Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
Отандық өндірушілерді қорғау және Қазақстанға импортталатын мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің көлемін бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037
P971037_
қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшадағы 1, 2 және 3-бағандар мынадай
мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Уайт-спирит 271000210 Қазақстан
Басқалары 271000250 Республикасының
Жеңіл дистилляттар 271000390 Энергетика,
басқалары индустрия және
Қайта өңдеудің арнаулы 271000410 сауда министрлігі".
процестеріне арналған
орта дистилляттар
Процестерде химиялық
ауыстыру үшін 271000450
2. Осы қаулы ол жарияланған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі