Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы ғарыштық және авиациялық техниканы, технологияларды пайдалану және Жерді дистанциялық барлау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 наурыз N 191


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі 
арасындағы ғарыштық және авиациялық техниканы, технологияларды пайдалану 
және Жерді дистанциялық барлау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім 
бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі
          арасындағы ғарыштық және авиациялық техниканы,
       технологияларды пайдалану және Жерді дистанциялық барлау
               саласындағы ынтымақтастық туралы
     
                           Келісім
     
     Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкіметі мен 
Ресей Федерациясы Үкіметі,


      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы орнаған достық қарым қатынасқа, ғарыштық және оған жақын техника мен технологияларды Тараптардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және тереңдету мүдделеріне сүйене отырып,
      Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы 1996 ж. 25.11. "Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы" Келісімді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аэроғарыш бағытындағы ғылыми-өнеркәсіп кешендері арасындағы ғылыми-техникалық және шаруашылық байланыстарын екі Мемлекеттік мүдделеріне сай сақтап, дамытуға ұмтыла отырып,
      Тараптар қабылдаған халықаралық міндеттемелерді құрметтей отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

                               1-Бап

      Тараптар мына мақсаттар үшін ғарыштық және авиациялық техника мен технологияларды, соның ішінде Жерді дистанциялық барлауға (ЖДБ) пайдалануға байланысты қызмет саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады:
      1. аэроғарыштық техника, қызмет көрсететін және технологиялар шығаратын ұйымдар мен кәсіпорындардың ғылыми-техникалық, санаткерлік және өнеркәсіптік әлеуетінің басын біріктіру;
      2. аэроғарыш саласының объектілері мен инфрақұрылымын жанжақты дамыту және конверсиялау;
      3. тараптар аумағында және олардың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешу үшін ЖДБ аэроғарыштық технологияларды, жабдықтарды, өнімдер мен қызмет көрсететін құралдарды пайдалану;
      4. мамандардың кәсіби дәрежесін көтеру;
      5. бизнестің тың салаларын дамытуға жәрдемдесу, бірлескен жобаларды іске асыру үшін жеке, мемлекеттік және халықаралық тапсырыстар, кредиттер мен инвестициялар тарту.

      Тараптар ынтымақтастығы төменде көрсетілген қызмет түрлерін жарым-жартылай немесе толық қамти отыра солармен шектеліп қалмайды:
      1. аэроғарыштық техника мен ЖДБ технологияларын Тараптардың экономикалық және қауіпсіздік мүдделері үшін қолдану;
      2. аэроғарыштық инфрақұрылымды, соның ішінде телекоммуникациялар, навигация, әуе қозғалысын, дистанциялық барлауды басқарудың ғарыштық жүйелерін дамыту;
      3. Аэроғарыштық технологиялар саласы бойынша зерттеулер жүргізу үшін ғылыми-өндірістік кешендер, ЖДБ, ғарыш әлемінде (космоста) жаңа материалдар, өте таза заттар өндіруді, мәліметтер өңдеу мен қызмет көрсетуді қоса алғанда құру;
      4. аэроғарыштық технологиялармен оның ішінде ЖДБ алмасу және аэроғарыштық технологияларды үшінші жақтың рыноктарына бірлесіп жеткізу;
      5. ғылыми және инженерлік кадрларды даярлау және қайта дайындау;
      6. ақпаратпен, оның ішінде ЖДБ арқылы алынған ақпарат алмасу, бірлесіп семинарлар мен конференциялар өткізу.

                                2-Бап

      Мүдделілігі мен қаржы мүмкіндіктеріне қарай, Тараптар:
      1. аэроғарыштық техника мен технологияларды, ЖДБ қоса алғанда бірлесіп пайдалану саласындағы қызмет Бағдарламасын (бұдан әрі Бағдарлама) қабылдайды;
      2. тараптардың мемлекеттік бюджетті қаражатымен жүзеге асырылатын жобаларды бірлесіп әзірлеу мен қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
      3. әр түрлі ұйымдық нысанда болуы мүмкін, соның ішінде бұдан әрі "Шаруашылық Жүргізуші Субъектілер" деп аталатын бірлескен кәсіпорындар, ЖДБ жөніндегі мәліметтерді өңдеу, технологиялар тапсыру және басқаларды, қоса алғанда шаруашылық жүргізуші Субъектілер құрады. Шаруашылық Жүргізуші Субъектілер құрамына өзара келісім бойынша үшінші жақтың кәсіпорындары мен ұйымдары кіруіне болады.
      4. Тараптар басымдық ретпен ұлттық және халықаралық жобаларды орындауға осы Келісімнің 1-бабына жататын қызметті іске асыру үшін әдейі құрылған Шаруашылық Жүргізуші Субъектілерді тартады.
      Қазақстан Жағы өз аумағын дистанциялық барлау мәліметтерінің мемлекеттік архивін жасайды және жоғарыда көрсетілген архивті жедел басқару тапсырылатын Шаруашылық Жүргізуші Субъект белгілейді. Ресей Жағы 1993 жылға дейінгі мерзімде Қазақстан аумағын ғарыштан суретке түсірген қолда бар мәліметтерді Қазақстан Жағына ақысыз тегін береді.
      Әрбір Тарап өз рыноктары мен үшінші елдің рыногына басқа Тараптың

аэроғарыш техникасы мен технологияларын, оның ішінде ЖДБ және қызмет 
көрсету жағын жеткізуге мүмкіндік жасайды.
     Тараптардың әрқайсысы өз аумағында жүргізілетін жұмыстардың 
техникалық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 
қатысты келісілген талаптардың бұзылмауын қадағалауды жүзеге асырады, 
сонымен қатар тиісті рұқсат қағаздар мен лицензияларды рәсімдейді.
     
                              3-Бап
     
     Осы Келісімді орындау мақсатында Тараптардың бұдан әрі Бас 
Орындаушылар деп аталатын құзырлы органдары:
     Қазақстан жағынан - Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - 
Ғылым академиясы,
     Ресей жағынан: РҒА


      Аэроғарыштық техника мен технологияларды, оның ішінде ЖДБ пайдалануға негізделген қызметтің екі Мемлекет үшін де стратегиялық маңызы бар бағыт екенін тани отырып, Бас орындаушылар осы Келісім шеңберінде атқарылатын қызметті үйлестіру мен бақылауды, Тараптардың мемлекеттік бюджетінен қаржыландырылатын бірлескен Бағдарламаларын әзірлеуді, қызметтің басым бағыттарын бекітуді жүзеге асырады. Бас орындаушылар осы Келісімнің ережелеріне қатысты қызметті жүргізуде Келісімді саясат ұстанады. Бас орындаушылар қажет болған жағдайда осы баптың ережелерін орындау мақсатында өз құрамында Бас Орындаушылардың жоғарыда аталған функцияларын атқаратын құрылымдар белгілейді.

                             4-Бап

      Тараптар, қажет болса, осы Келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында құрылатын. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызмет құрылымын, іс-әрекет механизмдері мен бағытын айқындайтын Атқарушы Шарттар жасайды.
      Осы келісімге байланысты атқарылатын қызметтің бәрі олар жүргізіліп жатқан Тарап аумағындағы заңдар мен нормативті актілерге сай жүзеге асырылады.
      Осы Келісім Тараптардың үшінші елдермен бұрынырақта жасасқан шарттарынан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
      Осы Келісімге сәйкес Тараптардың бірі берген жабдықтар, құралдар, технологиялар, ақпарат, ноу-хау, тәжірибе мен санаткерлік меншік беріп отырған Тараптың жазбаша келісімімен басқа Тарапқа немесе үшінші жаққа беріледі, болмаса олардың тапсырысын орындау үшін пайдаланылуы мүмкін.

                           5-Бап

      Осы Келісімді түсіндіру мен қолдануға байланысты туындаған келіспеушіліктер өзара консультациялар және келіссөздер жолымен, не Тараптар келісіміне қарай басқа процедуралар көмегі арқылы шешіледі.

                            6-Бап

      Осы Келісім ішкі мемлекеттік процедуралардың орындалуы туралы соңғы жазбаша хабарландыру күнінен бастап күшіне еніп, бес жыл бойы қолданыста болады да ешбір түсініспеушілік болмаса келесі бес жылға өздігінен ұзартылады.
      Осы Келісім Тараптардың уағдаласуы бойынша толықтырылып немесе өзгертілуі мүмкін.
      Тараптар бірін-бірі жазбаша хабарландыру жолымен осы Келісімнің күші

жоюына болады. Екінші Тараптың жазбаша хабарлама жібергенінен 6 ай толған 
соң Келісімнің күші жойылады.
     Осы Келісімнің күші жойылған жағдайдың өзінде Тараптардың басқаша 
келісімі болмаса оның ережелері аяқталмай қалған кез келген жобалар мен 
жұмыстарға қолданылады.
     Мәскеу 1998 жылғы 6 шілдеде екі данада, әрқайсысы қазақ және орыс 
тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің де күші бірдей.
     
     Қазақстан Республикасының            Ресей Федерациясы
         Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.   
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады