Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 Қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.08.2022 № 567 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.08.2022 № 567 қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.08.2022 № 567 қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 16 наурыздағы
№ 247 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.08.2022 № 567 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 26-бабына сәйкес құрылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың (бұдан әрі – консультативтік-кеңесші органдар) құрылуы, қызметі және таратылуы тәртібін айқындайды.

      Консультативтік-кеңесші органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында құрылады.

      2. Осы Қағидалар мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесіндегі консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі немесе таратылуы тәртібіне қолданылмайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жұмыс органы – консультативтік-кеңесші органның қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) жұмыс тобы – нақты мәселе бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау үшін құрылған уақытша (6 айдан аспайтын кезеңге) жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган;

      3) жұмыс тобының жетекшісі – жұмыс тобының қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жұмыс тобының мүшесі;

      4) комиссия, кеңес – өздері туралы ережелерде айқындалған мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органдар;

      5) консультативтік-кеңесші орган – мәселелерді ұжымдық талқылау, пікір алмасу, ортақ шешім тұжырымдау арқылы бірлесіп пысықтау үшін құрылатын комиссия, кеңес немесе жұмыс тобы;

      6) консультативтік-кеңесші органдардың тізілімі – құрылған және таратылған консультативтік-кеңесші органдарды есепке алу жүзеге асырылатын консультативтік-кеңесші органдардың тізбесі;

      7) төраға – консультативтік-кеңесші органның қызметіне басшылықты жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші органның мүшесі;

      8) төрағаның орынбасары – консультативтік-кеңесші органның мүшесі, ол төраға болмаған кезеңде консультативтік-кеңесші орган төрағасының міндетін жүзеге асырады;

      9) хатшы – консультативтік-кеңесші органның мүшесі болып табылмайтын, консультативтік-кеңесші органның қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын лауазымды адам.

      4. Консультативтік-кеңесші органдарды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі – Премьер-Министр), оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы (бұдан әрі – Үкімет Аппаратының Басшысы) және Үкіметтің басқа да мүшелері басқарады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Консультативтік-кеңесші органның құрылу тәртібі

      5. Консультативтік-кеңесші орган Премьер-Министрдің өкімімен (бұдан әрі – өкім) құрылады.

      6. Консультативтік-кеңесші органды құру үшін:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісі;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі – Президент) немесе Премьер-Министрдің тапсырмасы;

      3) мемлекеттік органның (бұдан әрі – бастамашы) бастамасы негіз болып табылады.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде құзыретіне құрылатын консультативтік-кеңесші органның мәселелері кіретін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде (бұдан әрі – Үкімет регламенті) көзделген тәртіппен Президенттің немесе Премьер-Министрдің тапсырмасымен айқындалған мемлекеттік орган тиісті өкім жобасын әзірлеуді, ведомствоаралық келісуді және Үкіметке енгізуді қамтамасыз етеді.

      8. Бастамашының бастамасы бойынша консультативтік-кеңесші органды құру дәлелді негіздемелер және бірдей (ұқсас) нысаналы бағыттағы консультативтік-кеңесші органның жоқтығы туралы тұжырымдар қоса беріліп, мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған консультативтік-кеңесші органды құру қажеттігі туралы ұсынысты Премьер-Министрдің атына енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      Премьер-Министрдің тапсырмасы түрінде қабылданған шешім бастамашының атына жіберіледі.

      9. Премьер-Министрдің атына консультативтік-кеңесші орган құру туралы ұсыныспен Премьер-Министрдің орынбасарлары немесе Үкімет Аппаратының Басшысы өтініш жасай алады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Өкім жобасында құрылатын консультативтік-кеңесші органның мақсаты, жұмыс органы, ережесі, құрамы айқындалады.

      Консультативтік-кеңесші органның ережесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгілік ережеге сәйкес ресімделеді.

      Жұмыс топтары бойынша ереже мен жұмыс органы белгіленбейді.

      Құрам лауазымдық (лауазымы көрсетіліп) және (немесе) дербес (Т.А.Ә. (бар болса) және атқаратын лауазымы/атағы көрсетіліп) өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады. Консультативтік-кеңесші органды құру кезінде кандидаттың немесе өкілдерін құрылатын консультативтік-кеңесші органға енгізу жоспарланып отырған мемлекеттік органдар мен ұйымдар келісімінің болуы міндетті.

      Мына:

      1) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары – Премьер-Министр;

      2) мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарларынан, мемлекеттік органдар аппараттарының басшыларынан төмен емес – Премьер-Министрдің орынбасарлары, Үкімет Аппаратының Басшысы;

      3) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес – Үкімет мүшелері төрағалық ететін консультативтік-кеңесші органдардың құрамына міндетті түрде алмастыру құқығынсыз енгізіледі.

      Құрылатын консультативтік-кеңесші органға жүктелетін мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып, оның құрамына Үкімет Аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы енгізіледі.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Мақсаттары жұмыс істеп тұрған консультативтік-кеңесші органның мақсаттарына сәйкес келетін немесе соларға ұқсас консультативтік-кеңесші органды құруға тыйым салынады.

3-тарау. Консультативтік-кеңесші орган қызметінің тәртібі

      12. Консультативтік-кеңесші органның отырыстарын өткізу мерзімділігі оның ережесінде айқындалады немесе оны жұмыс тобының жетекшісі айқындайды.

      13. Жоспарлы жұмысты қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін консультативтік-кеңесші органның шешімімен жұмыс органы қалыптастыратын алдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітіледі.

      Хатшы жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

      14. Консультативтік-кеңесші органның жұмысы мәселелерді алқалы талқылауға және ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдауға негізделеді.

      15. Консультативтік-кеңесші органның отырыстарын ұйымдастыру мынадай дәйекті іс-қимылдардан тұрады:

      1) отырыс өткізу жоспарланған күнге дейін 3 (үш) жұмыс күні қалғанда хатшы немесе жұмыс органы консультативтік-кеңесші органның мүшелеріне шақыруды, күн тәртібін және қажетті материалдарды ресми телефонограмма жібермей, электрондық күнтізбенің көмегімен цифрлық форматта жібереді. Телефонограмма ерекше жағдайларда (цифрлық форматта шақыруға техникалық мүмкіндік болмаған кезде) пайдаланылады.

      Күн тәртібіне мәселелер консультативтік-кеңесші органның алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес енгізіледі;

      2) консультативтік-кеңесші органның мүшелері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өзінің алдағы отырысқа қатысатынын немесе қатыспайтынын (себептерін көрсете отырып) растайды;

      3) алдағы отырыстың кворумы айқындалады.

      Егер отырысқа консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды деп есептеледі. Кворум болмаса, отырыс 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ауыстырылады.

      16. Отырыс басым тәртіппен бейнеконференцбайланыс және қолжетімді онлайн-сервистер пайдаланыла отырып өткізіледі.

      Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын мәселелер қаралған жағдайда, сондай-ақ техникалық мүмкіндік болмаған кезде отырыс бетпе-бет форматта өткізіледі. Бұл ретте консультативтік-кеңесші органның мүшелері отырысқа өздерінің жеке қатысуын қамтамасыз етеді.

      Аралас режимде бейнеконференцбайланысты және қолжетімді онлайн-сервистер бір мезгілде пайдаланылатын бетпе-бет формат пайдаланылады.

      17. Отырысқа қатысып отырған консультативтік-кеңесші органның мүшелерін есепке алуды хатшы жүзеге асырады.

      18. Отырысты төраға (жұмыс тобының жетекшісі), ол болмаған жағдайда – төрағаның орынбасары басқарады.

      Төраға (жұмыс тобының жетекшісі) отырысты өткізу регламентін (сөз сөйлеу мен баяндамалардың ұзақтығы, баяндамашылардың сөз сөйлеу тәртібі) айқындайды.

      Консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің әрқайсысы күн тәртібінің мәселелері бойынша өз ұстанымын білдіруге құқылы.

      19. Консультативтік-кеңесші органның шешімдері ашық немесе жабық дауыс беру арқылы қабылданады және, егер оларға отырысқа қатысқан консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Консультативтік-кеңесші органның мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның (жұмыс тобы жетекшісінің) дауысы шешуші болып табылады. Хатшының дауыс беру құқығы жоқ.

      20. Дауыс беру ашық немесе жабық режимде жүзеге асырылады.

      Жабық дауыс беру кезінде консультативтік-кеңесші орган мүшесінің ерік білдіруінің анонимдігі қамтамасыз етіледі.

      21. Дауыс беру отырыста осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін дауыс беру парағын толтыру (тиісті жолдардағы қолтаңбасы) арқылы өткізіледі. Бір мезгілде өзара қайшы келетін бірнеше шешімді таңдауға, сондай-ақ дауыс беру парағын толтырмауға жол берілмейді. Мұндай жағдайда консультативтік-кеңесші орган мүшесінің дауысы жарамсыз деп танылады, ол туралы төраға мен хатшы қол қоятын еркін нысандағы акт жасалады, ол дауыс беру парағына қоса беріледі.

      Ерекше пікірі болған жағдайда консультативтік-кеңесші органның мүшесі дауыс беру парағының тиісті жолағын толтырады не көлемі үлкен болған кезде дауыс беру парағына қоса берілетін жеке парақта баяндайды.

      Отырыс қашықтан немесе аралас режимде өткізілген кезде консультативтік-кеңесші органның мүшелері дауыс беру парақтарын толтырады, олар 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылып, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы немесе техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда – қызметтік электрондық пошта арқылы хатшыға жіберіледі.

      22. Дауыстарды санау негізінде хатшы 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттама жобасын қалыптастырады және келіседі (қажет болған кезде), оған дауыс беру нәтижелерін (қолдау тапты/қолдау таппады), консультативтік-кеңесші органның әрбір мүшесінің ерекше пікірін (бар болса), сондай-ақ хаттамаға қол қою мүмкіндігі туралы қорытындыны көрсететін анықтаманы қоса береді.

      Хатшы дауыстарды санаудың және хаттама жобасын қалыптастырудың дұрыстығы үшін дербес жауаптылықта болады.

      23. Күн тәртібінің мәселелері бойынша отырыста бірауыздан шешім қабылдау кейіннен дайындалған хаттаманы консультативтік-кеңесші органның қатысқан мүшелерімен келісу қажеттігін жоққа шығарады.

      24. Төраға (жұмыс тобының жетекшісі) 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттамаға қол қояды, оны хатшы тіркейді және консультативтік-кеңесші органның мүшелеріне жібереді. Хаттамадан үзінділер хаттамада ұсынымдар берілетін мүдделі тұлғаларға жіберіледі.

      Консультативтік-кеңесші орган отырысының хаттамасында көрсетілген шешімдер ұсынымдық сипатта болады.

      25. Хаттамалар мен олардың материалдарын сақтауды архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген сақтау мерзімдерін ескере отырып, жұмыс органы немесе хатшы (жұмыс тобы) жүзеге асырады.

4-тарау. Консультативтік-кеңесші органның таратылуы

      26. Консультативтік-кеңесші орган Премьер-Министрдің өкімімен таратылады.

      27. Консультативтік-кеңесші органды тарату үшін негіздер:

      1) жүктелген мақсаттардың орындалуы;

      2) Президенттің немесе Премьер-Министрдің тапсырмасы болып табылады.

      28. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде жұмыс органы немесе хатшы Премьер-Министр өкімінің жобасын әзірлейді.

      29. Хатшы қол қойған анықтама-есеп қоса берілетін Премьер-Министр өкімінің жобасы Үкімет регламентінде белгіленген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі және кейіннен Премьер-Министрдің қол қоюына енгізу үшін Үкімет Аппаратына енгізіледі.

      Анықтама-есепте жүргізілген жұмыстың нәтижелері, консультативтік-кеңесші органды тарату негіздері көрсетіледі.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Консультативтік-кеңесші органдар қызметінің жариялылығы

      30. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып, жұмыс органы консультативтік-кеңесші органның қызметі туралы ақпаратты мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      31. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, консультативтік-кеңесші органның қызметіне байланысты ақпаратты шектеуге жол берілмейді.

6-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың есепке алынуы

      32. Үкімет Аппараты құрылатын және таратылатын консультативтік-кеңесші органдарды есепке алуды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша консультативтік-кеңесші органдардың тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізу арқылы жүзеге асырады.

      Тізілімді жүргізу анық емес деректерді енгізуге, ауыстыруға, алып қоюға және өзге де заңсыз іс-әрекеттерге жол бермейтін заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Тізілім Премьер-Министрдің ресми интернет-ресурсында орналастырылады және консультативтік-кеңесші орган құрылған немесе таратылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзектілендіріледі.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33. Үкімет Аппараты жаңа консультативтік-кеңесші органды құрудың орындылығына талдау жүргізген кезде міндетті түрде тізілім деректері ескеріледі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанындағы
консультативтік-кеңесші
органдардың құрылуы,
қызметі және таратылуы
қағидаларына
1-қосымша

Консультативтік-кеңесші орган туралы үлгілік ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. _____________________________________________________________

      (консультативтік-кеңесші органның атауы) (бұдан әрі – комиссия/кеңес)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Консультативтік-кеңесші орган қызметінің мақсаттары

      ____________________________________________________ болып табылады.

      (қызмет мақсаттарының қысқаша сипаттамасы)

      3. _____________________________________________________________

      (консультативтік-кеңесші органның атауы)

      өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан

      Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де

      нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Комиссияның/кеңестің жұмыс органы

      ________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      5. Комиссия/кеңес отырыстары _____________________________ өткізіледі.

      (отырыстарды өткізу мерзімділігі көрсетіледі)

2-тарау. Комиссияның/кеңестің міндеттері

      6. Қойылған мақсаттар шеңберінде комиссияға/кеңеске мынадай міндеттер жүктеледі:

      1) __________________________________;

      2) __________________________________;

      3) __________________________________.

3-тарау. Комиссия/кеңес қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі

      7. Комиссия/кеңес қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанындағы
консультативтік-кеңесші
органдардың құрылуы,
қызметі және таратылуы
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің дауыс беру парағы

      _________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы

      __________________________________________

      отырыс №________ күні: ________

Мәселенің

Мәселенің мазмұны

Шешім жобасы

Консультативтік-кеңесші орган мүшесінің шешімі

қолдаймын

қолдамаймын

ерекше пікір
(егер шешім қолдау тапса толтырылмайды)

1

2

3

4

5

6

1.






      ____________________

      қолы

      Ескертпе: консультативтік-кеңесші органның отырысында тікелей толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін хатшыға беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанындағы
консультативтік-кеңесші
органдардың құрылуы,
қызметі және таратылуы
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың тізілімі

Р/с

Консультативтік-кеңесші органның
атауы

Консультативтік-кеңесші органның
жұмыс органы

Консультативтік-кеңесші органды басқаратын лауазымды адам

Консультативтік-кеңесші органның мақсаттары мен міндеттері

Консультативтік-кеңесші органды құру және (немесе) тарату туралы актінің деректемелері

1

2

3

4

5

6


Об утверждении Правил образования, деятельности и упразднения консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247.

      Сноска. Заголовок – в редакции постановления Правительства РК от 17.08.2022 № 567.

      В соответствии со статьей 26 Конституционного закона Республики Казахстан "О Правительстве Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула – в редакции постановления Правительства РК от 17.08.2022 № 567.

      1. Утвердить прилагаемые Правила образования, деятельности и упразднения консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления Правительства РК от 17.08.2022 № 567.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Аппарат Правительства Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правительства РК от 17.03.2023 № 236 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 16 марта 1999 года № 247

Правила образования, деятельности и упразднения консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан

      Сноска. Правила – в редакции постановления Правительства РК от 17.08.2022 № 567.

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила образования, деятельности и упразднения консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан (далее – Правила) определяют порядок образования, деятельности и упразднения консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан (далее – консультативно-совещательные органы), образуемых в соответствии со статьей 26 Конституционного закона Республики Казахстан "О Правительстве Республики Казахстан".

      Консультативно-совещательные органы образуются в целях выработки предложений и рекомендаций по вопросам, отнесенным к компетенции Правительства Республики Казахстан (далее – Правительство).

      2. Настоящие Правила не распространяются на порядок образования, деятельности или упразднения консультативно-совещательных органов в государственной системе гражданской защиты.

      3. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) рабочий орган – государственный орган, осуществляющий организационное, информационное и техническое обеспечение деятельности консультативно-совещательного органа;

      2) рабочая группа – временно действующий консультативно-совещательный орган (на период не более 6 месяцев), образованный для выработки предложений и рекомендаций по конкретному вопросу;

      3) руководитель рабочей группы – член рабочей группы, осуществляющий руководство деятельностью рабочей группы;

      4) комиссия, совет – постоянно действующие консультативно-совещательные органы, образуемые в целях выработки предложений и рекомендаций по вопросам, определенным положениями о них;

      5) консультативно-совещательный орган – комиссия, совет или рабочая группа, образуемые для совместной проработки вопросов посредством коллективного обсуждения, обмена мнениями, выработки консолидированного решения;

      6) реестр консультативно-совещательных органов – перечень консультативно-совещательных органов, посредством которого осуществляется учет образованных и упраздненных консультативно-совещательных органов;

      7) председатель – член консультативно-совещательного органа, осуществляющий руководство деятельностью консультативно-совещательного органа;

      8) заместитель председателя – член консультативно-совещательного органа, который в период отсутствия председателя осуществляет обязанности председателя консультативно-совещательного органа;

      9) секретарь – должностное лицо, не являющееся членом консультативно-совещательного органа, осуществляющее организационное, информационное и техническое обеспечение деятельности консультативно-совещательного органа.

      4. Консультативно-совещательные органы возглавляются Премьер-Министром Республики Казахстан (далее – Премьер-Министр), его заместителями, Заместителем Премьер-Министра – Руководителем Аппарата Правительства Республики Казахстан (далее – Руководитель Аппарата Правительства) и другими членами Правительства.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления Правительства РК от 17.03.2023 № 236 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок образования консультативно-совещательного органа

      5. Консультативно-совещательный орган образуется распоряжением Премьер-Министра (далее – распоряжение).

      6. Основаниями для образования консультативно-совещательного органа являются:

      1) законодательный акт Республики Казахстан;

      2) поручение Президента Республики Казахстан (далее – Президент) или Премьер-Министра;

      3) инициатива государственного органа (далее – инициатор).

      7. При наличии оснований, предусмотренных подпунктами 1) и 2) пункта 6 настоящих Правил, государственный орган, в компетенцию которого входят вопросы образуемого консультативно-совещательного органа или определенный поручением Президента или Премьер-Министра в порядке, предусмотренном Регламентом Правительства Республики Казахстан (далее – Регламент Правительства), обеспечивает разработку, межведомственное согласование и внесение в Правительство соответствующего проекта распоряжения.

      8. Образование консультативно-совещательного органа по инициативе инициатора осуществляется посредством внесения предложения за подписью первого руководителя государственного органа на имя Премьер-Министра о необходимости образования консультативно-совещательного органа, с приложением аргументированных обоснований и выводов об отсутствии консультативно-совещательного органа со схожей (аналогичной) целевой направленностью.

      Принятое решение в виде поручения Премьер-Министра направляется в адрес инициатора.

      9. С предложением об образовании консультативно-совещательного органа на имя Премьер-Министра могут обращаться заместители Премьер-Министра или Руководитель Аппарата Правительства.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции постановления Правительства РК от 17.03.2023 № 236 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. В проекте распоряжения определяются цель, рабочий орган, положение, состав образуемого консультативно-совещательного органа.

      Положение консультативно-совещательного органа оформляется в соответствии с типовым положением согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      По рабочим группам положение и рабочий орган не устанавливаются.

      Состав формируется по должностному (с указанием должности) и (или) персональному (с указанием Ф.И.О. (при его наличии) и занимаемой должности/звания) критериям. При образовании консультативно-совещательного органа обязательно наличие согласия кандидата или государственных органов и организаций, представителей которых планируется включить в образуемый консультативно-совещательный орган.

      В обязательном порядке включаются без права замены в состав консультативно-совещательных органов под председательством:

      1) Премьер-Министра – первые руководители государственных органов;

      2) заместителей Премьер-Министра, Руководителя Аппарата Правительства – не ниже заместителей первых руководителей государственных органов, руководителей аппаратов государственных органов;

      3) членов Правительства – не ниже руководителей структурных подразделений государственных органов.

      С учетом целей и задач, возлагаемых на образуемый консультативно-совещательный орган, в его состав включается руководитель соответствующего структурного подразделения Аппарата Правительства.

      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 17.03.2023 № 236 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Не допускается образование консультативно-совещательного органа с целями, идентичными или схожими с целями уже действующего консультативно-совещательного органа.

Глава 3. Порядок деятельности консультативно-совещательного органа

      12. Периодичность проведения заседаний консультативно-совещательного органа определяется его положением или руководителем рабочей группы.

      13. В целях обеспечения планомерной работы до истечения текущего календарного года решением консультативно-совещательного органа утверждается план работы на предстоящий год, формируемый рабочим органом.

      Секретарь обеспечивает контроль за выполнением плана работы.

      14. Работа консультативно-совещательного органа основывается на коллегиальном обсуждении вопросов и выработке рекомендаций и предложений.

      15. Организация заседаний консультативно-совещательного органа состоит из следующих последовательных действий:

      1) за 3 (три) рабочих дня до запланированной даты проведения заседания секретарем или рабочим органом членам консультативно-совещательного органа направляются в цифровом формате при помощи электронного календаря приглашение, повестка и необходимые материалы, без направления официальной телефонограммы. Телефонограмма используется в исключительных случаях (при отсутствии технической возможности приглашения в цифровом формате).

      Вопросы в повестку включаются в соответствии с целями и задачами, поставленными перед консультативно-совещательным органом;

      2) члены консультативно-совещательного органа в течение 1 (один) рабочего дня подтверждают свое участие или неучастие (с указанием причин) на предстоящем заседании;

      3) определяется кворум предстоящего заседания.

      Заседание считается правомочным, если на нем присутствует не менее двух третей об общего числа членов консультативно-совещательного органа. При отсутствии кворума заседание переносится на срок не более 5 (пять) рабочих дней.

      16. Заседание в приоритетном порядке проводится с использованием видеоконференцсвязи и доступных онлайн-сервисов.

      Заседание в очном формате проводится в случае рассмотрения вопросов, содержащих служебную информацию ограниченного распространения или государственные секреты, а также при отсутствии технической возможности. При этом члены консультативно-совещательного органа обеспечивают свое личное участие на заседании.

      При смешанном режиме используется очный формат с одновременным использованием видеоконференцсвязи и доступных онлайн-сервисов.

      17. Учет принимающих участие в заседании членов консультативно-совещательного органа осуществляется секретарем.

      18. Руководит заседанием председатель (руководитель рабочей группы), в случае его отсутствия – заместитель председателя.

      Председатель (руководитель рабочей группы) определяет регламент проведения заседания (длительность выступлений и докладов, порядок выступления докладчиков).

      Каждый из членов консультативно-совещательного органа имеет право на выражение своей позиции по вопросам повестки дня.

      19. Решения консультативно-совещательного органа принимаются открытым или закрытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества принявших участие на заседании членов консультативно-совещательного органа. Члены консультативно-совещательного органа при принятии решений обладают равными голосами. В случае равенства голосов голос председателя (руководителя рабочей группы) является решающим. Секретарь не обладает правом голоса.

      20. Голосование осуществляется в открытом или закрытом режиме.

      При закрытом голосовании обеспечивается анонимность волеизъявления члена консультативно-совещательного органа.

      21. Голосование проводится путем заполнения на заседании листа голосования (подпись в соответствующих полях), оформляемого по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам. Не допускаются одновременный выбор нескольких взаимоисключающих решений, а также незаполнение листа голосования. В таком случае голос члена консультативно-совещательного органа признается недействительным, о чем составляется акт в произвольной форме, подписываемый председателем и секретарем, который прилагается к листу голосования.

      Член консультативно-совещательного органа в случае наличия особого мнения заполняет соответствующее поле листа голосования, либо при большом объеме излагает на отдельном листе бумаги, прилагаемом к листу голосования.

      При проведении заседания в дистанционном или смешанном режиме члены консультативно-совещательного органа заполняют листы голосования, которые в течение 1 (один) рабочего дня направляются секретарю посредством системы электронного документооборота с подписанием электронной цифровой подписью или в случае отсутствия технической возможности – через служебную электронную почту.

      22. На основании подсчета голосов секретарь в течение 3 (три) рабочих дней формирует и согласовывает (при необходимости) проект протокола, к которому прикладывает справку, в которой отражает результаты голосования (поддержано/не поддержано), особое мнение (при наличии) каждого члена консультативно-совещательного органа, а также заключение о возможности подписания протокола.

      Секретарь несет персональную ответственность за правильность подсчета голосов и формирование проекта протокола.

      23. Единогласное принятие решений на заседании по вопросам повестки в последующем исключает необходимость согласования подготовленного протокола с участвовавшими членами консультативно-совещательного органа.

      24. В течение 1 (один) рабочего дня председатель (руководитель рабочей группы) подписывает протокол, который регистрируется секретарем и рассылается членам консультативно-совещательного органа. Выписки из протокола направляются тем заинтересованным лицам, которым в протоколе даются рекомендации.

      Решения, отраженные в протоколе заседания консультативно-совещательного органа, носят рекомендательный характер.

      25. Хранение протоколов и материалов к ним осуществляется рабочим органом или секретарем (рабочей группы) с учетом сроков хранения, установленных уполномоченным органом в области архивного дела и документационного обеспечения.

Глава 4. Упразднение консультативно-совещательного органа

      26. Консультативно-совещательный орган упраздняется распоряжением Премьер-Министра.

      27. Основаниями для упразднения консультативно-совещательного органа являются:

      1) выполнение возложенных целей;

      2) поручение Президента или Премьер-Министра.

      28. При наступлении обстоятельств, указанных в пункте 27 настоящих Правил, рабочий орган или секретарь разрабатывают проект распоряжения Премьер-Министра.

      29. Проект распоряжения Премьер-Министра, к которому прилагается подписанная секретарем справка-отчет, в установленном Регламентом Правительства порядке согласовывается с заинтересованными государственными органами и вносится в Аппарат Правительства для последующего внесения на подпись Премьер-Министру.

      В справке-отчете отражаются результаты проведенной работы, основания упразднения консультативно-совещательного органа.

      Сноска. Пункт 29 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 17.03.2023 № 236 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 5. Гласность деятельности консультативно-совещательных органов

      30. С учетом требований Закона Республики Казахстан "О доступе к информации" рабочий орган обеспечивает размещение информации о деятельности консультативно-совещательного органа на интернет-ресурсе государственного органа.

      31. Не допускается ограничение информации, связанной с деятельностью консультативно-совещательного органа, если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан.

Глава 6. Учет консультативно-совещательных органов

      32. Аппарат Правительства осуществляет учет образуемых и упраздняемых консультативно-совещательных органов посредством ведения реестра консультативно-совещательных органов (далее – реестр) по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      Ведение реестра осуществляется в установленном законодательством порядке, не допускающим внесения недостоверных данных, подмены, изъятий и иных неправомерных действий.

      Реестр размещается на официальном интернет-ресурсе Премьер-Министра и актуализируется в течение 3 (три) рабочих дней со дня образования или упразднения консультативно-совещательного органа.

      Сноска. Пункт 32 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 17.03.2023 № 236 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      33. При проведении Аппаратом Правительства анализа целесообразности образования нового консультативно-совещательного органа в обязательном порядке учитываются данные реестра.

      Сноска. Пункт 33 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 17.03.2023 № 236 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1
к Правилам образования,
деятельности и упразднения
консультативно-совещательных
органов при Правительстве
Республики Казахстан

Типовое положение о консультативно-совещательном органе

Глава 1. Общие положения

      1. _______________________________________________________________
      (наименование консультативно-совещательного органа) (далее – комиссия/совет)
      является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики
      Казахстан
      2. Целями деятельности консультативно-совещательного органа являются
      ______________________________________________________________________
                  (краткое описание целей деятельности)
      3. ____________________________________________________________________
      (наименование консультативно-совещательного органа) осуществляет свою
      деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами
      Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики
      Казахстан, а также настоящим Положением.
      4. Рабочим органом комиссии/совета является
      ______________________________________________________________________
                  (наименование государственного органа)
      5. Заседания комиссии/совета проводятся __________________________________
                              (указывается периодичность проведения заседаний)

Глава 2. Задачи комиссии/совета

      6. В рамках поставленных целей на комиссию/совет возлагаются следующие задачи:
      1) __________________________________;
      2) __________________________________;
      3) __________________________________.

Глава 3. Организация и порядок деятельности комиссии/совета

      7. Организация и порядок деятельности комиссии/совета осуществляются в соответствии с Правилами образования, деятельности и упразднения консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан.

  Приложение 2
к Правилам образования,
деятельности и упразднения
консультативно-совещательных
органов при Правительстве
Республики Казахстан
  Форма

Лист голосования

      членов консультативно-совещательного органа
___________________________________________________________

      Ф.И.О. (при его наличии), должность
      __________________________________________
      заседание №________ дата: ________

№ вопроса

Содержание вопроса

Проект решения

Решение члена консультативно-совещательного органа

поддерживаю

не поддерживаю

особое мнение (не заполняется, если решение поддерживается)

1

2

3

4

5

6

1.






      ____________________
            подпись

      Примечание: заполняется непосредственно на заседании консультативно-совещательного органа и передается секретарю для учета результатов голосования.

  Приложение 3
к Правилам образования,
деятельности и упразднения
консультативно-совещательных
органов при Правительстве
Республики Казахстан
  Форма

Реестр консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан

№ п/п

Наименование консультативно-совещательного органа

Рабочий орган консультативно-совещательного органа

Должностное лицо, которое возглавляет консультативно-совещательный орган

Цели и задачи консультативно-совещательного органа

Реквизиты акта об образовании и (или) упразднении консультативно-совещательного органа

1

2

3

4

5

6