. некені жарамсыз деп тану туралы істер жөніндегі мекемелердің

құзыреттігі 28-бапқа сәйкес белгіленеді.


                       30-бап

             Әкелікті анықтау және даулау


 
       Әкелікті анықтау және даулау, тууы бойынша бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгіленеді.
 
                        31-бап
            Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар
 
      1. Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар балалар аумағында тұрақты тұратын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгіленеді.
      2. Некеден тыс туған бала мен оның әкесі мен анасы арасындағы құқықтық қатынастар бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгіленеді.
      3. Кәмелетке толған балалардан алимент өндіріп алу туралы істер бойынша, аумағында алимент алуға талаптанатын адамның тұратын жері бар Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
      4. Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар туралы істер бойынша, заңдары осы баптың 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес қолдануға жататын Уағдаласушы Тараптың соты құзыретті.
 
                          32-бап
                 Қамқоршылық пен қорғаншылық
 
      1. Қамқоршылық немесе қорғаншылықты белгілеу немесе жою қамқоршылық немесе қорғаншылық соған қатысты белгіленетін немесе жойылатын адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша жасалады.
      2. Қамқоршы немесе қорғаншы мен қамқорлықтағы немесе қорғаншылықтағы адам арасындағы құқықтық қатынастар мекемесі қамқоршыны немесе қорғаншыны тағайындаған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен реттеледі.
      3. Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты қабылдау міндеті қамқоршы

 

немесе қорғаншы болып тағайындалатын адам азаматы болып табылатын

Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгіленеді.

     4. Бір Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын адамның

қамқоршысы немесе қорғаншысы болып, егер ол қамқоршылық немесе

қорғаншылық жүзеге асырылатын Тараптың аумағында тұрса, басқа

Уағдаласушы Тараптың азаматы сайлануы мүмкін.


                        33-бап

         Уағдаласушы Тараптар мекемелерінің қамқоршылық

          және қорғаншылық мәселелеріндегі құзыреттігі


     Қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу немесе жою туралы істер

бойынша, егер осы Шартпен өзгеше белгіленбесе, қамқоршылық немесе

қорғаншылық соған қатысты белгіленетін немесе жойылатын адам азаматы

болып табылатын Уағдаласушы Тараптың мекемелері құзыретті.


                        34-бап

            Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша

                   шаралар қолдану тәртібі



 
       1. Бір Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын, жүретін немесе мүлкі орналасқан басқа Уағдаласушы Тарап азаматының мүдделерінде қамқоршылық немесе қорғаншылық бойынша шаралар қолдану қажеттілігі жағдайында осы Уағдаласушы Тараптың мекемесі 33-бапқа сәйкес құзыретті мекемені кідіртусіз хабардар етеді.
      2. Кідіртуге болмайтын жағдайларда басқа Уағдаласушы Тараптың мекемесі өз заңдарына сәйкес қажетті уақытша шараларды өзі қабылдай алады. Мұнда ол 33-бапқа сәйкес құзыретті мекемені бұл жайлы кідіртусіз хабардар етуге міндетті. Бұл шаралар 33-бапта аталған мекеме өзге шешім қабылдағанға дейін күшін сақтайды.
 
                      35-бап
               Бала асырап алу
      1. Бала асырап алу немесе оны жою бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгіленеді.
      2. Егер бала басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса, бала асырап алу немесе оны жою кезінде заңды өкілдің және құзыретті мемлекеттік органның келісімін, сондай-ақ егер бұл бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша талап етілетін болса, баланың келісімін алу қажет.
      3. Егер баланы біреуі бір Уағдаласушы Тараптың азаматы, ал

 

басқасы басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын

ерлі-зайыптылар асырап алса, бала асырап алу немесе оны жою екі

Уағдаласушы Тараптың да заңдарымен көзделген шарттарға сәйкес жасалуға

тиіс.

     4. Бала асырап алу немесе оны жою туралы істер бойынша бала

азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың мекемесі құзыретті.


                         IV Бөлім

              Мүліктік құқықтық қатынастар


                          36-бап

                       Меншік құқығы



 
       1. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы жылжымайтын мүлік аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгіленеді.
      2. Көлік құралына меншік құқығы көлік құралын тіркеуді жүзеге

 

асырған орган аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша

белгіленеді.

     3. Меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы немесе басқа

мүлікке заттық құқық мұндай құқықтың пайда болуына немесе тоқтатылуына

негіз болған әрекет немесе басқа жағдай туған сәттегі мүлік тұрған

Уағдаласушы Тараптың заңы белгілейді.

     4. меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы немесе келісім

мәні болып табылатын мүлікке басқа да заттық құқық, егер тараптар

келісімінде өзгеше көзделмесе, келісім жасалған жердің заңдары бойынша

айқындалады.


                         37-бап

                      Келісім түрі


     1. Келісім түрі ол жасалған жердің заңымен айқындалады.

     2. Жылжымайтын мүлік жөніндегі келісім түрін және оған құқықты

мұндай мүлік аумағында тұрған Уағдаласушы Тараптың заңы айқындайды.


                         38-бап

                        Сенімхат


     Сенімхат түрі мен әрекет мерзімі сенімхат берілген аумақтағы

Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады.


                         39-бап

        Келісім жөніндегі тараптардың құқықтары мен міндеттері


     Келісім жөніндегі тараптардың құқықтары мен міндеттері, егер

тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, ол жасалған жердің заңы бойынша

айқындалады.


                         40-бап

                      Залалды өтеу



 
       1. Шарттардан және басқа заңды әрекеттерден туындайтын залалды өтеу туралы міндеттемелер аумағында залалдың орнын толтыру жөніндегі талап қою үшін негіз болған әрекет немесе өзге жағдай болған Уағдаласушы Тараптың заңымен айқындалады.
      2. Егер зиян келтіруші мен жәбірленуші бір Уағдаласушы Тараптың

 

азаматтары болса, осы Уағдаласушы Тараптың заңы қолданылады.

     3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған істер жөнінде

аумағында залалдың орнын толтыру туралы талап қою үшін негіз болған

әрекет немесе өзге жағдай болған Уағдаласушы Тараптың соты құзырлы.

Жәбірленуші, сондай-ақ аумағында жауапкердің мекен-жайы орналасқан

Уағдаласушы Тараптың сотына талап қоя алады.


                     41-бап

                  Талап мерзімі


     Талап мерзімі мәселелері сәйкес құқықтық қатынастарды реттеу үшін

қолданылатын заң бойынша шешіледі.


                     V Тарау

                    Мұрагерлік


                     42-бап

                 Теңдік принципі



 
       Әрбір Уағдаласушы Тараптың азаматтары осы Уағдаласушы Тараптың азаматтары сияқты бірдей шарттар мен сол көлемдегі заң бойынша немесе өсиет бойынша мүлікке немесе құқыққа ие болады.
 
                       43-бап
                  Мұрагерлік құқығы
 
      1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайдан басқа мүлікке иелік ету құқығы мұра берушінің соңғы тұрған жеріндегі аумақтағы Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады.
      2. Жылжымайтын мүлікке иелік ету құқығы аумағында осы мүлік тұрған жердегі Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады.
 
                       44-бап
             Мұраның мемлекетке ауысуы
 
      Егер мұра ету кезінде қолданылуға жататын Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша мемлекет мұрагер болып табылса, онда жылжитын мұралық мүлік мұра қалдырушы қайтыс болған сәтте азаматы болып табылған Уағдаласушы Тарапқа ауысады, ал жылжымайтын мұралық мүлік аумағында ол орналасқан Уағдаласушы Тарапқа ауысады.
 
                       45-бап
                       Өсиет
 
      Өсиетті жасауға және жоюға адамның қабілеті, сондай-ақ өсиеттің түрі мен оны жою өсиет қалдырушының акт жасау кезінде тұрған жеріндегі сол мемлекеттің құқығы бойынша айқындалады. Әйтсе де өсиет немесе оны жою егер соңғысы оны жасау жерінің құқық талаптарын қанағаттандырса, түрін сақтамау салдарынан жарамсыз деп танылмайды.
 
                        46-бап
           Мұрагерлік туралы істер жөніндегі құзырет
 
      1. Жылжитын мүлікке мұралық туралы істер жөніндегі іс жүргізуге мұра қалдырушының қайтыс қайтыс болу сәтінде тұрған жер аумағындағы Уағдаласушы Тараптың мекемелері жүргізуге құзырлы.
      2. Жылжымайтын мүлікке мұралық туралы істер жөніндегі іс жүргізуге мүлік орналасқан аумақтағы Уағдаласушы Тараптың мекемелері жүргізуге құзырлы.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы ережелер, сондай-ақ мұралық туралы істер жөніндегі іс жүргізуге байланысты туындайтын дауларды қарау кезінде қолданылады.
 
                             47-бап
             Мұралық туралы істер жөніндегі дипломатиялық өкілдіктің
                   немесе консулдық мекеменің құзыреті
 
      Мұралық туралы істер, оның ішінде мұралық даулар бойынша әрбір Уағдаласушы Тараптың өкілдері немесе консулдық мекемелер, егер олар болмаса немесе өкіл тағайындалмаса, өз мемлекетінің азаматтарының басқа Уағдаласушы Тарап мекемелерінде арнаулы сенімхатсыз мұралықтан бас тарту құқығынан басқа, ұсынуға құзырлы.
 
                              48-бап
                  Мұраны қорғау жөніндегі шаралар
 
      1. Уағдаласушы Тараптардың мекемелері өз заңына сәйкес басқа Уағдаласушы Тараптың азаматтарымен олардың аумағында қалдырылған мұраны қорғауды қамтамасыз ету үшін, немесе оларды басқару үшін қажетті шараларды қабылдайды.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған шаралар туралы мұра қалдырушы азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекеме кідіріссіз хабарланады. Аталған өкілдік немесе мекеме осы шараларды жүзеге асыруға қатыса алады.
      3. Мұралық туралы іс бойынша іс жүргізуге құзырлы әділет мекемесінің, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің өтініші бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған шаралар өзгертілуі, жойылуы немесе кейінге қалдырылуы мүмкін.
 
                       49-бап
                     Мұраны беру
 
      1. Егер жылжитын немесе жылжымайтын мүлікті сатудан түскен жылжитын мұралық мүлік немесе ақша сомасы мұралық іс жүргізу аяқталғаннан кейін тұратын немесе келген жері басқа Уағдаласушы Тараптың аумағындағы мұрагерлерге тиісті болса, онда мұралық мүлік немесе түскен ақша сомасы осы Уағдаласушы Тараптың дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне беріледі.
      2. Мұралық туралы істер жөніндегі құзырлы мекеме дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге мұралық мүлікті беру туралы өкім береді.
      3. Бұл мүлік егер:
      а) мұралық мүлік орналасқан жердегі Уағдаласушы Тараптың заңымен

 

белгіленген мерзімде мәлімделген мұра қалдырушының кредиторларының

барлық талаптары төленсе немесе қамтамасыз етілсе;

     б) мұра етуге байланысты барлық алымдар төленсе немесе қамтамасыз

етілсе;

     в) егер бұл қажет болса, құзырлы мекемелер мұралық мүлікті

шығаруға рұқсат берсе, мұрагерлерге беріледі.

     4. Ақша сомаларын аудару Уағдаласушы Тараптың аумағында

қолданылып жүрген заңға сәйкес жүргізіледі.


                        ІІІ Тарау

                 Шешімдерді тану және орындау


                        50-бап

                 Шешімдерді тану және орындау



 
       Уағдаласушы Тараптардың әрбірі осы Шартпен көзделген шарттарда басқа Уағдаласушы тараптың аумағында шығарылған заңды күшіне енген мына шешімдерді таниды және орындайды:
      а) азаматтық істер жөніндегі әділет мекемелерінің шешімдері (әрі қарай - шешімдер);
      б) қылмыспен келтірілген залалды өтеу бөлігіндегі қылмыстық істер жөніндегі сот үкімдері;
      в) төрелік (шаруашылық) істер жөніндегі соңғы сот шешімдері.
 
                          51-бап
           Орындауды талап етпейтін шешімдерді тану
      1. Өзінің сипаты бойынша орындауды талап етпейтін әрбір Уағдаласушы Тараптың әділет мекемелерімен шығарылған және заңды күшіне енген шешімдері сұрау салынған Уағдаласушы тараптың әділет мекемелері осы іс бойынша бұрын заңды күшіне енген шешім шығармаса, арнаулы іс жүргізусіз шартта басқа Уағдаласушы тараптың аумағында танылады.
      2. Осы баптың 1-тармақ ережелері қамқоршылық пен қорғаншылық жөніндегі шешімдерге де, сондай-ақ азаматтық хал актілерін жазу органдарымен шығарылған шешімдерге де қатысты.
 
                          52-бап
      Шешімдерді ықтиярсыз орындауды шешу туралы құзау хат
 
      1. Шешімдерді ықтиярсыз орындауды шешу туралы құзау хат шешім орындалуға жататын Уағдаласушы Тараптың құзырлы сотына беріледі. Ол бірінші инстанция ісі бойынша шешім шығарған сотқа да берілуі мүмкін. Бұл сот құзау хат бойынша шешім шығаруға құзырлы сотқа құзау хат жібереді.
      2. Құзау хатқа мыналар қоса беріледі:
      а) шешім немесе оның куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ шешімнің заңды күшіне енгендігі және орындалуға жататындығы туралы немесе егер бұл шешімнің өзін қолданбаса оның заңды күшіне енгенінше орындалуға жататындығы туралы ресми құжат
      б) процеске қатыспаған қарсы шешім шығарылған тараптың тиісті тәртіп пен уақытылы сотқа шақырылғандығы жөніндегі, ал оның іс жүргізу қабілетсіздігі жағдайында оның тиісті түрде ұсынылғандығы туралы құжат
      в) оны жөнелту сәтінде шешімнің жартылай орындалуын растайтын құжат
      г) шарттық қылмыстық істер жөніндегі тараптардың келісімін растайтын құжат.
      3. Шешімдерді ықтиярсыз орындауды шешу туралы қолдау хат пен оған

 

қоса берілген құжаттар сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың немесе орыс

тіліне куәландырылған аудармамен қоса беріледі.


                            53-бап

           Шешімдерді тану және ықтиярсыз орындау тәртібі


     1. 52-бапта көзделген шешімдерді тану және ықтиярсыз орындауды

шешу туралы құзау хат аумағында ықтиярсыз орындау жүзеге асырылуға

тиіс Уағдаласушы Тараптың соттарымен қаралады.

     2. Шешімдерді тану және ықтиярсыз орындау туралы құзау хатты

қараушы сот осы Шартпен көзделген шарттардың сақталғандығын белгілеумен

шектеледі.

     3. Ықтиярсыз орындау тәртібі аумағында орындау жүзеге асырылуға

тиісті Уағдаласушы тараптың заңы бойынша айқындалады.


                          54-бап

            Шешімдерді танудан және орындаудан бас тарту


     52-бапта көзделген шешімдерді танудан және ықтиярсыз орындауға шешім

беруден, егер:


 
       а) шешім заңды күшіне енгенше орындалуға жататын жағдайлардан басқа ол заңды күшіне енбесе немесе орындалуға жатпаса, аумағында шешім шығарылған Уағдаласушы тараптың заңына сәйкес;
      б) жауапкер оған немесе оның өкіліне уақытында және тиісті түрде сотқа шақыру тапсырмау салдарынан процеске қатыспаса;
      в) бұрын заңды күшіне енген шешім шығарылған шешімді тануға және орындауға тиіс немесе үшінші мемлекет сотымен танылған шешімі бар, не осы Уағдаласушы Тараптың аумағында осы мән туралы және осы негіздер бойынша осы Тараптар арасындағы іс бойынша;
      г) осы Шарттың ережелеріне сәйкес, ал олармен көзделмеген

 

жағдайларда аумағында шешім танылуға және орындалуға тиіс Уағдаласушы

Тараптың заңына сәйкес іс оның мекемесінің ерекше құзыретіне жатады;

     д) шарттық қылмыстылық туралы тараптардың келісімін растайтын құжат

болмаса;

     е) соты шешімді тану және орындау туралы құзау хатты қарайтын

Уағдаласушы Тараптың заңымен көзделген ықтиярсыз орындаудың талап

мерзімі өтіп кетсе, бас тартылуы мүмкін.


                            IV-тарау

                       Қорытынды ережелер


                             55-бап

                 Осы шартты қолдану мәселелері


     1. Осы Шартты қолдану кезінде туындайтын мәселелер өзара келісім

бойынша құзырлы әділет мекемелерімен шешіледі. Қажет жағдайда

туындаған келіспеушілікті реттеу мақсатында Уағдаласушы Тараптың

сәйкес мемлекеттік органдарының өкілдерінен бірлескен Комиссия құрылуы

мүмкін.

     2. Уағдаласушы тараптың әділет мекемелерінің орталық органдарымен

осы шарттың ережелерін қолдану мәселелері бойынша ведомствоаралық

шарттар /келісімдер/ жасалуы мүмкін.


                          56-бап

              Басқа халықаралық шарттар жөнінде


     Осы Шарттың Ережелері Уағдаласушы Тараптар қатысушысы болып

табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Уағдаласушы Тараптар

міндеттерін қозғамайды.


                          57-бап

               Өзгертулер мен толықтырулар енгізу


     Осы шартқа екі Уағдаласушы Тараптың өзара келісімі бойынша

толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін.


                          58-бап

                        Күшіне ену


     Осы Шарт бекітілуге жатады және бекіту грамоталарымен алмасқаннан

соң отыз күн ішінде күшіне енеді.


                          59-бап

                      Уақыттағы күші


     Осы шарттың әрекеті ол күшіне енгенше пайда болған құқықтық

қатынастарға таратылады.


                          60-бап

                      Қолдану мерзімі



 
       1. Осы Шарт күшіне енген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады және егер Уағдаласушы Тараптың бірі оның әрекетін тоқтатуды қаламаса, оның әрекет ету мерзімі келесі бес жылдық кезеңге ұзартылады.
      2. Уағдаласушы Тараптың әрқайсысы кезекті бес жылдық аяқталғанша

 

алты ай ішінде басқа Уағдаласушы Тарапқа осы Шарттың күшін жойғандығын

жазбаша хабарлайды. Басқа Уағдаласушы Тараптар мұндай хабарландыру

алған күннен алты ай өткеннен кейін шарт күшін жояды.

     10.06. 1997 жылы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде әрқайсысы

екі данада жасалды, сонымен бірге барлық мәтінде бірдей.

     Осы шарттың Ережелеріне түсінік беруде келіспеушіліктер болған

жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.


     Қазақстан Республикасы             Әзірбайжан Республикасы

           үшін                                үшін


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.       






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады