Қазақстан Республикасының "Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Росвооружение" қару-жарақ пен әскери техниканың экспорты мен импорты жөніндегі мемлекеттік компания (Мәскеу қаласы) 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N РВ/786006091008/N810/ 2157131/ 314-400/97 - Им203 келісім-шарт бойынша Өзбекстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің "Узпроммашимпэкс" сыртқы сауда бірлестігі (Ташкент қаласы) үшін Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына беретін арнайы мүліктің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қосымшаға сәйкес көлемдегі транзитіне рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі 1996 жылғы 5 сәуірдегі Достастыққа қатысушы мемлекеттер Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің он бесінші отырысында бекітілген Теміржолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдаудың ережесіне сәйкес жүктердің Қазақстанның аумағы бойынша жүруінің қауіпсіздігі мен оны
бақылаудың ерекше шараларын қамтамасыз ете отырып тасымалдауды жүзеге
асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден
комитеті
транзиттік тасымалдауларға заңдарда белгіленген тәртіппен бақылау жасауды
қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.