Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы осы елдердің кеден қызметтері арасындағы ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 наурыз N 267

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. 1997 жылғы 18 қарашада Вашингтон қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі

арасындағы осы елдердің кеден қызметтер арасындағы ынтымақтастық пен

өзара көмек туралы келісім бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

          Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы осы

        елдердің кеден қызметтері арасындағы ынтымақтастық пен

                        өзара көмек туралы

                             Келісім


     (2000 жылғы 21 тамызда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары

                  бюллетені, 2001 ж., N 6, 54-құжат)


     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының

Үкіметі,


 
       кеден ережелерін бұзу тиісті елдердің экономикалық салық және

 

сауда мүдделеріне нұқсан келтіретінін ескере отырып,

     кеден баждары мен басқа да салықтарды дәл бағалауды қамтамасыз

етудің маңыздылығын назарға ала отырып,

     олардың кеден қызметтері арасындағы ынтымақтастықтың кеден

ережелерін бұзушылықты болдырмау жөніндегі қызметті анағұрлым

тиімдірек ететініне сене отырып,

     төмендегілер жөнінде келісті:


                        1-бап

             Терминдер мағыналарының анықтамасы


     Осы Келісімдегі терминдер:


 
       1. "Кеден заңдары мен ережелері" - кеден қызметтерінің тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне байланысты кедендік баждар мен басқа да салықтарға немесе тыйым салуларға, шектеулерге және тауарлардың мемлекеттік шекаралар арқылы өткізілуіне бақылау жасау жөніндегі басқа да осыларға ұқсас шараларға қатысты қабылдаған заңдары мен ережелерін білдіреді.
      2. "Кеден қызметтері" - Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Кеден комитетін, ал Америка Құрама Штаттарында - АҚШ Қаржы Министрлігінің жанындағы Кеден қызметін білдіреді.
      3. "Бұзу" - кеден заңдары мен ережелерін бұзудың кез келгенін, сондай-ақ осы заңдар мен ережелерді бұзуға қандай да болмасын талаптануды білдіреді.
 
                            2-бап
                      Ынтымақтастық аясы
 
      1. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес Тараптар өздерінің тиісті кеден қызметтерінің құзыры шеңберіндегі кез келген бұзушылықтың алдын алуда, тергеу мен жазалау ісінде бір-біріне көмектесу жөнінде келіседі.
      2. Осы Келісімге сәйкес өзара көмекке сондай-ақ олардың тиісті кеден қызметтерінің талап етілген жағдайда кеден баждары мен басқа да салықтарды дәл бағалауды қамтамасыз ететін барлық мүмкін ақпаратты беруі кіреді.
      3. Осы баптың 1 және 2-параграфтарымен көзделетін көмек өздерінің тиісті кеден қызметтерінің құзырындағы, мейлі ол соттық мейлі әкімшілік не тергеудегі істі қарау болсын, барлық процедураларды өткізу мақсатында көрсетіледі. Мұндай көмекке төменде келтірілген тармақтар: айыптың, жазалаудың, тәркілеудің және кеден заңдары мен ережелерін сақтауға бағытталған басқа да актілердің бағасын, мөлшерлерін анықтау, жіктеу жөніндегі тергеу, алайда тек бұлармен ғана шектеліп қоймайды.
      4. Тараптар кеден проблемалары саласына қатысты техникалық ынтымақтастық ісінде мүмкіндігінше бір-біріне ауқымды көмек беру жөнінде келіседі. Мұндай көмекке төменде келтірілген тармақтар:
      а) кеден қызметкерлерінің мамандандырылған дағдыларын дамыту ісінде оқыту және жәрдем беру;
      ә) жолын кесу техникалық құралдарын және анықтау техникасын пайдалануға қатысты ақпаратпен және тәжірибемен алмасу;
      б) бұзушылықтардың жолын кесу мен анықтау ісінде кеден мәселелері саласында бай тәжірибесі мен танымы бар сарапшылармен алмасу;
      в) кеден заңдарына, ережелері мен процедураларына қатысты кәсіби, ғылыми және техникалық мәліметтермен алмасу;
      г) Тараптар орынды деп есептей алатын техникалық ынтымақтастықтың кез келген өзге де түрлері кіреді, алайда тек олармен ғана шектеліп қоймайды.
      5. осы Келісім қазіргі таңда Тараптардың арасында орын алып отырған өзара көмектің нысандарын кеңейту мен толықтыруға бағытталған. Осы Келісіммен көзделіп отырған кез келген көмекті сол немесе екінші Тарап өздерінің ішкі заңдары мен ережелерін сақтай отырып көрсететін болады.
 
                            3-бап
             Құпиялылықты сақтау бойынша міндеттемелер
 
      1. Өзара көмектің нәтижесінде алынған ақпарат, құжаттар мен басқа да мәліметтер, оларды соттық немесе әкімшілік іс қарауларда пайдалануды қоса алғанда, осы Келісіммен анықталатын мақсаттарда ғана пайдаланылады. Мұндай ақпарат, құжаттар мен басқа да мәліметтер өзге мақсаттарда оған оларды беретін Тараптың келісімі болған жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін.
      2. Сол немесе екінші Тараптың алған анықтамалары, ақпараты, құжаттары мен басқа да мәліметтерді оларды беретін Тараптың талабы бойынша құпия ретінде қаралуы тиіс. Бұл ретте мұндай талаптың себептері көрсетілуі тиіс.
      3. Осы Келісімнің негізінде берілген немесе алынған кез келген барлау мәліметтерін, құжаттары мен өзге де ақпаратты алған ел өзінің аумағында алынған осындай барлау мәліметтеріне, құжаттары мен өзге де ақпаратқа қатысты қолданатын ресми құпиялылық пен оларды жария етуді болдырмау шараларының дәрежесіне жатқызуы тиіс.
 
                          4-бап
                Өзара көмектен шығарылғандар
 
      Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындау өзінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, ішкі саясатына немесе ұлттық мүдделерінің өзге де маңызды салаларына нұқсан келтіруі мүмкін деп ойласа, көмектен бас тартылуы немесе сұрау салуды орындау белгілі бір шарттар немесе талаптарды қанағаттандыруға байланысты жүзеге асырылуы мүмкін.
 
                          5-бап
            Көмек туралы сұрау салудың нысаны мен мәні
 
      1. Осы Келісімнің негізінде жасалынған сұрау салулар жазбаша түрде берілуі тиіс. Сұрау салуға осы сұрау салуды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар қоса тіркелуі керек. Егер сұрау салу төтенше жағдайда жасалынатын болса, оның ауызша нысанда қабылдануы мүмкін, алайда

 

мұндай сұрау салуды жазбаша растау мүмкіндігінше тезірек жасалуы керек.

     2. Осы баптың 1-параграфының негізінде жасалынған сұрау

салуларда келесі ақпарат болуға тиіс:

     а) сұрау салып отырған орган;

     ә) тексерудің сипаты;

     б) сұрау салудың мақсаты мен себебі;

     в) егер белгілі болса, тексеруге мүдделі Тараптардың аты-жөндері мен

мекен-жайлары;

     г) істің мәні және оған байланысты заңды жағдаяттар туралы қысқаша

суреттемесі.

                         6-бап

                   Байланыс арнасы


     1. Көмек Тараптардың тиісті кеден қызметтерінің басшылары

тағайындаған лауазымды адамдардың арасындағы тікелей байланыс жолымен

жүзеге

асырылады.


 
       2. Сұрау салуға жауап беру сұрау салынатын Тараптың кеден қызметінің құзырына кірмейтін жағдайда ол осы сұрау салуды тиісті құзыретті ұйымға жіберуге тиіс.
 
                          7-бап
                   Сұрау салуды орындау
 
      1. Сұрау салынатын кеден қызметі сұрау салуды орындауға қажетті ресми құралдарды табу үшін бар күш-жігерін салуға тиіс.
      2. Сұрау салатын Тараптың өтініші бойынша бірінші немесе екінші Тараптың кеден қызметі сарапшыларды, куәларды және кеден ережелері мен нұсқауларын бұзуда күдікті адамдарды сұрауды қосқанда өз құзыры шегінде қажетті тергеуді жүргізеді немесе ақпараттарды жинай алады.
      3. Сол немесе екінші Тараптың кеден қызметі екінші Тараптың өтініші бойынша олардың кеден қызметтерінің құзырына кіретін және осы Келісімнің күші жүретін істерге қатысты фактілерді анықтау мақсатында тексеруді және тергеуді жүргізе алады.
      4. Сұрау салу бойынша сұрау салынатын Тарап сұрау салатын тараптың лауазымды адамдарына байланыстырушы ретінде пайдалану үшін өз аумақтарында болуға рұқсат бере алады және, егер бұл орынды деп саналса, көмек туралы осы сұрау салуға қатысы бар кез келген ақпаратты немесе жәрдемді бере алады.
      5. Тараптардың бірінің белгілі бір процедуралардың өткізілуі туралы сұрау салуы сұрау салынатын Тараптың заңдарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
      6. Сұрау салатын Тарап, талап бойынша, салынған сұрауға жауап ретінде жүзеге асырылып жатқан акцияның өткізілуі уақыты мен орны жөнінде осындай акцияны келісу үшін хабарлануға тиіс.
      7. Сұрау салудың қанағаттандырылуы мүмкін болмайтын жағдайда сұрау салатын Тарап осы жөнінде дереу хабарлануы керек, бұл ретте бас тартудың себептері көрсетілуі тиіс.
      8. Осы баптың негізінде жасалынған көмек туралы кез келген сұрау салудың орындалуы сұрау салынатын Тараптың заңдары мен ережелеріне сәйкес келуге тиіс.
 
                              8-бап
                  Істер, құжаттар және куәліктер
 
      1. Істердің, құжаттардың және басқа да материалдардың түпнұсқалары көшірмелерінің өзі жеткіліксіз болатын жағдайларда ғана талап етілуі мүмкін. Арнайы сұрау салу бойынша осы істердің, құжаттардың және басқа да материалдардың түпнұсқаларының көшірмелері тиісті түрде куәландырылуға тиіс.
      2. Істердің, құжаттардың және басқа да материалдардың берілген түпнұсқалары алғашқы мүмкіндік болған кезде-ақ қайтарылуы тиіс; бұл ретте осы жағдайға қатысы бар сұрау салынатын Тараптың немесе үшінші тараптың құқықтарына қысым көрсетілмеуі тиіс.
      3. Бір Тараптың кеден қызметі өз қызметкерлеріне екінші Тараптың кеден қызметінің талабы бойынша екінші Тараптың аумағындағы әкімшілік және соттық іс қарауларға куәлардың жауабын беруге, сондай-ақ істі қарау үшін маңызды болып табылса, істерді, құжаттарды және басқа да материалдарды немесе олардың куәландырылған көшірмелерін ұсынуға өкілеттік беруге тиіс.
      4. Сұрау салынатын Тараптың келісімімен сұрау салатын Тараптың тағайындаған арнайы лауазымды адамдарына сұрау салынатын Тараптың қызметтеріндегі бар іске қатысты кітаптарда, жазу журналдарында немесе басқа да құжаттарда немесе архивтерде анықтамалар алуға, олардың көшірмелерін түсіруге немесе осы бұзушылыққа қатысты кез келген ақпаратты алуға рұқсат етілуі мүмкін.
 
                       9-бап
                     Шығыстар
 
      1. Тараптар куәлардың шығыстарын, мемлекеттік қызметте тұрмайтын куәлардың, сарапшылардың кеңесі мен аудармашылардың жұмысына ақы төлеуді қоспағанда, осы Келісімге жататын процедураларды жүзеге асырумен байланысты шығыстарды өтеуге қатысты шағымданулардан бас тартады.
      2. Куәларды, сарапшылар мен аудармашыларды тасымалдау мен шығыстарына кететін ақыны сұрау салатын Тарап өтеуі тиіс.
      3. Сұрау салуды орындау айтарлықтай шығыстарды талап еткен немесе олар төтенше сипатта болған жағдайда Тараптар өз арасында ақы төленетін нысан сияқты бұл сұрау салудың орындалуы мүмкін шарттары мен тәсілдері туралы келісуге тиіс.
 
                           10-бап
            Ынтымақтастықты жүзеге асыру кезіндегі ерекше
                          жағдайлар
 
      1. Кеден қызметтері сұрау салулар бойынша екінші Тараптың аумағынан әкелінген тауарлардың бірінші Тараптың аумағына заңды түрде әкелінген-әкелінбегендігі туралы бір-біріне хабарлауы қажет. Сұрау салулар бойынша ақпараттар тауарларды кедендік ресімдеу үшін пайдаланылатын кеден процедурасын қамтуы тиіс.
      2. Бір Тараптың кеден қызметі екінші Тараптың кеден қызметінің сұрау салуы бойынша өз мүмкіндіктеріне қарай:
      а) сұрау салатын Тарап аумағында ережелерді бұзу мақсатында пайдаланылғаны күдік тудыратын көлік құралдарына;
      ә) сұрау салатын Тарап жасырын сауда объектісі ретінде анықтаған, осы елге арналған тауарларға; және
      б) Тарап ереже бұзушылықтарда анықтаған немесе күдіктенетін жеке тұлғаларға ерекше бақылауды жүргізеді.
      3. Екі Тараптың да кеден қызметтері сұрау салу бойынша екінші Тараптың аумағында ережелерді бұзуға әкеліп соғуы мүмкін қызметке қатысты қолындағы бар ақпаратты бір-біріне беруге тиіс.
      4. Екінші Тараптың экономикасына, тұрғындарының денсаулығын сақтау ісіне, қоғамдық қауіпсіздігіне немесе өмірлік мүдделерінің басқа да қандай да бір саласына айтарлықтай зиян келтірілуі жөнінде сөз болуы мүмкін жағдайда мұндай ақпараттар, тіпті оған сұрау салу түспесе де берілуге тиіс.
      5. Екі тараптың да кеден қызметтері сұрау салу бойынша тауарларды тасымалдау мен тиеуге қатысты, осы тауарлардың құнын, орналасуы мен апарылатын жерін көрсететін құжаттарды бір-біріне беруге тиіс.
 
                                11-бап

 

                     Келісімді жүзеге асыру


     Америка Құрама Штаттары Қаржы министрлігінің жанындағы Кеден

қызметі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы

Кеден комитеті осы Келісімге байланысты мәселелер бойынша өзара

тікелей қатынаса алады және консультациялардан соң, осы Келісімді

жүзеге асыру бойынша әкімшілік актілерін шығарады, сондай-ақ осы

Келісімді түсіндіруде немесе қолдануда пайда болатын проблемаларды

немесе күмәндерді өзара келісе отырып шешу үшін барлық күш-жігерлерін

жұмылдырады.


                             12-бап

             Келісімнің күшіне енуі және қолданыс мерзімінің

                             аяқталуы



 
       1. Осы Келісім Тараптар оның күшіне енуіне барлық қажетті заңды ішкі мемлекеттік процедуралардың орындалғаны туралы дипломатиялық ноталарды алмасу жолымен бір-бірін хабардар еткен күннен кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енеді.
      2. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап бесінші жылдың соңында Тараптар оны қайта қарау мақсатында, егер Тараптар жазбаша түрде қайта қараудың қажеттілігі жоқ екендігі туралы бір-бірін хабардар етпесе, кездесуге уағдаласады.
      3. Осы Келісім дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабар беру

 

жолымен осындай хабар жіберілгеннен кейін алты айдан соң өзінің күшін жоя

алады.

     Мұны куәландыру үшін, өз үкіметтерінен тиісті түрде өкілеттік

алған төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.

     Вашингтон қаласында 1997 жылғы 18 қарашада әрқайсысы қазақ және

ағылшын тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші

бірдей.

     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтығы туындаған

жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.


     Қазақстан Республикасының            Америка Құрама Штаттарының

           Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін


     Мамандар:    

       Қобдалиева Н.

       Омарбекова А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады